Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Музыканың бастауы халық әуені .
  • 15.08.2016
  • 363 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19347

[size=22]Алматы облысы,Панфилов ауданы ,Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы
2 сынып Музыка Сабақ №29 Күні -------------
Сабақтың тақырыбы: Музыканың бастауы халық әуені .
Сабақтың мақсаты :Халық әуендері туралы оқып танысу ,айтып үйрену.
Сабақтың міндеті: 1)Халық әуені туралы түсініктерін кеңейту ,музыканы терең түсінуге баулу ;
2)Халық әндерін орындауға машықтандыру , орындаушылық шеберліктерін шыңдау. 3)Халық әуендерін айта білуге ,ұлтымыздың дәстүрлерін қадір тұтуға баулу, эстетикалық талғамын көтеру, тәрбиелеу .
Сабақтың әдісі: Дауыс ашу ,ән айту , музыка тыңдау ,әңгімелеу, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекілігі: Музыкалық аспап, үнтаспа ,суретті көріністер т.б.
Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялық тренинг ( екпінтете ,мақамдап айту)
Өлең айтып күй тыңдап , Өнермен өссін санамыз .Оқу оқып сусындап ,Білімнен бақыт табамыз.
2)Үй тапсырмасын тексеру(«Ақбұлақ »әнін жатқа орындату ,балалардың әнге қызығушылығын ояту үшін : жеке ,дуэт,трио,квартет,хормен орындатып пысықтауға болады.Құрастырған сөзжұмбақ ,ребустарын тексеру )
3)Жаңа сабақ .

Халық әні Халық күйі
«Әу демейтін қазақ жоқ» дейді халықта .Қазақ халқы ән айтуға құмар ,өнерді ерекше қадірлейді . Халық әні деп ертеде шығып ,халық арасына кең тарап кеткен ,оның өмірі мен тіршілігін ,арманы мен мұңын паш еткен әндерді айтамыз .Халық әнінің де белгілі авторы болған .Уақыт өте келе әнді шығарушының аты ұмыт қалып ,ол халық әніне айналып кеткен .
Ән үйрену. «Бір бала » халық әнін тыңдау . «Бір бала » халық әнінде қазақ халқының өнер білімге деген ілтипаты лирикалық сезіммен бейнеленеді .Әннің екпіні орташа ,майда ырғақты .Ән фразалары кең тынысты . Әуенінде созылмалы ,лигамен біріктірілген буындар жиі кездеседі .Демді дұрыс,кең тынысты алып , дыбыс желісін әдемі жүргізу керек .
Музыка тыңдау. «Халаулайлым» халық әнін тыңдау . «Халаулайлым»-адамдардың бір—біріне деген сүйіспеншілігін ,табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын бейнелейтін халық әндерінің бірі .
Домбыра ойнау : «Еркемай» әнінің үшінші және төртінші буындарын ырғаққа салып үйрену.
Сергіту сәті : «Кел ойнайық» (Ырғақты қимыл жасату )
Сабақты қорыту : 1)Халық әндері біздің заманымызға қалай жеткен ?
2) «Халаулайлым»әнін тыңдағанда көз алдыңа қандай салт дәстүріміздің көрінісі келеді ?
Үйге тапсырма: «Бірбала » халық әнін жаттау. Ата ,әжелері орындап жүрген халық әндерін ,олардың аузынан параққа түсіріп жазып келу .
Сабақты бекіту ,бағалау . Тәрбие.орг сайтынан Музыканың бастауы халық әуені . Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абидоллаева Мерует Ашимовна

Алматы облысы Панфилов ауданы )ожбанбет би атында5ы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 363 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar