Жеткіншек жастағы тұлғааралық қарым-қатынасты жақсарту

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 1157
  • Психологиядан презентациялар
  • 24/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18808


Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға айналасындағы адамдармен, ортамен, өз-өзімен дұрыс қатынас жасауда сүйенетін психология саласынан мағлұмат беру. Дау-жанжалдың, кикілжіңнің туындау себептері, мінез-құлық, сөйлеу мәдениетінің адам ағзасына әсер етуі. Дамытушылық: оқушылардың практикалық жаттығу жұмыстарын жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, саналы шешім қабылдауға баулу. Тарбиелік: салауатты өмір сүруге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайдтар, парақшалар, қалам, фломастер, орындық, жіп. Әдіс-тәсілдер: интерактивті тақта, түсіндіру, ойын жаттығу.

Ұйымдастыру кезеңі: жеткіншектік шақ өзіне тән көптеген кикілжіңдермен қарама-қайшылықтардан тұрады. Жасөспірімге ересек адам ретінде қарай отырып, оның үнемі көмекпен қолдауды қажет ететінін ұмытпау керек. Жеткіншектерде үлкен адамдар сияқты қарым-қатынаста түрлі себептермен ренжісіп қалады. Кикілжің туады. Кикілжің бұл-адамдар арасындағы таластан екі адамның қайшылығынан туындайды. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне де байланысты болады. Көңіл күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы.

Адамның ары таза, көңілі ақ болса, ол еш уақытта адамға жамандық ойламайды. Бұл қарым-қатынастың ізгі жолы. Сондықтан бір-бірімізге жылы лебіз айта жүрейік. Тренингті А.Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келіп тұр. Тәрбие.орг сайтынан Жеткіншек жастағы тұлғааралық қарым-қатынасты жақсарту Психологиядан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ҚОСАХОВА АЙГЕРІМ БЕЙСЕНБАЕВНА

ОҚО ЖЕтісай қаласы Асық-ата елді мекені Мақталы ауылы №34 А.Чехов атындағы ЖОМ ПЕдагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar