Сүгір жырау-Алаштың ірі тұлғасы

  • Жүктеулер: 106
  • Көрсетілім: 466
  • Музыкадан презентациялар
  • 08/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19465


Сүгір жырау-Алаштың ірі тұлғасы

Бүгінгі күні жыраудың кәрі шаңырағын ұстап отырған кіші немересі Жәнібек Сүгір немересі: – Атамыз туралы естеліктер өте көп қой. Бірақ біз баламыз, естідік де  есте сақтамадық. Қолымдағы мына қара домбыраның өмір сүргеніне 100 жылға жақындап тұр. Сүгір атамыздың өмірден өткеніне 40 жыл болды, 40 жыл өтсе де бұл үйімізде сақтаулы тұр. Қызылсай кентінде атамыздың атында көше, мектеп бар. Өзім сол мектептің түлегімін.

Жақсылық жырау: «Мен Сүгірдің артынан ерген шәкіртімін. Сүкең – қанша жырласа да сарқылмайтын жырдың дариясы еді. Жиналған жұрт жалықпайтын. Жырды құбылтып айтып отыратын. Әрине, ұстазымның шарықтап жүрген жастық шағын көргенім жоқ. Тұла бойы тұңғышы Есқуатынан айырылып, қанатынан қайырлып жүрген кезін көрдік. Ал, сен сұрап отырған «Ауылға Сүгір келді» деп басталатын толғау Сүгірдің өзінікі, оған ешкімнің дауы жоқ. Сүкеңнің сөздері салмақты, өнегелі, мағыналы болып келеді. Осы жырды жастардың секеңдеп, бақырып-шақырып, бұзып айтып жүргенін жаратпаймын. Тіпті тыңдауға ұяламын...»
        Қырлан Өтетілеуов: «Менің кәрі әкем Өтетілеу Сүгірдің аталас ағасы, ағаш ұстасы әрі темірден түйін түйген шебер болған. Сүгірдің 54 жыл ұстаған әйгілі кесік бас домбырасын атам Өтетілеу жасапты. Тағы бір таң қалатын сәйкестік – Сүгір атам Маңғыстаудан көшерде, атам Өтетілеудің үйіне түнеп аттанып, Маңғыстауға көшіп келген күні алғаш біздің үйге түсіпті       
Әнші-компазитор Марат Ордабаев:  «Мен Амандық Көмековті бірінші рет 1991 жылы Ақтауға көшіп келгенде ғана көрдім. Ал, Сүгірдің «Ауылға Сүгір келді» деп басталатын толғауын 1988 жылы эстрадаға алғаш түсірген мен болатынмын. Біз бұл термені Шетпеде өзіміз құрған «Адай» тобымен сол жылдары орындап жүрдік. Сүгірдің толғауын тұңғыш рет үлкен сахнаға 1989 жылы алып шыққан шетпелік ініміз Ақылбек Жеменей еді. Ол кезде Ақылбек  бастауыш сыныпта оқитын бала болатын. Алматыда өткен «әнші балапан» байқауында осы термені орындап, бас жүлде алды, ел жұртқа осылай тарады.  Ал, әнші Қыдырәлі Болманов, Ақылбектен кейін орындады. Артында осындай өшпес мұра қалдырған Сүгір жыраудың алдында бәріміз қарыздармыз...» Тәрбие.орг сайтынан Сүгір жырау-Алаштың ірі тұлғасы Музыкадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Изтурганова Айнакул Жолдасовна

Пікірлер: 0

avatar