Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сенімділік - серігім
  • 02.12.2016
  • 192 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20317

Тақырыбы: Сенімділік - серігім»
Мақсаты: Ұжымдағы топ оқушыларның өз-өздеріне сенімділіктерін арттырып, алда келе жатқан ОЖСБ сынағынан ешқандай қобалжусыз өтулеріне, бойдағы қорқыныш пен стресті жеңуге көмектесу.
Құрал-жабдықтар: А4 формат қағазы, түрлі түсті қағаздағы жемістер, музыка ойнатқыш.
ЖОСПАР:
1. «Мультикті» сәлемдесу.
2. Дененің жеке бөлігімен билеу
3.Сиқырлы орындық.
4.Ине мен жіп.
5.Релаксация. «Балалық шақ».
6. Емтиханға қалай дайындалу қажет? (психолог кеңесі)
7. Ертегілер әні.
8. Қорытынды.«Жүрекке тілек»

Мультикті сәлемдесу.
Нұсқау шеңберге тұрамыз. Өз есімдірімізді айта отырып, өзімізді бір мультфильм кейіпкеріне ұқсас жерімізді айтып таныстырамыз. Мысалы: «Мен Қызыл телпекпін» деген сияқты.
Дененің жеке бөлігімен билеу
Керектіжабдықтар: музыкалық күйтабақ, музыкалық жазбалар.
Мақсаты:қатысушыларды қыздыру, дене қысымын түсіру, және оны ұғындыру.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әуен ойналады. Жүргізуші дене бөліктерінің билейтіндерін кезекпен айтып отырады.
- қол саусақтарының биі;
- қол биі;
- бас биі;
- иық биі;
- іштің биі;
- аяқтың биі.
Қатысушылар айтылған дененің бөліктерімен белсенді түрде билеуге тырысады.
Талқылау сұрақтары:
-дененің қай бөлігімен билеу жеңіл, ал қайсымен қиын болды;
-бұлшық ет қысымынан босағаныңызды сезіндіңіз бе, қысым қай жерде?
Сиқырлы орындық.
Нұсқау: Жүргізуші ортаға шығып шеңберден өз орындығын алып тастайды. Содан соң оқушыларды «алма», «өрік», «шабдалы», «қара өрік» секілді топтарға бөледі. Бір жемістің атын атаған кезде оқушылар орын ауыстырады да, бір адамға орындық жетпей қалады. Орындық жетпей қалған адам ойынды жалғастырады.
Ине мен жіп.
Мақсаты: әртүрлі кедергілерден өту барысында, бойдағы қорқынышты жойып, ұжымға, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру.
Нұсқау: Жүргізуші «мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер» деп, бір біріңнің арттарыңнан жүргізеді. Белдерінен ұстап, алдымыздан тұрған кедергілерден жіпті үзбей өтеміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
Релаксация. «Балалық шақ».
Мақсаты: бала бойындағы стресстен арылтып, бойдағы қобалжу фрустрация сезімдерін алыстату.
Нұсқау: Баяу ауенге жазылған релаксация сөздері ойнап тұрады.
Емтиханға қалай дайындалу қажет? (психолог кеңесі)

Мақсаты: тиімді әдістер туралы түсінікті түрде хабарлау
«Ертегілер» әні.
Мақсаты: балалардың топтық жұмыс жасауына ыңғай жасап, көтеріңкі көңіл-күйін қамтамасыз ету.
Қорытынды. «Жүрекке тілек»
Тренинг соңында қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, қандай жаттығу ұнағаны, жалпы әсерлерін «жүрекшеге» жинап жабыстырады. Тәрбие.орг сайтынан Сенімділік - серігім Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қоңырбаева Айгерім Торыбайқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Сенімділік, серігім, Психологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 192 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar