В.А. Сухомлинский – арды тәрбиелеу туралы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1939
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18623


Пән: Ізгілік педагогикасы және психология негіздері
Тобы: 302 «Ә»
Өткізілген күні: «26» ақпан 2016 ж.
Сабақ тақырыбы: В.А. Сухомлинский – арды тәрбиелеу туралы. Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу. Азаматтылықты тәрбиелеу. Ұжымның рухани өмірі байлыққа апаратын жол.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты: Ұлы ізгі педагог В.А. Сухомлинскийдің екі өлшемнің қайшылығының аясындағы педагогикалық көзқарастары және қызметі жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Білім алушыларға В.А. Сухомлинскийдің әлеуметтік педагогикалық дағдылық әлемі, педагогикадағы, білім берудегі, баспа ісінде, «барлығының мықты әлемімен» күрес және білім, мектеп, бала өз әлемімен таныстыру.
Дамытушылық: Тақырыпты түсіндіре отырып, білім алушылардың ойлау, есте сақтау, қабылдау үрдістерін дамыту
Тәрбиелік: Сухомлинскийдің ізгілікті көзқарасын ұстана отырып, оларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Философия, Педагогика, психология
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы. – Алматы , Білім.-2012.- 400бет.
2.В.А.Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы, Мектеп.- 1987.- 206 бет.
3. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2006. 480 б.
Негізгі терминдер мен ұғымдар: «барлығының мықты әлемімен»
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы, АКТ
Жабдықталуы: Тақырыпқа сай әзірленген презентация
Әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс

Сабақтың құрылымы:
 Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
 Сабақ мақсатын қою: 2 минут
 Үй тапсырмасын тексеру және білімді өзектендіру: 10 минут
 Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау: 10 минут
 Реконструктивті-вариативті типтегі тапсырмаларды орындау: 20 минут
 Шығармашылық типтегі тапсыраларды орындау: 20 минут
 Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау: 10 минут
 Үй тапсырмасын беру: 5 минут
 Қорытынды: 5 минут
 Рефлексия: 5 минут

Сабақтың барысы
 Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу! Орындарыңызға отыра беріңіздер.
2. Кабинет тазалығын бақылау, білім алушылардың жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауын қадағалау, бақылау.
3. Білім алушыларды түгендеу, оқу журналымен, баянатпен жұмыс.
- Сабақта кім жоқ?
- Кезекші маған кім жоқ екенін жазып беріңіз.
- Дәптерлеріңізге бүгінгі сабақ тақырыбын жазыңыздар.
 Сабақ мақсатын қою
В. А. Сухомлинскийдің өмірбаяны, негізгі еңбектері, педагогикалық көзқарастары туралы ұғымдарын қалыптастыру, түсінік беру.
 Білімді өзектендіру
Білім беру творчестволық процесс — адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: «Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі — адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» - деп тұжырымдады.
 Үй тапсырмасын тексеру және білімді өзектендіру
- «Ұлы ізгі педагог В.А. Сухомлинскийдің көзқарасындағы ізгі ойлары» тақырыбында семинарға дайындалу. (дәптерге)
- В.А. Сухомлинскийдің еңбектеріне хронологиялық кесте жасап келу (А4)
№ Еңбектерінің атауы Жылы Мазмұны
1 «Балаға жүрек жылуы» 1974 Ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек терең білгенде ғана мүмкін екендігін анықтап, айқындап берді.
2
 Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау:
«Аквариум тәсілі»
Білім алушыларға 5 түрлі фигураларды беріледі. Оның ішінде шеңбер , үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, ромб сияқты түрлі түсті фигуралар беріледі. Білім алушылар таңдаған фигурасына сәйкес топтарға бөлінеді.
Білім алушылар 5 топқа бөлініп, «В.А. Сухомлинскийдің негізгі педагогикалық көзқарастары» тақырыбында әр топ өз ойларын ортаға салып, А3 форматына дәлелдеп қорғайды.
 Реконструктивті-вариативті типтегі тапсырмаларды орындау:
Білім алушылар топтарға бөлініп, өздеріне берілген В.А. Сухомлинскийдің негізгі ойларының мағынасын ашып, карточкалармен жұмыс жасайды.
Карточкалармен жұмыс:
Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №1.
«Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек» деген сөзінің мәнін ашып беріңіздер.

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №2.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады» деген сөзінің мәнін ашып беріңіздер.
______________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №3.
«Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі — адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» деген сөзінің мәнін ашып беріңіздер.
______________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №4.
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.» деген сөзінің мәнін ашып беріңіздер.
______________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №5.
«Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған» деген сөзінің мәнін ашып беріңіздер.
______________________________________________________________________________________________________________________________________
 Шығармашылық типтегі тапсыраларды орындау
Қос жазба күнделігі
В.А. Сухомлинскийдің еңбектері бойынша мәтін беріледі, сол арқылы қос жазба күнделігін құру керек. Мәтінді оқығанда білім алушы қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» деп атап, оған мәтіннің өзіне назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділер жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде мәтінді көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») деп аталады. Мұнда білім алушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазы алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол мәтін туралы өз ойларын, түсінігін, пайымдау мен дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.

Үзінділер Түсіндірмелер/Комментарий

Білім әрбір төрт жылда ескіріп отырады...


Сонда біз жоғары оқу орнын аяқтағанда, көп біліміміз ескіріп кетеді екенғой!.. Біз ақпаратты жаттамай, сол мәліметті игеретін тәсілдерді үйренуіміз керек деп ағайдың айтқаны расболып шықпай ма

Мәтін.
Адамды адам қылу – сіздің барлық рухани күштеріңіздің ең жоғарғы серпіні. Ол – өмір даналығы да, шеберлік те, өнер де. Балалар – тек бақыт бұлағы емес. Балалар – өз еңбегіңізбен жасалған бақыт. Сүйіктіңмен кездесу сағатын жүрегің сыздап күтіп отырған бозбала, сен де, сәбиі бесігінде өзінің өмірщең өленің әндетіп те жатқан жас әке, сен де, семья тұрмысының қуанышы мен күйінішіне қанып, кемеңгер болған, ақ шашты, балаларынның әкесі, немерелеріңнің атасы, сен де есіңде ұста мұны. Әке болу мен ана болу бақыты – көктен жауған құймақ емес, қыз бен жігіт, сендер күйеу және әйел болысымен – ақ мереке күнгі қонақтай келе қалмайды ол. Осы бір бақыт қиын да қиналдырып барып келеді, кімде-кім өзінің жеке басын ұмыттыруға дейін апаратын көп жылдық, бір сарыңды еңбектен қорықпаса, тек қана соған қонады ол. Ал бұл еңбектің күрделілігі – сол бір еңбектің, сана мен сезімнің, даналық пен сүйіспеншіліктің қоспасы және қазіргі сәттің тәтті дәмін тата отырып, тағат таппай келешекке де үңіле білу болып табылатындығында. Әке мен ананың данышпандылық осы қабілетіжоғалған жерде бақыт елеске айналып кетеді.
 Қорытынды:
Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі — педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету.
Бүгін де В.А. Сухомлинскийдің еңбектері өз мәнін жойған жоқ. Оның ізгілікке тәрбиелеу, жаңашылдық идеялары, ауыл мектебі жағдайында мектепішілік басқару, шәкірттерді жан-жақты дамыту, бағасыз оқыту, адамгершілік құндылықтарымызды шәкірттердің өз бойына сіңірудегі жаңашылдық ойлары – бүгінде өзекті, күн тәртібінен түспей отырған мәселелер.
 Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау
 Бағалау
Білім алушылардың өткен тақырыптармен жаңа тақырыпты меңгеруі және қатысуы ескеріледі.
 Үй тапсырмасы: Рухани өмірдің терең білімі және әр баланы дамытудың ерекшеліктері арқылы балаларды үйлесімді дамыту.
 Рефлексия

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №1. В.А. Сухомлинскийдің негізгі еңбектерін атап беріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №2.В.А. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» еңбегінің негізгі педагогикалық идеясын атап беріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Ізгілікті педагог В.А. Сухомлинский
Карточка №3.В.А. Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» еңбегінде қарастырған мәселелерді атап беріңіз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Василий Александрович Сухамлинский

В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.
Василий Александрович 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.
В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды.
1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды.
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды.

В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады.
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш ортамектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа күнді еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”,“Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады. Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.
В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.
Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.
Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.
В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”.
В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді.
Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты.
Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді. Тәрбие.орг сайтынан В.А. Сухомлинский – арды тәрбиелеу туралы Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Пікірлер: 0

avatar