Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оң қолдың қойылымы және қою дыбыс шыгару жолдары.
  • 16.10.2016
  • 387 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19692

Сабақтың жоспары.
Ашық сабақ:
Пәні: Қобыз класы
Өтетін күні: 06.04.2015
Уақыты: 14 50
Оқушы: Құрмашева Гүлназ 1 кл.
• Сабақтың мақсаты: Алғаш аспап ұстап ойнауға оң қол қойылымы, ысқыш ұстауы, саусақ басу, жаттығулар ойнау, балалар шығармаларын ойнауға үйрету.
• Дамытушылық: Орындаушылық, тыңдаушылық, есте сақтау қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.
• Сабақтың түрі: Жеке сабақ.
• Көрнекілік: Қобыз аспабы, Күй сандық, Ноталық басылымдар, Суреттер, Кітаптарды тиімді пайдалану.
• Пәнаралық байланыс: Мамандық сабағы, Сольфеджио, Хор.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті.
А) Оқушының психологиялық дайындау
Ә) Қобыздың құлақ –күйін келтіру.
Б) Үйге не берілгенін сұрау?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ре-ля шегінде ысқыш жүргізу (П, V)
Ә) Ре мажор ойнау (1 октавада)
Б) Дәулеткерей «Қосалқа»
В) Белорус халық биі «Янка»

ІІІ. Жаңа тақырып: «Қобыз аспабында оң қол қойылымы»
А) Қобыз аспабы мен Ысқыштың құрылысы туралы
Ә) Оң қолдың қойылымы (ысқыш ұстау)
Б) Кітап басылымдарын қолдану.
В) Аспапта (практикалық) ойнап көрсету, ойнау техникасын өсіруге жаттығулар. Ойнауға қалыптастыру.

IV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.
VI. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру сәті.
А) Оқушының психологиялық дайындау
Ә) Қобыздың құлақ –күйін келтіру.
Б) Үйге не берілгенін сұрау?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ре-ля шегінде ысқыш жүргізу (П, V)
Ә) Ре мажор ойнау (1 октавада)
Б) Дәулеткерей «Қосалқа»
В) Белорус халық биі «Янка»

ІІІ. Жаңа тақырып:
«Қобыз аспабында қол қойылымы»
Негізгі мамандық сабағынан беретін мұғалім мамандық аспабын үйреткен уақытта оқушыны музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырады, оқушының музыкалық, теориялық білімін одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Оқытушы оқушыға талап қою арқылы шығармашылық ыждағатталыққа, жауапкершілікке саналы түрде тәртіппен қиыншылықты жеңуге, еңбек етуге баулиды.
Енді аспаптық музыка қобыз-прима мамандығы сабағын өткізудегі тәжірибеме тоқталамын. 1 класс оқушысымен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі: Олар бұрын аспапты ұстап көрмеген. Дайындығы жоқ болып келеді. Оқу жылының басында музыкаға бейімділігі бар балаларды қабылдағанмен олардың қабылдауы әртүрлі.
Алғашқы сабақтарды оқушының дұрыс отыра білуіне ерекше көңіл бөлемін. Қобыз үйрену отырудан басталады. Орындықтың алдыңғы жартысына отырып, қобызшы арқасын тік ұстауға тиіс. Аспапты екі тізенің арасына қойып, қысып ұстауды, қобыздың басын иектің сол жақ астына тіреледі.


Оң қолдың қойылымы.
Оң қолмен ысқышты дұрыс ұстап үйрену үшін бірқатар жаттығуларды алдын-ала жасау керек. Мысалы, қарындашты ысқыш орнына ұстап үйрену. Қарындашты оқушының саусақтарына дұрыс қойып, шынашақ ұшы қарындашқа тиіп тұруы керек, ал қарындаш бірінші саусақтың 1 және 2 фалангалар арасында тұруы керек (шынашақ ұшы-3 фаланга). Басбармақты ыңғайлы жеріне-сұқ саусаққа қарама-қарсы қойылады. Осындай алдын-ала жаттыққан соң ғана ысқышқа көшуге болады. Ысқышты оң қолдың барлық саусақтарымен бос (таяқшаны қатты қысудан аулақ болу керек)ұстау керек. Басбармақ жартылай бүгіліп, тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады. Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады, ал ысқыштын ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі. Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды, себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шаршағыш болады. Сондай-ақ басбармақтың үнемі бүгіліп тұрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғанда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Бұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқада таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез келген бөлігінде емін-еркін жылжуына байланысты. Егер басбармақты белгілі бір қалыбында (бүгілген және тік)ұстап қалса, онда барлық саусақтар өз қимыл-қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқада саусақтардың ысқыштағы емін-еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді. Осыдан келіп басбармақтың икемді және жұмсақ болып, таяқшаны қатты кыспауы қажет екенін білуге болады.
Ортаңғы саусақ басбармаққа қарсы екінші және үшінші фалангалар арасында таяқшаның сырт жағында жатуы керек; үшінші саусақ ысқыштың таяқшасында тырнақ тұсында жатады; сұқ саусақ таяқшада екінші және бірінші фалангалар арасында жатады. Сұқ саусақтың міндеті ішектегі ысқыш басылуының дәрежесін реттеу болып табылады.
Ысқыштың төменгі бөлігінде ойнаған кезде шынашақ дөңгеленіп келіп тырнақ тұсымен таяқшаның ұшына тиіп тұрады, демек ысқыштың салмағын бір қалыпта ұстайды, ал ысқыштың жоғарғы бөлігінде шынашақ түзуленеді (немесе таяқшаға тимейді).
Оң қолмен ысқышты жүргізгенде көбінесе иықты және иық сүйектерін көтеру киындау болады. Бұл әсіресе ысқыш соңында ойнаганда байқалады, бұған жол бермес үшін ысқышты дәл көлденең, қолдың табиғи қозғалысымен жүргізу керек. Тұтқа жағында ойнаған кезде иық және иық сүйектері толық түсіріліп және босатылуы қажет.
Алғашқы дыбыстарды сапалы шығаруда ашық ішекте оң қолмен ысқышты нық басып анық дыбыс шығаруға жаттығу жасатамы. Қарапайым ысқыш жүргізу жаттығуларының, ішектен-ішекке ауысу жаттығуларын дамытып отырудың пайдасы зор. Осыдан кейін сол қол саусақ басу жаттықуларына және аралықтарына кірісемін. Екі қол қойылымы жаттығуларының арқасынд қобыз аспабын игертемін. Осыдан кейін оқушыға өз жоспарына сай бағдарламасымен жұмыс жасаймын.
Мұғалім оқушыға өнер күнделікті еңбектенуді қажет ететіндігін, оның өз бетінше жұмыс жасауға, дағдылануға қалыптасуын қадағалап отыруы керек. Табиғаттан мұндай бағыт оқушыға берілмейді, ол уақыт өте келе қалыптасатын құбылыс.

IV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.
VI. Қортындылау. Тәрбие.орг сайтынан Оң қолдың қойылымы және қою дыбыс шыгару жолдары. Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Айдана Сабыржановна

Батыс Қазақстан Ақтөбе қаласы №1 Балалар музыка мектебі Прима қобыз аспабының оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 387 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar