1.Тіл дамыту Жануарлары қалай дыбыстайды

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 450
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23521


«Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Мақсаты:
1) үй жануарларымен таныстыру;
2) жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбы¬стайды?» сұрағына жауап беруге үйрету;
3) жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б.
Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Күтілетін нәтиже:
- үй жануарларының аттарын біледі;
- сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын игереді;
- үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті меңгереді.

Балалармен сәлемдесіп , шаттық шеңберге тұрғызыу:
Топ, топ басайық
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса , жаса жарқын күн!
Сәтті болсын күніміз! - деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Балалардың көңілін суретке аударады.
Мынау - сиыр, мынау - жылқы, мынау - қой. Бұлар - үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті - тамак, жүні, терісі-киім.

Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың, қойдың түстерін сұрайды.

Үй жануарларын кайдан көргендері туралы сұрайды.
-Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).

Әкелген жылқы, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, енді осылардың калай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
-Қой «мә-мә» деп маңырайды;
-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;
-Түйе «бө-бө» деп боздайды;
-Жылқы «иһо-иһо» деп кісінейді. Балаларға дауыстарын айткызып қайталатады.


Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
1. «Даусынан таны?» дидактикалық
ойыны.
Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан не екенін табады.
2. «Төлдерін тап!». Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.
3. «Қошақаным» - әнін айту
Балалар өлеңге қуанушылық танытады.

Өлеңді тыңдайды.

Балалар суретке көңіл аударады. Түсінуге тырысады.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

Ойыншықтарды
әкеледі.
Сипаттауға
ұмтылады.
- Мынау - сиыр,
түсі қара, үлкен т.б

Ойыншықтарға қуанады.

Бірге қайталайды. Дауыстарын салады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жануарлардың аттарын айтады.

Төлдерін табады.

Рефлексиялық-түзетушілік


Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді.

Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді, сөздерді айтып
үйренеді.

Күтілетін нәтиже:
- үй жануарларының аттарын біледі;
- сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын игереді;
- үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан 1.Тіл дамыту Жануарлары қалай дыбыстайды Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұмағалиева Айсұлу Чаудирбайқызы

Маңғыстау облысы Қарқия ауданы Мұнайшы ауылы " Балауса" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar