«Ұжымдағы микроклимат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 388
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 21/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20140


С. Датұлы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімдерге жүргізілетін тренинг

Тақырыбы:«Ұжымдағы микроклимат»

Педагог психолог: М.Чуренова
Мұғалімдерге жүргізілетін тренинг
«Ұжымдағы микроклимат»

Мақсаты: топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдалынылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беруін айқындау.

Тренинг сабақ құрылымы
1. Танысу
2. Дайындық кезеңі
3. Күлдіргі жұмбақтар, сұрақтар
4. Темперамент тесті
5. Тренингтер
А) «Жаңғақтар»
Ә) «Сіз» қандай жұмысшысыз?
Б) «Джунглида жауған жаңбыр»
6.Қорытынды

1. Танысу

2. Дайындық кезеңі
-Құрметті әріптестер! Бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Ұжымдағы микроклимат» деп алған себебім «микроклимат» деген ұғымды біз, мұғалімдер, ұжымдағы психологиялық хал-ахуал деп түсінеміз. Климат жағымды, жағымсыз түрде адамның өзіндік сезіміне әсер етеді. Демек климат туралы айтқан кезде ұжымның экалогиялық мінез психологиясын назарға аламыз.
Климат сөзінің ауқымы кең. Ол тек ұжымның психалогиясын ғана қамтымайды, сонымен қатар адамның жағдайына әсер ететін жағдайларды, ең негізгі-еңбекті ұйымдастыруды сипаттайды.
Психологиялық климат ұғымымен қатар шығармашылық климат сөзін де жиі естиміз. Шығармашылық климат-мектептің ішіндегі жағдайларға, мұғалімдердің кәсіптік –шығармашылық хал-ахуалына және оның кәсіптік өсуіне ықпал жасайды. соның ішінде ең негізгісі-адамдардың көңіл-күйі, бір-бірімен қарым-қатынасы. Жалпы осының бәрі бірігіп, «психологиялық климат» ұғымын құрайды. Психологиялық климаттың ең маңызды құндылығы-қызметкерлерді ұжымдағы өмірінің қанағаттандыруы.

3. Күлдіргі жұмбақтар, ситуациялық және қызықты сұрақтар

1. Кім барлық тілде сөйлейді /Жаңғырық/
2. Ата-анамен мұғалімнің арасындағы қақтығыс, шығу жолдары. Ата-ана мұғалімге келіп, «Менің балам өте ақылды, ұқыпты, ол күнде сабағына дайындалады. Ал сіз неге оған 3-тен басқа баға қоймайсыз? Сіз осылай істегендіктен, үйде жанжал көбейіп жүр. Бәріне сіз кінәлісіз» деп жылап қоя берді. Сіздің іс-әрекетіңіз.
3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады /Мысық/
4. Баланың тәртібіне ата-ананың селқос қарауына байланысты. Баласының тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет хат жолдаған, үйіне барып жолығуға келген мұғалім ата-анамен аулада кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда, «Менің одан да басқа маңызды шаруам болып тұр» деп ата-ана кетіп қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз.
5. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе /Ой-қиял/
6. "Балдәурен" байқауында Сіз төрешісіз делік. Екі өте талантты, бірінен бірі асып түсетін Әлия және Қуаныш атты әнші балалар ақтық сында. Соңғы сөз бен таңдау Сіздікі. Не істейсіз? Бір-ақ әнші жеңіске жетпек. 1 талантты таңдау үшін қандай амал қолданасыз?
7. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады. /Аспан суреті судан төмен көрінген кезде/
8. Сіз әншісіз. Концертте міндетті түрде ән айтуыңыз керек. Соңғы демде шығар уақытта "даусыңыз айтпастай жоғалды"...Не істейсіз ?
9. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы жағдай. Тұрақты мекен-жайы жоқ оқушы сабаққа күнде кешігіп келеді, өзінің киімдеріне де ұқыптылық көрсетпейді. Мән-жайды анықтамақ болғанда оқушы «Менің анам бізді әкеме тастап, кетіп қалды, әкем күнде ішеді, мені ұрады, кей кезде үйде тамақ та болмай қалады. Анама кетіп қалайын десем ақшам жоқ» деп жылап жіберді. Қарындасын шақырып «осы айтқандары рас па» дегенде «Аға бұныңыз не, әкем бізге қолының ұшын да тигізген жоқ қой, ауырса да біз үшін жұмыс істеп жүр емес пе, сізге күнде ақша беріп отырады. Анам үйде ғой» деп көзінің жасын сүртті. Ал, Данияр берген ақшаға компьютер клубында ойнайды екен. Сіздің іс-әрекетіңіз.
10. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? /іші толы бөшкеге/
Темперамент анықтау тесті.
Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МузАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың . концерт көруге келдің. Сәл кешігіп калдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам. Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?
А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу шығармын . (ХОЛОЕРИК)
Б) Қайтсемде, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы – жылы сөздер айтып. т.с.с. (Сангвиник)
В) Іштей өзімнен – өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай – ай» т.с.с. Өзімді – өзім кінәләп кетіп қаламын. (Меланхолик)
Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп қаламын (Флегматик )

ХОЛЕРИК: Денесінде сары өт басым.Бұл адамдар тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Холериктің сезімдері бет пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады.Холериктер күйіп-пісу,тез қозғалғыштық, әр уақытта да іс-әрекетке бейім келеді.Оларда психикалық үрдістер тез,жылдам жүріп жатады.Холериктер іс -әрекетке жылдам,қызыға құлшына кіріседі.Олар жігерлі,қызу қанды,кейде артық кетіп қалады,кейде ашуға,сезімге тез беріледі.
Жағымды жағы-белсенділігі,іскерлігі,іс-әрекетке тез енетіндігі,
Жағымсыз жағы- ұстамсыздығы,дөрекілігі,ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі.Олар тез іске кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді.Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез.Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.
Сангвиник: Денесінде қан басым.Бұл адамдар қозғалғыш, қызыққыш келеді.Көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады.Сезімге тез беріледі.Шапшаң ашуланып,тез арада күйіп-пісіп қалады.Ашуы тез басылады,кек сақтамайды,тез ұмытып кетеді,сәтсіздіктерді тез жеңе біледі, ұжымда беделді. Әртүрлі іске тез кіріседі, бірақ бір нарсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады,істі аяғына дейін жеткізе алмайды,тез арада суып қалады. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуі оңай, сезімі тез өзгеріп отырады.
Меланхолик: Денесінде қара өт басым. Жайбырақат күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады,бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады.Қозғалыста іс әрекетте баяу.Іс әрекетке бірден кірісе алмайды.Ырғалып жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса,аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегілер тез шаршайды. Эмоциялық көңіл-күйі жай пайда болады,бірақ тереңдігімен ,ерекше күшімен және ұзақтығымен ерекшеленеді.Жаны тез жараланғыш, көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды,кекті ұзақ сақтайды.Бұл типтегілер тұйық, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес адамдармен қарым –қатынас жасауы қиын.
Флегматик:Денеде шырынның, сөлдің басым болуы. Жай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді.Флегматик сезімі сырттай әлсіз аңғарылады.Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын.Сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Бұлар өте ұстамды, салмақты, сабырлы, іс -әрекетке баяу.Істеген ісін сапалы,тындырымды орындайды. Адамдармен қарым-қатынаста әруақыт та да орнықты, салмақты, ретімен адамдармен араласады, көңіл –күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдың басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайда тән-салбарлық,енжарлық,жалқаулық сияқты,жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.
Тренингтер
А/ Жаңғақтар
Мақсаты: Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынасын жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу.
Мазмұны: Жетекші әрқайсысына қоржыннан бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет, бірақ оған белгі салуға болмайды. Бір минуттан кейін жаңғақтар қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып, шеңбер ортасына төгеді. әрбір қатысушы өз жаңғағын танып тауып алу керек.
Талқылау:Қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді.т.б
Жаттығу орындалғаннан кейін грек жаңғағымен адамдар арасында олардың ұқсастығын тексеруге болады. Жаңғақтың құндылығы, оның ішінде орналасумен байқалады. Жаңғақ өте әдемі болуы мүмкін, немесе толық болуы мүмкін. Бейнелеп айтсақ адамдар да осындай жағдайлар кездесуі мүмкін, сондықтан адам туралы қанда да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды. Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қорғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезінуі үшін жаңғақ сияқты қабық жасап алуы ықтимал, ондайлар басқаларға тез ашылмайды. Қарым-қатынас жасауда осыны есте сақтаған жөн.
Ә/ «Сіз» қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз-осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. Бұл тестте жылқы –бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды, жұмысшы жылқылар деп атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
-Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
-Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
-Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.
-Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.
Б/ Релакциялық Тақырыбы: «Джунглида жауған жаңбыр» тренингі.
Мақсаты: иық, мойын, омыртқа жотасы аймақтарындағы бұлшық еттердің қысымын төмендету, босаңсу.
Жүргізу жолы: Барлығымыз бір- біріміздің соңынан тұрып, шеңбер құрайық. Енді сіздер қалың орманда «жунглида» жүргеніңізді елестетіңіз. Алғашқыда ауа- райы өте тамаша болды, күн сәулесі жерді жылытып, дала өте ыстық. Бір уақытта самал жел соқты. (Алдыңызда тұрған адамның арқасын қолыңызбен сипаңыз.) Жел соғуы күшейді (арқаларында қысым күшейді). Қатты дауыл соғып тұр (күшті шеңберлі қозғалыстар). Кейін ұсақ жауын жауды (алдыңызда тұрған адамның арқасынан жеңіл соғамыз). Енді нөсер жауын жауды (алақан және саусақтарыменжоғарыдан төмен арқаны сипаймыз). Бұршақ жауды (бүкіл саусақтарымен қатты соғыңдар). Қайтадан нөсер жауын жауды, жаңбыр себелеп тұр, қатты дауыл соқты, кейін самал жел соғып, кейін ол әлсіреді, табиғатта бәрі тынышталды. Қайтадан күн сәулесі шығып , дала жылынды. (Қимылдар қайталанады).
Ал енді 180 градусқа бұрылып, ойын жалғастырамыз.
Талдау:
Осындай массаждан кейін не сезінесіз?
Айтылған әрекеттерді қандай көңілмен жасадыңыз?
Өздеріңнің сезімдеріңмен ой бөлісіңіздер.
Қорытындылау:
Кері байланыс. Сонымен бүгінгі тренингтерімізден қандай әсер алдыңыздар? Не сезіндіңіздер?
-Бүгінгі психологиялық сабақтан өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін! Қатысқандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Ұжымдағы микроклимат» Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чуренова Молдир Сауытбаевна

С.Датұлы жалпы орта мектебінің педагог -психологы

Пікірлер: 0

avatar