Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
мамандығым мақтанышым
  • 11.03.2016
  • 376 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17227

Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым
Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, шығармашылық
қабілеттерін, кәсіби құлшынысын арттыру, бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау,
ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас
орнату.
Қатысушылар: жас маман ұстаздар
Жұмыс түрі: Тренинг

Тренинг барысы

I. Ұйымдастыру кезені
1. Сәлемдесу, тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау.
Кіріспе сөз.
Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар!
«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, әр адамның арманы болады, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болғысы келеді. Әр жас адам мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз көзқарасы жанжақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуі үшін ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат – жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, көңіл-күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
3. Тренингтің тәртібімен таныстыру
Тренингтің тәртібі:
- Ойынның шартын орындау, белсенді қатысу
- Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды
- Қатысушыларға құрметпен, түсінушілікпен қарау
- Ренжімеу
- Уақыт үнемдеу
- Басынан, аяғына дейін жұмыс істеу.

4. «Танысу» жаттығуы. Жас мамандарды 2 топқа бөлу
Жаттығу барысы:
Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан-жаққа тарайды. Оларға 3-5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жуптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жұптардың міндеті: бір-бірін тыңдап, кейін әркім өз жубын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.
II. Негізгі бөлім. Топтық жұмыс.
1. «Кәсіптік герб» жаттығуы
- Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге топтарыныздың кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әр топ өзінше пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті маркерлер үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:
- Топ мүшелері өздерінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін бейнелейді;
- сізді бақытты етуге студенттерініз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;
- сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.
Топтардын түсіндіруі, талқылау
Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің
көмектескенін бірлесіп айқындаган жөн.
- Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!

2. «Жақсы - жаман» ойын - жаттығуы
Бір топ мүшелері бастайды: «Мен мұғаліммін, бұл өте жақсы, өйткені ...» – жақсы жағын бір
сөйлеммен түсіндіреді.
Келесі топтын мүшесі: «Мен мұғаліммін, бұл жаман, өйткені ...» – жаман жағының себебің
түсіндіреді. «Жақсы» мен «жаман» кезектесіп айтылады. Ойынды «жақсы» деген дәлел мен
бітіру манызды

3. «Паровоз» ойыны
Тренингке қатысушылар орындарынан тұрып, бірінің артына бірі белдерінен ұстап тұрады. Бірінші тұрған адамнан баскасы көздерін жұмады. Бірінші көзі ашық адамның міндеті: паровозды бөлмедегі кедергілерден өткізу, басқалардын міндеті оған сеніп жүру.
Талқылау:
Сіздер бұл ойында өздерінізді вагон ретінде қалай сезінініздер?
- Бұл ойын ұжым мүшелерінің сенімділік пен ұйымшылдығын арттырады.
Сіздер, шамасы, ептеп шаршаған шығарсыздар. Олай болса, бой сергіту жаттығуын жасайық.

4. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
Қатысушылар шеңбер жасай тұрады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, жүзу
білетіндер орын ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей
кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам
тұра қалу. Кім алмасып үлгіре алмаса, сол жүргізуші болады.
Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар!
Бұл жаттығу шапшандыққа үйретеді және де біз бір – біріміз жайлы тағы қосымша
мәліметтер білдік.
Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.

4. «Чемодан» жаттығуы
«Білім – теңіз, мектеп – кеме» дегендей, сіздер, жас ұстаздар, «білім теңізінің кемесіне мініп ұзақ кәсіби жолға, қызықты сапарға шығасыздар. Әр жолға шығушы адам чемодан дайындайды. Сіздер де ұстаздық кәсіби жолға шығу үшін керекті заттардын барлығын салып чемодан даярладыныздар. Заттар: тілектер, кенестер, мақсаттар, қасиеттер жақсы ұстаз болуға көмектеседі.
Талқылау
Сізге қиын болған жоқ па?
Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?
Қанеки,бір-бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!
Біздің тренингіміз аяқталуға жақындап келеді.

III. Қорытынды бөлім
1. Сөзімді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- саяси-экономикалық
және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге
икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырымымен

қорытқым келеді. Ол үшін біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес,
болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп
отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен- өзі айқын. Осындай
қасиеттер ғана ұстаздық бақытқа жетелейді.

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі
боламын десеңіздер бүгінгі тренингімізді жадыңызда ұстап, ілім - білімді, еңбекқор,
бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай
ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе,
бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс
– табыс биігіне жеткізетін қанат.

2. Ал енді барлығымыз «Жас мамандар әнұраны» орындайық

Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,
Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.
Жастық жалын жігерімен шабыттанған,
Жаңа келген жас маман.
Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,
Жастық оты лапылдаған бойымызда.
Арманымыз бірге, орындалсын күнде,
Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.
Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,
Келешекте ісін жалғап біз барамыз.
Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің
Ой санасын ашамыз.
Қайырмасы:
Білім беру жолында еш аянбаймыз,
Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз.
Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар.
Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар! Тәрбие.орг сайтынан мамандығым мақтанышым Открытие уроки по русскому языку материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мүбаракова Нағи Темірқұлқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі Орыс тілі пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Открытие уроки по русскому языку
Көрсетілім: 376 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar