Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні. Тәрбие әлеуметтік құбылыс, ерекшелігі. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

  • Жүктеулер: 31
  • Көрсетілім: 1924
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 12/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18591


Білімгерлерлер келесі тақтадан әріптерді таңдап алып, сөз құрастырады.
Жоспарды 3 топ ағылшыншадан қазақшаға аударып, жоспарын да өздері табады.
Upbringing деген сөз шығады. Оның мәні «Тәрбие» жаңа тақырыпты өздері табады.
ЖОСПАРЫ:
 Тәрбие үрдісінің мәні мен мазмұны
 Тəрбие үрдісінің мақсат, міндеттері.
 Тəрбие процесінің ерекшеліктері

V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

1)Жаңа тақырыпты меңгеруге байланысты тапсырмалар «Класстер» әдісімен орындалады.
3-топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
1-топқа «Тәрбие» ұғымына анықтама беру ұсынылады.
2-топқа «Тәрбие» туралы мақал-мәтелдер.
3-топқа «Тәрбие туралы» классиктердің сөздерін жазу беріледі.

Білімгерлер берілген плакатқа түсті қағаздарды пайдалана отырып, берілген тапсырманы орындайды. Тәрбие туралы жазғандарын тақтаға шығып қорғайды.
Тапсырманы орындау негізінде жаңа тақырыптың мазмұнын ашады. Яғни, тәрбие дегеніміз не? Деген сұраққа жауап береді.
2) Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің маңызын анықтау.Пікірталас.
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің маңызын анықтау үшін тақтаға бейнематериал көрсетіледі. Оның негізінде Кеңес уақытындағы тәрбие мен қазіргі жастар арасындағы тәрбиенің негізі көрсетіледі. Білімгерлерге екі қоғамдағы тәрбиені салыстырып, пікір айту ұсынылады.
1-топ: Ескі қоғамдағы тәрбиені жақтап, қазіргі қоғамды сынға алады.
2-топ: Керісінше қазіргі қоғамды жақтады.
3-топ: Тәуелсіз сарапшылар ролін атқарады.
Олар жалпы пікірталасқа қорытынды жасайды.
Тәуелсіз, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан қазақ жастарының болашағы зор, мүмкіншіліктері мол. Сондықтан осындай мемлекетте өмір сүріп жатқан жастардың арасында тәрбиенің де маңызы зор. Барлығымыз бірге теріс жолға түскен жастарға қол ұшымызды беруіміз керек деген қорытынды жасайды.
3) Жеке тұлғаның ұлттық сипаты.
Тәрбиенің мақсаты: жан-жақты, жарасымды тұлғаны тәрбиелеу.
Олай болса, қазіргі заман талабына сай жан-жақты тұлғаның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Жеке тұлғаның ұлттық сипатына: тұлғаның бойында болатын қасиеттерді әр топ жазады.
Ұлттық сипаттаға жеке тұлғаның бойында: елімізге деген сүйіспеншілік, ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай, адамгершілік, жан-жақтылық, бәсекеге қабілеттілік, бейімділік. т.б. Тәрбие.орг сайтынан Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мәні. Тәрбие әлеуметтік құбылыс, ерекшелігі. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хайруллаева Алия Базарбаевна

Жаңаөзен қаласы, "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі Педагогика және психология пән оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar