Музыкалық тәрбие. 5-сынып

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 559
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 29/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20270


Музыкалық тәрбие
МУЗЫКА – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Ол адамның өзін-өзі тануына көмектесетін, бір мақсатқа бағыттай алатын, олардың эмоциялық сезіміне ерекше әсер ететін құдіретті күш. Мектепке келгеннен бастап, ұлттық ән-күйімізді тыңдап қана қоймай, орындап үйрену арқылы оқушының бойында ұлттық сезім қалыптаса бастайды. Музыкалық тәрбиенің адамзатқа тигізетін пайдасының зор екенін оқушының санасына сіңіре білу – ол мұғалімнің көптеген жылдардағы ізденісінің, шеберлігінің нәтижесі. Тек қана дәстүрлі ән айту, музыка тыңдату арқылы оқушының бойындағы музыкалық қабілетті дамыта алмаймыз. Заман талабына сай сабаққа жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер енгізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята аламыз. Сондай жаңалықтың бірі – «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы. Бұл технологияның 3 негізі арқылы (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңі) өздігінен барлық мәселелерді шеше алатын жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз. Жаңа технологияны меңгеру – интеллектуалдық, кәсіби шеберлігін, рухани, азаматтық және басқа да адами тұлғасына, келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. ОТО технологиясын оқып үйрену арқылы осы жобаның жалпы философиясын түсініп, өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдана бастадым. Әрине, музыка сабағына байланыстыру үшін көп ізденуге тура келді. «Кубизм», «Ішіне-сыртына», «Венн диаграммасы» , «Б. Блумның сұрақ қою өлшемінің 6 сатысы», семантикалық карта, тірек сигналдары, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақтардың тақырыбына, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай тиімді қолдану арқылы олардың шығармашылықтарын дамытып отырамын. Сонымен бірге көп жылғы іс-тәжірибелерімнің нәтижесінде музыкалық-дидактикалық ойындарды сабақтарда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың музыкалық сауаттылығын жетілдіруге күш саламын. Мысалы, «Қай құс шырқайды?», «Саржайлау», «Ақсүйек», «Кімнің дауысы?», «Қай аспаптың дауысы» сияқты ойындар арқылы оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі әдіс-тәсілдерді топқа бөліп, алдыма қойған мақсатыма жетемін. Музыка сабағында жаңа ақпарат құралдарын пайдалану арқылы көп жетістіктерге жетуге болады. Қазіргі таңда облыс мектептері интерактивті тақталармен қамтамасыз етілуде. Келешекте осы интерактивті тақталарға музыка пәніне толыққанды пайдалану үшін халықтық музыка элементтері енгізілсе дұрыс болар еді. Қазақ халқының әндері мен күйлерін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша тыңдату арқылы ұлттық музыканы санасына сіңіре аламыз. Сондай-ақ қолда бар «Елім-ай» бағдарламасы бойынша берілген электронды оқулығы бойынша оқушыларға дәстүрлі халық музыкасынан және аспаптық, вокалдық, кәсіби музыкадан көп мағлұматтар беріп, музыкалық шығармаларды тыңдата аламыз. Бірақ бұл бағдарлама білім стандартына кірмегендіктен оны толыққанды пацдалану мүмкін болмай отыр. Электронды оқулық арқылы оқушы өз бетінше оқып үйренуіне мүмкіндік туады. Музыка пәні мұғалімі уақыт талабына сай жаңа ағымдағы өзгерістерді үнемі бақылап, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен қаруланып отыруы керек десек, келешекте «Атамұра» бағдарламасы бойынша да электронды оқулық шығарылып, қолданысқа енсе, нұр үстіне нұр! Қазіргі технологияларды қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Мектеп оқушыларына музыкалық білім мен тәрбие беруді тек музыка сабағында ғана шектеліп коймай, қабілеттеріне қарай шығармашылықтарын дамытып отыру – пән мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қосымша үйірме жұмыстары арқылы дамытып отыру музыкалық тәрбие жұмысында өз жемісін береді. Балалардың әндері оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады. Ән-әуен арқылы дүниені танып білу – адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыс, осылардың барлығы ән арқылы, музыка арқылы балалардың сана-сезімдері тез қабылдап, ой-өрісінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде шығармашыл мұғалім өз ойын ашық айта алатын, дамушы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Шығармашыл әрекетте мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін көрсете отырып, жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндік алады.
Каирова Гульнар Бейсенбековна №21 орта мектептің музыка пәні мұғалімі. Гүлдала ауылы Тәрбие.орг сайтынан Музыкалық тәрбие. 5-сынып Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каирова Гульнар Бейсенбековна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі Музыка пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar