Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
1-5 сандары.
  • 22.12.2016
  • 97 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20635

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.0Kb)

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:11.11.2016ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 1-5 сандары.
Мақсаты:5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2-5 сандарымен және цифрымен таныстыру; заттар тобын салыстыруды үйрету, «=» белгісі.
Қостілді құрам:төрт-четыре, қабат-этаж, кіреберіс- подъезд.
Негізгі
іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Дидактикалық көрнекіліктер Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.

Қане, балалар, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа барамыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
• Балалар , осы жақсы көңіл күйімізбен орнымызға отырайық.
• Жылдың қай мезгілі, қай ай?
• Бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Шеңбер болып тұрады

Орындарына отырады.

Балалар жауабы.
Ұйымдастыру, іздену

Дәптермен жұмыс.

-Балалар, дене мүшелеріңнің қайсысы екі-екіден екенін, қайсысы біреуден екенін, ненің үштен артық екенін айтыңдаршы.
-Дұрыс айтасыңдар. Енді біз өткен сабағымызды қайталаймыз.

Балалар, тақтаға қараңдаршы. Орманда кірпі жүр екен.
• Кірпінің үстінде қандай жеміс тұр балалар?
Балалар осы алмалардың артында сіздерге арналған тапсырмалар бар екен.
• Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?
№1 тапсырма. Топтардағы затты сана. 2,3,4,5 заттан тұратын топтарды ата. Саны тең заттар тобын қоршап сыз. Шамаң келсе заттар қандай топтарға бөлінгенін атап бер. Саны тең заттарды цифрмен белгіле.

Сергіту сәтін орындау
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
2 тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық және үштен артық шырағдандарды боя.

№3 тапсырма. Сәйкес заттарды тап.
Заттың қасиеттерін бекітуге арналған үлестірмелі материалмен жұмыс:
Заттарға көз жүгірт. Әр карточкадағы заттарға не ортақ? Әр карточкадағы заттарды топқа жіктеуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата. Дене суреттері

Кірпі, алмалар
Қол , аяқ, көз, құлақ екеуден. Мұрын, ауыз, бас біреуден.

Алма

Ия

Заттар санын естеріне сақтайды.

Қимылмен көрсетеді.

Тапсырмаларды орындайды.

Карточкалармен жұмыс жасайды.

Рефлексивті түзету Балалар сабақ сендерге ұнадыма?
Нелермен таныстық?

Бір аптада неше күн бар екен?
Атаймыз.
Балаларды мадақтау. Өз ойларын айтады.
Дене мүшелерінің санымен, есептер -мен таныстық.
7 күн бар.
7 күнді атайды.
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: заттарды, пішіндерді топтастырады.
Қолданады: заттарды салыстырғанда аз-көп сөзін дұрыс қолданды.
Түсінеді: суреттерге қарап санауды түсінеді Тәрбие.орг сайтынан 1-5 сандары. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Алмагуль Мирасбековна

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы "Октябрь орта мектебі" ММ Даярлық сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 97 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar