«Өзімді не үшін білуім керек?»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 854
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20976


«Өзімді не үшін білуім керек?»
1 жаттығу «Жақсы тілек хаты»
Мақсаты: дұрыс ұйымдастыруға, топтың бірігуіне, көңіл күйдің көтерілуіне септігін тигізу.
Әр қайсысы өзінің тілегін бір тілім қағазға жазып қорапқа салады. Жүргізүші оны араластырып өздеріне қайта алғызады, яғни өздеріне басқа тілек алып топта оқып оны сақтап қою.
Сұрақ: 1) тілек жазу қиын болды ма?
2) сіздің тілегіңізді оқығанда қандай көңіл күйде болдың?
3) біздің тренингті жалғастыруға көңіл-күйіңіз жақсы ма?
2 жаттығу «Жағымды сөздер»
Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің айналасындағылардың
психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта
отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі
қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып
допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын
жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең дұрысы бір сөзден тұруы қажет.
Сұрақ: 1) жақсы сөз айту қиын болды ма?
2) айта алмай қалғанда қандай көңіл күйде болдың?
3 жаттығу «Өзін-өзі жарнамалау»
Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, өзінің психологиялық мінездемесін
анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсететін
қызметін, психологиялық ерекшеліктерін, икемділігін, жетістігін көрсетіп хат
жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған
соң, жүргізушу авторлардың есімін оқымай тек хаттың мазмұнын ғана оқиды.
Шеңбер бойында хатты талдау жүргізіледі. Хаттың авторын табу керек.
Сұрақ: 1) хат жазу қиын болды ма?
2) сіздің хатты оқығанда қандай көңіл күйде болдың?
4 жаттығу «Қарауыл»
Шарты: Ойыншылардың саны тақ болуы керек. Бәрі «бір-екіге» санап шығады.
Екінші нөмірлер орындыққа отырады, біріншілер орындықтың артында тұрады.
Жұпсыз қалған ойыншы бос орындықтың артында тұрады. Оның міндеті:
сөйлемей, ыммен, отырғандардың біреуін өзіне шақыру. Орындықтың
артындағы ойыншы «алдында» отырған ойыншының орнын ауыстырғысы
келетінін біліп қойған мезетте, оның иығына қолын қойып, жібермеуі керек.
Артқы ойыншы қолын үнемі отырған ойыншының иығының үстінде ұстап
отырмауы керек.
5 жаттығу «Өрмекші»
Топқа бір бума жіп беріледі. Кімге бірінші жіп түседі сол адам бір ұшын өзіне
қалдырып бума жіпті кезкелген қатысушыға береді. Беріп жатып жіпті
саусағына бір орап барып қазір өзін қалай сезінетінін, өзіне не ала алғанын
айтып барып беру. Буманы беру арқылы соңында өрмекшінің торындай өрмек
пайда болады. Соңғы адам кері байланыс арқылы яғни өзінің бүгінгі күнен
алған әсерімен және өзгелерге не тілейтінін айтып барып беру арқылы өрмекті
шешу.

Педагог-психолог: Танагузова Ұлбосын Аутжановна
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы
Алматы облысы Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылы Тәрбие.орг сайтынан «Өзімді не үшін білуім керек?» Психологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Танагузова Ұлбосын Аутжановна

Пікірлер: 0

avatar