«Эмоция және біз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2039
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18540


Шу ауданы, Көкқайнар ауылы,
С.Естемесов атындағы орта мектептің
педагог-психологы А.А.Секербекова

Психопрофилактикалық тренинг

Тренинг тақырыбы: «Эмоция және біз»

Мақсаты: оқушыларға эмоция мен сезім – адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және балалардың өз эмоциясы мен сезімдерін басқаруға үйрету.
Жоспар:
1. Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру: «Эмоция» жаттығуы;
2. Қызығушылықты ояту: эмоция тапсырмалары;
3. «Менің эмоцияларым» жаттығуы;
4. Мини – лекция. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»
5. «Кім өзін жақсы мақтайды немесе «Сәтсіз күндерге ескертпе» жаттығуы;
6. Ой толғаныс «Біз нені үйрендік?»
7. Қорытынды. «Жеңіс ағашына» пікір жазу.
Тренингтің жүргізілуі:
1. «Эмоция» жаттығуы:
Шаршадым «Уһ» дедім,
Ренжідім «Туһ» дедім,
Қорықтым «Ой» дедім,
Өкіндім «Аһ» дедім,
Шарасыз «Еһ» дедім,
Таңырқап «О» дедім,
Біліп ап «Е» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха» дедім.
2. Қызығушылықты ояту: эмоция тапсырмалары
Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе сыныптасыңызды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?
Суретте – балалардың эмоциясы бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз. Есім –сезімді жаз. Өзіңе ұнаған эмоцияны дөңгелектеп сыз.

Суреттегі балалар эмоциясы баланың шынайы базалық құндылықтарын көрсетеді. Мимика арқылы басқа адамдардың эмоцияларын тани алуға бола ма?


Мақсаты: күні бойғы эмоция мен сезімге талдау жасауға, жақсы психоэмоционалдық көңіл-күй туғызуға үйрету.
Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарыңа келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшеліктеріңе талдау жасалады.
3. «Менің эмоцияларым» жаттығуы:
Мақсаты: Өз эмоцияларын орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған таратпа қағаздар,(«Қайғы. Бет», «Қуаныш. Ерін», «Кербездік. Оң қол», «Мақтаншақ. арқа», «Үрей. аяқ», «Таңдану. Қас»)
Нұсқау: Алдарыңызға берген таратпа қағаз арқылы берілген тапсырманы орындаңыз.
Топ сол тапсырманың шешімін табуы керек.
Талдау:
- Эмоция дегенді қалай түсінесің?
- Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?
- Олар қашан көрінеді?
4.Мини-лекция. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?
Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады?
Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында өзіңдегі жағымсыз эмоцияңды айтуға болады.
Егер сен жалғыз болсаң, көпшілікті не су орамалды қысып сығып таратуға болады. Өйткені, барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады. Спорттың қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады.
Адамға табиғат та жағымды әсер етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, тіпті қиын деген жағдайлардың өзінде де жағымды әсер етеді.
3-4 қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде миға баратын импульстер көбейеді, ал ол стресс кезінде өте жақсы көмек.
Табиғат бізге күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай. Осылар арқылы көптеген қысымнан арыламыз.
5.«Кім өзін жақсы мақтайды немесе «Сәтсіз күндерге ескертпе» жаттығуы.
Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалог жүргізу дағдысын дамыту, өзіндік талдауды дамтыу.
Нұсқау: Кейде бос өмір сүріп жүргендей, қолыңнан ештеңе келмейтіндей сезімдер кездеседі. Мұндай кездері қуанышты сезімдер, қабілеттер, жеткен жетістіктер мен жеңістер ұмытылып кетеді. Барлығымызда мақтан тұтарлық болса да бір ісіміз бар ғой. Енді сендерге «Менің ең жақсы қасиеттерім» атты ескертпе қағаз таратылады.

Менің ең жақсы қасиеттерім:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім





6.Ой толғаныс «Біз нені үйрендік?»: Сіз бұл жаттығудан не алдыңыз
Сергіту : «Менің қабілетім» ойыны психологиялық жаттығу
Қорытынды бөлім: «Жеңіс ағашына» пікір жазу.
Қолданылған әдебиеттер: Психопрофилактикалық тренингдер. Астана -2007.
Мектептегі психология журналы №(67) 2014ж.

Таратпа материалы:

Менің ең жақсы қасиеттерім:
Тегі, аты: сыныбы:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім





Менің ең жақсы қасиеттерім:
Тегі, аты: сыныбы:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім





Менің ең жақсы қасиеттерім:
Тегі, аты: сыныбы:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім





Менің ең жақсы қасиеттерім:
Тегі, аты: сыныбы:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім





Менің ең жақсы қасиеттерім:
Тегі, аты: сыныбы:
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім Тәрбие.орг сайтынан «Эмоция және біз» Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: А.А.Секербекова

Пікірлер: 0

avatar