Менің қалауым

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1035
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18696


Қазақстан Республикасының «Жылжың ең үздік психологы» сайысы
«Психологтың ғажайып әлемі» конкурсы

МОНОЛОГ

Тақырыбы: Менің қалауым
Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы:
Адамның неге жолы болмайды ?
Адамдар не үшін бір-бірімен жауласады ?
Адамдар не үшін түрлі апаттарға ұшырайды ?
Адамдар неге бақытсыздыққа ұшырайды ?
Неге балалардың құқығы тапталып, жетімдер саны артып барады?
Жастарымыз не үшін діни экстремизмнің жетегінде кетіп жатыр? не себепті осылай болып жатыр деген ой мені қатты мазалайды.
- Бұның себебін айтайын ба?
- Иә айтшы білгім келіп барады!
Менің ойымша оған бір ғана себеп, ол адамдардың бір-біріне деген махаббаттың жойылып бара жатқандығынан ау деймін?
- Сонда махаббат дегеніміздің өзі не?
А, махаббат па? Шығыстың шабдалы бұтақтары деген кітабынан оқығаным бар, онда былай деп жазылыпты. «Адамның үш қалауы бар, «жан», «сана», «тән». Жан қалауынан-достық, сана қалауынан- сыйластық, тән қалауынан – құмарлық , ал осы үшеуінің қосылуынан барып махаббат пайда болады екен». Ал мен өз тәжірибемде тұлғалар арасындағы қарым – қатынаста осының тек тән қалауынан пайда болатын құмарлықты ғана көріп жүрмін.
- Сонда тек көріп қана қойдың ба? не жұмыс жасап жатырсың?
Мен сол тұлғаларға алдымен өз махаббатым сыйлау арқылы баурап аламын. Менімен бір рет шынайы сұқбаттасқан адам тағы келгісі келіп тұрады. Себебі мен балалардың психологиясына әсер етуші факторларды өзімді қалай ұстауыма, киетін киімдеріме қатты мән беремін, кез-келген тұлғалардың жас ерекшеліктеріне сай әсер етуші (мотив) түрткі таба білемін.
Мен өзімді үнемі бақытты сезінемін, жолдасым, балаларым, немерелерім солардың қызығы мен қуанышы мені алға сүйрейді. Орта жасқа келсемде өмір ағымына ілесіп, ылғида адамдарға жәрдем бергім келіп тұрады.
Не жұмыс жасап жатырсың дейсің ғой, Қайтсем тұлғалар арасындағы қарым –қатынасты жақсартамын деген мақсатпен зерттеу –алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында тұлғаның өзін-өзі тануын дамыту бағыты оның биоэкопсихологиялық ерекшеліктерінде – ау деймін деген ғылыми ой тұжырымдары пайда болды, осы бағытта әліде іздену , оқу үстіндемін. Тәрбие.орг сайтынан Менің қалауым Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы:

Пікірлер: 0

avatar