««Төкпе күй дәстүрі» тақырыбын түсіндіру барысындағы жұмыс түрлері»

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 308
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 17/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23182


«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»
Атырау музыка колледжі
«Қосымша білім берудің музыка бағытында (домбыра) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы біліктілігін арттыру республикалық курсы.

Оқытушы: І санатты оқытушы Темирбаева Н.Ж.
Пән: Этносольфеджио
Өтетін күні, уақыты: 12.05.2015ж.15.20с. - 90мин.
Бөлімі, курс, тобы: «Халық аспаптар» бөлімінің 3a тобы.
Сабақтың тақырыбы: ««Төкпе күй дәстүрі» тақырыбын түсіндіру барысындағы жұмыс түрлері»
Сабақ жоспары:
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі:Дәстүрлі төкпе күй мектебінің ерекшеліктері жөнінде теориялық және тәжірибелік білімді бекіту, арнаулы музыкалық дағдыларын дамыту, дүниетанымын кеңейту;
b) тәрбиелілігі:тұлғаныжан-жақты құрметтеуге тәрбиелеу, мәдени түсінігін ұлғайту, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, өнерсүйгіштікке, мәдениеттілікке баулу;
c) дамытушылығы: Студенттердің ой-сезімін дамытып, сөздік қорын байыту, аналитикалық қабілеттерін және қисынды ойлауды дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі және дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: білімді бекіту /панорамалық/
Сабақтың әдісі:
 СТО ақпараттық интерактивтік оқыту технологиясы бойынша «Қуаныш шеңбері» стратегиясы
 Модульдік оқыту технологиясы бойынша интерактивтік баламалы жауабы бар тестілеу
 Дәстүрлі тәжірибелік әдістер: кестені толтыру
 СТО «Шабандоз бен арғымақ» стратегиясы
 СТО «Стикердегі жазулар», «Хабарланбаған тақырып» стратегиялары
 Дәстүрлі тәжірибелік әдіс: күйді талдау
 Дәстүрлі көрнекілік әдіс: өз жанынан шығарған күй аңызын түсіндіріп, күйді орындау
 Дәстүрлі сөздік әдіс: түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: тақта, бейне материал, оқулықтар, ноутбук, мультимедиа проектор, презентация, үлестірмелі материал.
Пәнаралық байланыс:«Негізгі музыка теориясы», «Мамандық», «Домбыра аспабын үйрету әдістемесі», «Орындаушылық өнер тарихы», «Қазақ тілі», «Қазақстан тарихы», «Қазақ музыка әдебиеті», «Музыкалық шығармаларын талдау», «Композиция».
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.
2. Білім бекіту. Теориялық-тәжірибелік тапсырмаларды орындау.70мин
3. Бағалау. 2-3мин
4. Үйге тапсырма.2-3мин
5. Рефлексия. 1-мин

Курсқа қатысушы тыңдаушылармен пікірталас - 11-12мин

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1.«Қуаныш шеңбері» стратегиясы. Мақсаты – топта психологиялық жағымды атмосфераны қалыптастыру.Топ студенттерін «1-2» санап, екі топқа бөлу. Олар ортаға шығып, екі шеңбер құрып /ішкі және сыртқы/, бірімен бірі қол беріп амандасып, қуаныш пен шабыт тілейды. Кейін орындарына жайғасады. 1мин
1.2. Студенттерді тізім бойынша түгендеу, олардың сабаққа дайындығын анықтау (оқу құралдары мен аспаптары).1 мин.
2. Білім бекіту.
2.1. «Төкпе күй дәстүрінің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша интерактивтік тест. /MS Excel 2007/ 5мин.
2.2. «Төкпе күй дәстүріндегі оң қол қағыс түрлері» тақырыбы бойынша тақтаға шығып, кестені күйлердің атауларымен толтыру. Топтық жұмыс. 3 мин.
Қара қағыс Ілме қағыс







2.3. Берілген ырғақ түрлеріндегі күй атауларын жазу. Топтық жұмыс.3мин.
Біркелкі ырғақ Ақсақ ырғақ

Орама ырғақ Теріс ырғақ

2.4. Ырғақ, қағыс, күйдің құрылысы бойынша теориялық білімін тексеру. «Шабандоз бен арғымақ» стратегиясы. Мақсаты - Мәтін мазмұнына сәйкес өз жұбын тауып алу. Студенттер алдына мәтіннің екі бөлігі қағазда қиылып ұсынылады. Мәтін бар жағы төмен қарап жатады. Әр студент қалаған мәтін бөлігінің жұбын табу қажет. Жеке топық жұмыс. 5-6мин.
Белгіленуі Аталуы
Алма-кезек қағыс



2.5. «Стикердегі жазулар» мен «Хабарланбаған тақырып» стратегиялары
бойынша төкпе күй мектебінің дәстүрлі жанрларын анықтау, сипаттама беру. Жұп алдына стикерде жазылған белгілі жанр беріледі.
Тапсырма:
1. Берілген жанрда белгілі күйді сағаға дейін орындау. Калған топ студенттері оның жанрын ажыратады.
2. Атаулы жанрға сипаттама беру, мысалдарын келтіру ./Ауызша./ Жұптық жұмыс. 15мин.
2.6. Күй талдау. Топ студенттерін «1-2» санап, екі топқа бөлу. 1-ші топ Құрманғазы "Аман бол, шешем, аман бол", 2-ші топ Қазанғап «Көкіл» күйлерін жоспар бойынша талдайды. 3мин.
Төкпе күй талдау жоспары: /мысал/
№ Затаевич А. «Қазақ музыкалық фольклоры» жинағынан «Кеңес» күйі
1 Күйлердің беттері 297
2 2 3
3 Күйдің құлақ бұрауы d - g
4 Тұрақты тірегі. Кілт белгісі d – g;
b – e
5 Қағыс құрылысы Қара қағыс, Түйдек қағыс
6 Композициялық құрылысы Мәтіндер жинағы
7 Әуен өзегі Ауқымды әуен, алдымен «d» ішегінде, кейін «g» ішегінде өрбиді
8 Әуеннің даму барысы Қайталау, жаңарту, секвенциялық даму
9 Дыбыс қатары «d» ішегіндегі әуен «d-a» аралығын қамтиды; «g» ішегіндегі әуен b1-es2 кварта аралығын қамтиды
10 Аппликатура әдісі Негізгі аппликатуралық тәсіл (НАТ) сақталады.
11 Екпіні Ұстамды, біркелкі
12 Ырғағы Жай ырғақ сегіздік, он алтылық
13 Өлшемі Ауыспалы
2/4; ¾; 3/8;
14 Көлемі Ықшам

2.7. Сергіту сәті «Массаж». Студенттер шеңберді құрып, біріне-бірі арқасын беріп тұрады. Әр қимылды – 3рет қайталау :«Ана сипайды», «Әке қағады», «Ана сипайды», «Ит тістейды», «Ана сипайды», «Мысық тырнайды», «Ана сипайды». 3мин.
2.8. «Аңыз күйлерді орындау»атты жұмыс түрі. Дәстүрлі аңыз айтып, күй орындаумен қатар тағы да басқа шығармашылық жұмыс формасын пайдаланғаны жөн. Ол күйдің аңызын өзгертіп, оны өз жанынан шығару. Яғни, күйдің мақамын қалдырып, оған сәйкес келетін аңыз мәтінін шығару. 2-3мин.
Мысалы: «Ақсақ құлан» - «Ақсақ Темір». Орындайтын – Кубаев А.
2.9. Импровизация шығару. Төкпе күй дәстүрінде импровизация бірнеше тәсіл арқылы шығарылады: күйдің формасына сәйкес/бас буын, ортаңғы буын, кіші және үлкен саға/, белгілі ырғақ суретіне, күйші стиліне, мектеп түріне, белгілі қағысқа, жанрға сәйкес.
Мысалы: 1. Аудиоматериал. «Халық аспаптар» бөлімі 3а топстуденттерінің шығарған импровизация үлгілерін тыңдау. Үлгілер Sibelius 6.02 бағдарламада жазылған.2. Бейне материал.
15-17 мин.
3.0. Келесі жұмыс түрі «Музыкалық диктант». Бұл жұмыс формасы өте маңызды болып келеді. Диктант тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, белгілі күйді МР3форматында жіберіп, немесе топ студенттерінің біреуі орындап отырып жаздырту. Мұнда буын-буынмен, яғни өтіпжатқан тақырыпқа сәйкесбелгілі бір музыкалық фразаны орындап беруге болады. Немесе, өз жанынан шығарған импровизация тақырыбын де алуға болады. Орындаушы топ студенттеріне теріс қарап отырады, 10-12 рет орындайды. Сол мезгілде дикатант жазылып болу керек. Алдынала мектеп түрі, стилі, қағыстары,күй формасы, лад, ырғақ, өлшем, т.б. музыкалық бейнелеу құралдарын анықтап талдау қажет етіледі.2-3мин.
3.1. Естігенды анықтау жұмыстың бір түріне «Күй тартыс»-ты да жатқызуға болады. Мұнда күй тартыстың екі түрін қолдануға болады:
1. өз жанынан жаңа күй тақырыбын шығару.
2. қазір естілген күйді, импровизацияны айнытпай қайталап беру.
1-2мин.
3.2. Аннотация жазу, яғни сабақ барысында пайдаланып жүрген оқу-әдістемелік құралдарды сараптап, оларға аннотация беру. Мақсаты - әр студент - болашақ маман, ол оқу-әдістемелік құралдарды тани ілу міндет, қай кітапта қандай шығарма, күй бар екені немесе күйшінің өміржолы мен шығармашылығы қандай әдебиетте табылатынын білгені абзал.
Аннотация жоспары:
1. Кітаптың аталуы?
2. Авторы(лар), редакция құрамы, бас редактор
3. Қай жылы, қандай баспадан жарыққа шықты?
4. Қай том, бөлім, нұсқасы?
5. Неше беті бар?
6. Бұл кітапты неге, қандай тақырыпқа арналған?
7. Неше, қандай тараудан тұрады, қосымшасы бар ма?
8. Тараулардың тақырыбы, мазмұны қандай?
9. Кітап кімге арналған (оқу орны)?
10. Оқу құралы, әдебиет пе?
Мысал: «Нарату» күй жинағы.2мин.
3.2. Викторина тыңдау, яғни дәстүрлі күй үлгілерін МР3форматында, аудиокассета арқылы тыңдап, күйдің стилін, мектебін, авторын т.б. ажырата білу. 1мин.
3.3. Sibelius 6.02 компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу. Яғни, шығарған импровизацияны, сүйемелдеулерді атаулы бағдарлама арқылы нотаға жазып, тыңдап, тексеруге мүмкіндік бар. Сауатты кәсіби маман ретінде, өз туындыларын Sibelius-пен теріп, жарыққа шығаруға да мүмкіндігі зор. Оның бәрі студенттерге өзіндік шығармалар фонотекасын қалыптастыруына және шығармашыл тұлға ретінде ашылуына ықпалын тигізеді. 2-3мин.
3.4. Интернет ресурстарымен жұмыс. Мұнда айта кететін жағдай, қазіргі заман талабына сай әр тұлға кәсіби компьютер пайдаланушы болуы міндет. Техникалық оқыту құралы болып, компьютер арқылы көптеген педагогикалық мәселелер өз шешімін табады. Интернет желісінде бірнеше сайт дәстүрлі музыкаға арналған, соныдқтан оларды шебер пайдаланып, материалдарын оқу үрдісіне еңгізгені жөн. 1-2мин.
www.wikipedia.com
www.mail.ru
www.vk.com
www.google.com
www.youtube.kz
www.yandex.kz
www.sal-seri.kz
www.otuken.kz
www.kaznui.kz
www.gnesin.ru
www.el.kz
www.orleu-atyrau.kz
www.musigi-dunya.az
www.asyl-mura.kz
3.Бағалау. Топтық және жеке-топтық жұмысы бойынша. 2-3мин.
4. Үйге тапсырма. шығармашылық жобаны дайындау/презентация түрінде/
Топтық жұмыс.
Тақырыптар:«Төкпе күй тарландары», «Саз зергері Қазаңғап»,«Маңғыстау күйшілік мектебі». 2-3 мин.
5.Рефлексия. Мұнда студенттердің өткен сабақ туралы ойлары нота тұрағында көрсетіледі (Ұнаған және ұнамаған жағдайда ноталарды смайликпен бейнелеу ☺☺). 1мин.
Курсқа қатысушылармен пікірталас –11-12мин.
«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»
Атырау музыка колледжі
«Музыка теориясы» бөлімі

«Қосымша білім берудің музыка бағытында (домбыра) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы біліктілігін арттыру республикалық курсы.

Этносольфеджио пәнінен «Төкпе күй дәстүрі» тақырыбын түсіндіру барысындағы жұмыс түрлері» атты тақырыбындағы ашық сабақ.

Оқытушы: Темирбаева Н.Ж.

Атырау-2015 Тәрбие.орг сайтынан ««Төкпе күй дәстүрі» тақырыбын түсіндіру барысындағы жұмыс түрлері» Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Темирбаева Нургуль Жайгалиевна

Атырау қ. "Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы" Атырау музыка колледжі Музыка теориялық пәндер оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar