Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Орыс халық музыкасы
  • 28.04.2016
  • 642 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18868

Қызылорда облысы Арал ауданы
Т. Г. Шевченко атындағы
№13 орта мектебінің ән- әуез пәнінің мұғалімі
Бимагамбетова Мейрмхан Пауадиновна

Пәні: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Орыс халық музыкасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу. Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу. Музыка тыңдау арқылы қоршаған ортадағы сұлулықты, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту. Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап ,ойын,талдау,ой-пікірлерін білдір,баяндау,ой түйіндеу. Құрал-жабдықтар, көрнекілік: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушка, маракастар,балалайка),баян,үнтаспа,скрипка кілті,слайдтар.

Сабақ кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру.
Қызығушылық
ты ояту:
( 2 мин)

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Сыныпты орыс халық аспаптарының суреттерімен 4 топқа бөліп отырғызу( гармонь, балалайка, бубен, маракас аспаптары)
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Сәлематсыз ба ? – ұстазымыз, Өнер – білімге құштармыз.» Кезекші оқушының есеп беруі.
Үй тапсырмасы бойынша жұмыс:
( 10 мин)
1.Қазақстанда қандай халықтар өмір сүреді?
2. Не себепті халықтар достығы мен бірлігі күні аталып өтеді?
3. Мерекенің ерекшелігі неде?

Оқушылар үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.
Негізгі бөлім:
Мағынаны тану
( 25 мин)

- Балалар менің қолымдағы не? (скрипка кілті)
- Ол не үшін керек? (ноталарды орналастыру үшін)
- Музыкада неше нота бар? (жеті нота)
- Нота аттарын білеміз бе? (до,ре, ми, фа,соль,ля, си)
-Ендеше ноталарды ретімен айтып дауыс жаттығуын жасап жіберейік. (2-3 рет орындау)
- Ал, енді балалар осы кілтпен ноталарды ашайық.
ДО нотасы – үй тапсырмасын сұрау.
РЕ нотасы - ән орындайық! («Отаным - Қазақстан» А.Исағұлова, 1-шумағы)
МИ нотасы – Жаңа сабақ. Сабақты бастамас бұрын музыка тыңдайық. – музыка бізге таныс па? Ол қалай орындалды? («Русский стиль» ансамблінің орындауында орыс халық музыкасынан попури тыңдату)
-Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады.Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық. – Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді) -Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? – Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар,бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз.Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз.Орыс музыкасы ежелгі Русь жерін мекендеген шығыс славян халықтарынан бастау алады. 9-ғасырда алғашқы орыс мемлекетінің құрылуына байланысты орыс халықтары бір жерге шоғырланып, өзінің тарихи мәдени ошағын қалыптастыра бастады. Ең ежелгі музыкалық аспабы- гусли. Ежелгі Русь жерінде халық арасынан әнші-сайқымазақ- скоромохтар – елді аралап ән айтып, жұрттың көңілін көтеретін адамдар шықты. Олар әрі әнші, әрі әртіс еді. Гусли аспабында орындаушыларды – гусляр, гудошник, үрмелі аспаптарда ойнаушыларды –свирцы деп атады. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар.
Қосымша частушка туралы мағлұмат беру және тыңдату.
ФА нотасы - а) музыка тыңдату. Орыстың халық әні «Во поле береза стояла»
СОЛЬ нотасы - ә) үйретілетін ән. А.Исағұлова «Отаным-Қазақстан» 2-шумағы.
ЛЯ нотасы - б) нота сауаты. Хоровод - шеңбер болып айнала билейтін орыстың халық биі. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Балалар ноталарды аттарымен айтып, дауыстарын жаттықтырады.

А.Исағұлованың «Отаным-Қазақстан» әнінің 1-ші шумағын орындайды.

Оқушылар топпен жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыка тыңдау ережелерін еске түсіреді.Музыканың көңілді және ойнақы, әрі әзіл-қалжыңға құрылғанын түсінеді.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Сабақты бекіту:
Ой толғаныс (5 мин) СИ нотасы – Шығармашылық тапсырма.
І-топ. «Гармонь» тобы. Хоровод билеу.
ІІ-топ. «Балалайка» тобы.«Частушка» орындау.
ІІІ-топ. «Бубен» тобы. «Веер» әдісімен тапсырма орындайды.
ІY-топ. «Маракас» тобы. «Бес жолды өлең» және «РАФТ» әдісімен түйіндеу.
Берілген шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа материалды қорытындылайды, берілген тапсырмаларды орындайды.
Бағалау:
(1мин)

ДО нотасы – Бағалау. Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
Үй тасырмасы:
(1мин)
1.Орыс халық музыкасын оқып келу.
2.Орыс халық аспаптарының суретін салып, бүктеме жасау.
3.Әнді жатқа орындау. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады
Рефлексия:
(1 мин) Кері байланыс .Оқушыларға екі түрлі сезімдегі смайликтер үлестіремін. Оқушылардың әрекеттерін бақылаймын. Егер, көңілсіз смайликті жабыстырса, себебін сұраймын. Сонымен қатар, келесі сабақта осы кемшіліктерді түзетуге тырысамын. Әр оқушы сабақ туралы пікірлерін смайликтерді жабыстыру арқылы көрсетеді. Тәрбие.орг сайтынан Орыс халық музыкасы Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бимагамбетова Мейрмхан Пауадиновн

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 642 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar