"Мамандығым-баға жетпес қазынам"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 986
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 10/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19195


Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер.
З. Фрейд

«Армансыз адам - қанатсыз құспен тең» - дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым» - дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық - жай күн өткізу, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді, адам атақ - абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол демекші, менде өзімнің сүйікті мамандығым психолог мамандығына мақтанышпен тоқталып өтейін.
ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде психолог мамандығы қажет. Психолог ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін маман. Сол ортаға жақсы ахуал туғызып, адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсету. Психолог адамның сырласы, адам жанының елшісі. Психолог - әр адам жанымен, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс жасайды.
Психолог ең алдымен, өзінің кім екенің, өз ісінің мақсатын, міндеттері мен іске асыру жолдарын, жұмысы мен жауапкершілігін анық білуге тиіс. Бұл өте төзімділікті, шыдамдылықты, білімділік пен біліктілікті, мейірімділік пен талап қоя білушілікті керек етеді. Психолог - бала жанының терең түкпіріне үңіле білсе, өзін де тындата алса, бала құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық жасаса, дұрыс нәтижеге жетуі сөзсіз. Өзінің де дүниетанымы кең болып, баланы танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын арттыруына күш салуы керек. Балалармен арадағы қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана, нәтижелі болады. Психолог маманының адамгершілігі, өз жұмысына берілуі, шәкіртті сыйлап қадірлеуі, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуі маңызды. Психолог жұмысы шығармашылық енбек. Бұл үрдісте күлкіге, уайымға, ренішке де өз орны бар. Психолог жұмысы ол тек жұмыс ғана емес, ол кәсіби құзырлық, даму, өзіндік даму, өз әлеміммен, баланың әлемімен, жанұямен сырласу, қоғаммен бірлесе еңбек жасау. Психолог кеңесінен кейін кім болмасын, өзіне сенім артып, тығырықтан шығу жолын тапса, қанаттанып алға ұмтылыс жасаса, бұл үлкен жетістік.
Мектеп психологы баланы балабақшаға алғаш келгеннен бастап, мектеп бітіргенге дейін зерттеп, сүйемелдеу жасайды.
Ақын Мұхтар Шаханов атамыз «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» дейді. Сол үшін әр педагог баланың ойынан шығып қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы керек.
Қазіргі заман талабына сай жан - жақты тұлға тәрбиелеп оқыту жолында өзімді балабақша психологы ретінде атқаратын жұмыстарымның негізгі бағыттарына тоқталып өтсем деймін. Мен 2011 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Педагогика және Психология» мамандығын алып, алғашқы еңбек жолымды № 12 І.Қабылов атындағы орта мектебінен бастадым. Мектеп өміріне етене араласу, балалардың көңілдерінен шығып, әрбір баланың жүрегінен орын алу алға қойған мақсатым болды. Өзімді танып біліп, балаларға өздерін тануына мүмкіндік беріп, олардың жұмбақ қырларын тани бастадым. Әріптестерім бір үйдің адамындай мені жылы қабылдап, ұйымшыл болғанына, бүлдіршіндермен араласа, олармен әрбір уақытымды қызықты өткізген сайын бірінші мамандығымды қателеспей таңдағаныма, екіншіден еңбек ететін білім ордамның жақсы болғанына қатты қуандым.
Әрбір үйдің ерке балаларының көңілін табу, мінезіне қарай бабын табу қиын болды. Бір сәт достарымен бірігіп ойнап жүрсе, дем арасында көңіліне бір нәрсе жақпай қалса жылап қоя береді. Сол сәтте бүлдіршіндердің көңілін табу, оларды жұбату, достарына деген ренішін ұмыттырып, оларды қайта достастыру, мейірімділікте, татулылықта, ынтымақтастықта, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге үлес қосуым, төзімділік пен сабырлылықты және көп ізденуді талап ететін мамандық болғандықтан бүлдіршіндерге үйрете жүріп, үйренетінімді білдім. Мен ойланып қарасам балаға айқалау арқылы тәрбиелей алмайтынымды түсініндім. Тек қана жылы шырай танытып, ақырын ғана үйрету керек екендігін, ойын әдісі арқылы баламен бала кейпіне ену арқылы қарым-қатынаста болу керектігін түсіндім. Байбалам салмай, бабын тауып үйретсең ғана еңбегін жемісті болады екен.
Балалардың ерекшеліктерін, жеке дамуын, қасиеттері мүмкіндіктерін күнделікті жоспарлы жұмыс барысында бақылап, дамуына бағыт, жағдай жасаймын. Тек әдістемелік папканы толтырып қойғаннан баланың жағдайы жақсармайтыны белгілі.
Бала үшін ойын – маңызы бар қажеттілік болғандықтан жоспарыма әдістемелік ойындарды көбірек пайдалануды жөн көрдім. Оның ішінде есте сақтау қабілетін дамытуға арналған, қабылдау қабілетін дамытуға арналған, таным процестерін дамытуға арналған, логикалық ойлауларын дамытуға арналған, шығармашылық ойлау дағдысын дамытуға арналған ойындар.
Психолог үшін бала, ата-анамен қарым-қатынасты жақсарту үшін психологиялық ойындар мен тренингтердің маңызы зор. Осы ойды басшылыққа ала отырып балабақшада өткен аймақтық ата-аналар жиналысында «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс», «Тәрбиенің ең тамаша белгісі ол - отбасы» атты тренингтерін өткіздім.
2016 жылы ақпан айында қалалық семинарда, тәрбиешілердің тәжірибе алмасу оқу – іс әрекеттерінен кейін келген қонақтармен «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренингпен аяқтауым көрермендер көңілінен шықты. Тренинг соңында психологиялық кітапшалар таратылды.

Өз жұмысымда келесі мақсат міндеттерді орындауыма талап қоямын:
- Баланың жас ерекшеліктегі даму жолдарын толық қамтуға;
- әр баланың жеке мүмкіндіктерің ескеруге;
- балалардың дамуында қолайлы психологиялық жағдай жасауға;
- ата – аналарға, тәрбиешілерге уақытында қолдау көрсетіп, көмек беруге;
- өзімнің алдыма, өз жеке басыма, балабақшада психолог жұмысын атқару жолында;
- жұмыстың қыр- сырын толық танып біле отыра балаларға, әр отбасына, тәрбиешілерге, балабақша ұжымына психологиялық қолдау жасауға;
Мен өз жұмысымда А.С.Макаренконың «Сіз баланы өміріңіздің әрбір сәтімен тәрбиелейсіз», деген өнегелі сөздерімен пайдаланып, үнемі ұстанып отырам.
Кез келген уақытта адам жанын түсіне білгенің, өз елінің жарқын болашағына өзінің қолтаңбасын қалдыратын, өз мамандығымды мақтаныш етемін. Тәрбие.орг сайтынан "Мамандығым-баға жетпес қазынам" Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туйгынбаева Ботагоз Максатовна

Қызылрда қаласы №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп Педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar