16-желтоқсан тәуелсіздік күні Тақырыбы: "Тәуелсіз елім Қазақстаным"

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 310
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 27/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23624


Абай атындағы «Мектеп-бала бақша кешені» КММ

Тәрбие сағаты
16-желтоқсан тәуелсіздік күні
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім,Қазақстаным»

Өткізген: «Балдырған» тобының тәрбиешісі: Оспанова И.К

2017-оқу жылы
Тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстан!
Күні:
Мақсаты: Елім менің тәуелсіздік жерім менің,Күннен алған өмір демің.Рухым ұлтық өсіпті, өлместей боп,Көк байрағың төбемнен көрінген күн! Қазақ деген қалың жұрт,бәрін кешті басынан.Тәуелсіздік туынды биікке көтер жас ұлан! Міне,бүгінгі күн ,бүгінгі қуаныш,бүгінгі мереке,біздің ата бабаларымыздың аналарымыздың аңсап,армандап,сол арманын орындалған күні.Яғни Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіз республика болып жарияланды.Құрметті ата-аналар,қонақтар,балалар Еліміздің тәуелсіздік күні баршанызға құтты болсын!Балалардың арманы ,дарып алақанымызға қонды.Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!Еліміздің өсіп-өніп,шынға жетіп өркендеуі-біздің жетістігіміз. «Тәуелсіздік елім-Қазақстаным»атты мерекелікертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Ортаға бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім-сөйлер сөзім,
Туған жерім-сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика әнұраны(Әнұран орындалады).
Тәрбиеші балалар,бүгін біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар:Тәуелсіз алған біз қандай мерекені тойлап жатырмыз!
Тәрбиеші дұрыс айтасыңдар,балалар.Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.Сонау дүбірлі батырлар заманнан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті,талай қиыншылықты бастан кешірді.1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісінде өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті.Ербол,Қайрат,Ләзәт,Сәбира сынды аға-апаларымыздың тағзым етіп,бір минут үнсіздікпен еске алайық. «Балдырған» тобынын Тәуелсіздігімізге арнауы бар екен(хор мен айтады) қане бәріміз тыңдайық.Өнерпаз өркендерге тамсанайық.Ән шашуын біздерге алып келген. Кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.Қазақ биі қарсалайық.
Тақпақ: 1 бала Ерліктері ұрпақтын
Болашаққа бастайды.
Мәңгілік от жас Қайрат
Жүректерде маздайды.
2 бала .Отанды жас кәріміз
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Күн күлімдеп шығады.
3 бала.Желбіресе көк туым,
Қазақты әлем тындады,
Көтерілер шоқтығым
Туымдағы алтын күн.
Тәрбиеші жарайсыңдар,балалар!
Уақытымыз тәмәндап қалыпты.Осымен Тәуелсіз елім атты ертенгілігімізді аяқтаймыз.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан 16-желтоқсан тәуелсіздік күні Тақырыбы: "Тәуелсіз елім Қазақстаным" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспанова Индира Канапияновна

ШҚО Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы Абай атындағы "Мектеп-бала бақша" кешені КММ Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar