«Мамандық әлеміне саяхат»

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 773
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 25/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18140


Тақырыбы:«Мамандық әлеміне саяхат»
Мақсаты:оқушыларға мамандықтың түрлері,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып,өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау;кәсіби бағдар беру;түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту,өз пікірін еркін айтып,өзгенің пікірін сыйлай білуге,жүйелі ойлауға баулу.
I.Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу,оқушыларды мамандық атауымен топқа бөлу.
II.Негізгі бөлім
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та,бар қалан!
Ой қозғау
1.Мамандық дегеніміз не?
2.Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет?
4.Ауыл экономикасын көтеру үшін,ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
5.Адам өз мамандығын таңдаған кезде,нені басшылыққа алу керек?
6.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
7.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан,қалай дайындауы керек?
«Мамандық қасиеттері» тренингі
Нұсқауы:Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын,ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
«Жасырылған мамандықты тап» тренингі
Нұсқауы:Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек.Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған.Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальді емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай),ым-ишарамен,түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет.Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.
«Ең,ең...» ойыны

Нұсқауы:Төменде берілген мінездемелерге сәйкес келетін мамандықтардың атауларын айтуы керек.

Ең жасыл мамандық..................................................
Ең тәтті мамандық....................................................
Нағыз ақшалы мамандық............................................
Ең қауіпті мамандық..................................................
«Әріптік мамандық» ойыны
Нұсқауы:Әр топқа бір әріптен беріледі.Әр топ өзара келісе отырып,сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып,ауызша атап шығулары керек.Сонымен қатар,өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
«Егер мамандық иесі болсаң не істер едің?»
Дәрігер:Ауырған адам сізге келіп,қойған диагнозбен келіспейтінін айтты.Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім:«Жүрексіз нені түсінеміз?»тақырыбындағы сабаққа ата-ана қатысып отыр.Үй тапсырмасын сұрадыңыз,ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Әнші:Сахнада ән салып тұрсыз,көрермен ұйықтап отыр.Бұл сізге ұнамады.Сіз не істейсіз?
Журналист:Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай,сізге ескерту жасады,қорқытты.Не істер едіңіз?
«Тізбек» ойыны жалпы көрермендермен ойын
Нұсқауы:Бірінші топ бір мамандықтың атын айтады,келесі топ сол мамандықтың соңғы әрпінен басталатын тағы бір мамандықтың атын айтулары керек.Оқушылар тоқтап қалмайынша жалғаса береді.

Талдау
Бүгінгі мамандыққа арналған тренинг сабағымыздан не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,жақсы және кемшіліктері туралы ойландыратын жағдай болды ма?Жалпы өз ойыңыз бен тілегіңізді мына түрлі түсті қағазға жазып беріңіз.
Қорытынды
«Отанның болашағы,мемлекеттің келешегі жастардың қолында,яғни сендердің қолыңда,сондықтан олардың өрісті ойы,өркенді ісі,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз.Қатысқандарыңызға рахмет!!! Тәрбие.орг сайтынан «Мамандық әлеміне саяхат» Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдушукурова Зарина Мұратқызы

Жамбыл облысы Тараз қаласы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Педагогика факультеті Психология кафедрасы ПСХ-13-1 тобының студенті

Пікірлер: 0

avatar