Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«12 Сәуір –Ғарыш күні»
  • 15.04.2016
  • 776 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18649

Максаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивтті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс- тәсілдер: жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Шаттық шеңбер:Күлімде,күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде күн, күлімде,
Жайнай түсті күнім де.
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарық-жарық еткен түнімде.
Тәрбиеші: -Міне менің қолым, жылуыма жылу қос!
-Балалар жүрек жылуын сезіндіңдер ме?
-Ия
-Ендеше орындарыңа жайғасыңдар
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Кім маған айлардың атын атап береді
-Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру оқу іс-әрекеті
болады.
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасыргым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым.
Марсқа ұшып тұрамын.
Ғарышкер
-дұрыс айтасыңдар
- Балалар, он екенші сәуір ғарышкерлер күні.
-Айға ұшып, айға сапар шеккендерді ғарышкерлер деп айтамыз.
Зымыранмен ғарышкерлер ғарышқа ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы Ю.А.Гагарин болды. Ю.А.Гагарин бұрын ең бірінші ит Белка Стрелка ұшырылған.
-Ал, Қазақстаннан ең алғашқы ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?
-Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер –Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев. Олар ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ер жүрек болу үшін білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. сондықтан осылардың сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған балоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады.
Сергіту сәті: Табиғат неткен көрікті,
Жапырақтай жайқалып
Гулдей жайнап өсеміз.
Бір отырып,бір тұрып ,
Билеп –билеп аламыз.
Слайд: «Ғарыш әлемі»

Д/о: «Ғарышқа ұшу»
Нұрәділ: Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз,
Марсқа дабарамыз
Ұшамыз біз айға да
Біз ғарышкер боламыз.

Ақсәуле:Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы.
Сонша неткен сай,епті,
Сонша неткен күшті әрі.

Еш адамға жолықпас,
Гүлге толмас қушағы.
Сонда да бір жалықпас,
Күні- түні ұшады.
Тәрбиеші: -Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
-Балалар ғарышқа не ушін ұшады?
-Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
-Аспанда нелер болады , балалар?
-Күн, ай , жұлдыз, бұлттар болады?
-Дұрыс айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен
ұшады?
-Ғарышқа зымыранмен ұшады.
-Ал зымыран бізге не үшін қажет?
Зымыранмен кімдер ұшады?
Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?
Балалардың жауаптары таңдалады



Тексерілді:
«№14 Шынар балабақшасы»
директоры: Г.С.Узакбаева



Тақырыптық оқу іс-әрекеті
«12 Сәуір –Ғарыш күні»
№3 «Ақшолпан» естияр тобы

Тәрбиеші: Қалжанова А.Қ

2016ж Тәрбие.орг сайтынан «12 Сәуір –Ғарыш күні» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калжанова Анаргул Косановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 776 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar