Балалармен тренинг

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 311
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 16/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23051


Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіру;
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;
Әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан — жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай — ақ ойнау іс — әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан — жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.
Бүлдіршіндер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Тәрбие.орг сайтынан Балалармен тренинг Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токсеитова Жанаргуль Амангельдина

Қима ауылы "Құлыншақ балалар бақшасы" педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar