«Жақсы көңіл күй – жан қуанышы»

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 82
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 14/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23316


Тренинг «Жақсы көңіл күй – жан қуанышы»
Мақсаты:
Жағымсыз Көңіл күйден арылу, күш қуат жинау, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, жігерлендіріп, көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілік: ақ қағаз А4, қарандаштар, музыка.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
1. Танысу
Аты-жөні : Өзіңізді неге теңейсіз? Не себептен? .
Мысалы: Менің аты – жөнім Айнур. Мен өзімді айға теңеймін. Өйткені мен өзімді ай сияқты әдемі, көрікті болуға лайықтымын деп санаймын.
2. Әр қашан күн сөнбесін! (арттерапия) .
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту, өз – өздеріне жағымды көңіл күй орнату.
Күн салып, күн шуақтарына тілектер жазылып, әр қатысушы жанындағыф көршісіне өзінің салған суретін, тілектер тілеу арқылы сыйлыққа береді.

3. Би терапиясы (жест,мимика)
Мақсаты: Барлық дене мүшелерін әуенмен қимылдата отырып, дене мүшелерін сергіту.
1) Қара жорға(Иыққа арналған, саусаққа арналған, көзбен, ерінмен, )
4. Қорытынды «Сіз ғажапсыз!»
Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз. Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді. Бірақ біз әрқайсымыз ғажайып қайталанбас тұлға. Бүгінгі тренингтің аяғында мен сіздерге «Сіз ғажайыпсың!» медальдарын ұсынып отырмын. Сіздер жеке тұлға екендеріңіз, ғажайып адам екендеріңіз ешқашанда ұмытпаңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Жақсы көңіл күй – жан қуанышы» Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дондагулова Салтанат Болатовна

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, "Жанерке" балабақшасы психолог

Пікірлер: 0

avatar