Денсаулыққа қауіп – темекі, ішімдік, есірткі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 185
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22830


Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Горное негізгі мектебінің
әлеуметтік ұстазы
Мусина Динар Мұратқызы

Cабақтың тақырыбы: Денсаулыққа қауіп – темекі, ішімдік, есірткі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың түрі: Лекция
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспесі:
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы Елбасының жолдауын егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын сүрлеу десе де болады. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар – адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір – қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқына, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны даусыз. Осыған байланысты егеменді еліміз жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған.
«Дені сау – адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Балалр мен жастардың денсаулығына қауіп тудырушы факторлар: темекі тарту, ішшімдік ішу, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық кеңінен етек алып келеді.
Темекі – әлемде кеңінен белгілі, халық арасына кең тараған зат. Темекі шегу, ішімдік сияқты адамға және адамзатқа тікелей қажет зат та емес, бірақ, жалпы алғанда, 7 жастан 80 жасқа дейінгі еркектердің 40-тан 80 пайызына дейін пайдаланаланады екен. Әйелдер арасында да денсаулығын күтпей, темекі шегетәіндер аз емес көрігнеді.
Зерттеулер көрсеткендей, темекі – жасұнық, көміртек, акалойд, эфир майынан және олардың арақатынасы өсіру технологиясына, климатқа, топырақтың құрамына байланысты басқа химиялық элементтерден тұратын өсімдік жапырағы. Темекіні құрайтын заттардың ішінде, олардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді, құрамында адамның денсаулығына кері әсер ететіндер: никотин, анабазин, оксид, мышьяк оксиді, синильді қышқыл, эфир майы. Сонымен қатар темекіге үйреніп қалу механизмі түтін бөліктерінің фармакологиялық және улағыш қасиеттеріне байланысты. Оны ішке жібергеннен кейін, 2-3 минуттан соң, никотин ми жасушаларына (клеткаларына) енеді де, олардың белсенділігін біраз арттырады, жүйке импульстерінің берілуін тездетеді және шығаруға септігін тигізеді және адам оған тез үйреніп қалады. Дегенмен, никотин мен көмірқышқыл газына жауап ретінде ағза адреналин мне ацетилхолин бөліп шығарады. Шын мәнінде, мұндай түсіндірулер шындыққа онша жанаспайды, қайта шатасулық пен темекі шегудің «есірткілік» төңірегінде басы артық пайымдаулар туғызады. Біріншісі де, екіншісі де күдік пен алдауға деген саңылаулар қалдырып, бұл зұлымдықпен күреске еш септігін тигізбейді. Қандай жағдай болсын, уландырушы заттарды шамадан тыс пайдалану өлімге әкеп соғатыны белгілі, темекі шегуді де токсикаманияның бір түрі деп қарауға болады. Темекі шегушілер кәріліктен өлмейді деп нық сеніммен айтуға болады, темекі адам өмірін абсолютті түрде сау адам болса да 10-20 жылға қысқартады.
Топпен жұмыс: әр топ мәтін бойынша постер құрастырып, ортаға шығып қорғайды. Әр топ бір-біріне формативтік баға береді.
Сабақты бекіту: кесте толтыру
Білемін Білдім Білгім келеді Тәрбие.орг сайтынан Денсаулыққа қауіп – темекі, ішімдік, есірткі Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусина Динар Мұратқызы

Пікірлер: 0

avatar