Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр,опера,кино

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1077
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 28/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18198


Жамбыл облысы
Тараз қаласы
Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр,опера,кино
Е. Г. Брусиловский.
Музыка сауаты: Опера,Ария
Сабақтың мақсаты: Жыр,опера,кино жанрлары туралы білім беру.
1. Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсымен таныстыру. «Қыз Жібек» шығармасына талдау жасап,визуалды айғақтар арқылы таныстыру.
2.Оқушыларды жыр,опера,кино жанрларымен таыстыру. Халық музыкасы туралы түсінік беру, ұлттық сезімін дамыту.
3. Оқушыларды өз елінің мәдениеті мен өнерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: «Қыз Жібек» шығармасын жыр,опера,кино жанрларында танып біледі. Топпен ,жұппен жұмыс жасауға дағдыланады
Сабақтың көрнекілігі: «Қыз Жібек» фильмінен үзінді,М Төлебаевтің Е.Брусиловскийдің,Ғ.Мүсіреповтың суреттері, А.Садықовтың жырлары ,интернет, үнтаспа,слайд,А 3формат,стикер,маркер,Видеоүзінді, «Қыз Жібек» фильмі.
Сабақтың әдісі: Сергіту сәті,мозаика әдісі мен топтастыру,талдау,кері байланыс парағы, музыкалық жаттығу,визуалды, талдау,ән айту,Постермен жұмыс, «Т» кестесі, визуалды әдіс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі:
сыныпта ынтымақтастыру атмосферасын орнату.
«Топтастыру»
«Тәжім» етіп сәлемдеседі.
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен сабақты ашу
II-Өткенді пысықтау: Ой шақыру стратегиясы «Абай» топтастыру
Жаңа сабақа кіріспе: «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсету.
Жаңа сабақ: Мағынаны тану:
(Оқушылар «Жыр,опера, кино» тақырыбында ассоцация құрады)
Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.
Музыка сауаты.
Опера - сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы - драмалық шығарма.
Ария - белгілі кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.
• «Қыз Жібек»операсының қысқаша мазмұнымен таныстыру.
• Операда Жібектің бейнесін ашатын ән - Ыбырайдың әні «Гәкку» Ы. Сандабайұлымен қысқаша таныстыру.
Ән тыңдау. (үнтаспадан)
*М. Арынбаевтың орындауында Ыбырайдың «Гәкку»әні.
*Жергілікті дәстүрлі әнші А. Садықовтың орындауында «Қыз Жібек»жырынан үзінді тыңдау.
Визуалды айғақтар: «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсету.
Ән айту: Ыбырай«Гәкку»
Сабақты бекіту. «Ой қозғау»:
«Жеті саз» тапсырмасы бойынша
«До» - Е. Г. Брусиловский қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
«Ре» - Қандай шығармаларын білесіңдер?
«Ми» - Опера дегеніміз не?
«Фа» - Ария деген не?
«Соль» -«Қыз Жібек»операсы неше бөлімнен тұрады?
«Ля» - Операның либреттосын жазған кім?
«Си» - Жібектің бейнесін ашатын қай ән? Әннің авторы кім?
VIII -Қорытынды: «Кері байланыс» «БҮҮ»
IX – Оқушыларды бағалау.Оқушыларды сабақтың соңында суммативті (жиынтық) бағалау.
X Үйге тапсырма беру. Шығармашылық іздену Тәрбие.орг сайтынан Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр,опера,кино Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенкулова Дарига Махамбетовна

Жамбыл облысы Тараз қаласы №16 орта мектебі Музыка пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar