"3 саны мен цифры"

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 362
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 26/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23201


Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:3 саны мен цифры

Күні:24.10.2017
Тобы:"Қызғалдақ"тобы
Тәрбиеші:Алиева Айгерим

2017-2018 оқу жылы

Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру.
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу;
Білімділігі: Құрамында 2 және 3 заттар бар топтарды салыстыруға, заттардың санын атауға, теңдік және теңсіздікті орнатуға үйрету.
Дамытушылығы: балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Тәрбиелілігі: Мұғалімді мұқият тыңдауға,3 санын өмірлік тәжірибеде қолдануға тәрбиелеу;
Көрнекілігі:3 цифры,3 санына байланысты көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
дамытушылық І.Шаттық шеңбері
-Қайырлы таң ,достарым!
Қайырлы таң,ұстазым!
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.
-Доброе утро,друзья!
Доброе утро,учитель!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра.
-Good morning, Good morning
Good morning to you.
Good morning, Good morning
We are glad to see you.
ІІ.Күз мезгіл туралы өлеңді мнемокесте арқылы айту.

Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?


-Балалар қазір қай мезгіл?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?Ауа-райы қандай болады?
-Күз мезгілінің неше айы бар?

ІІІ.Жаңа сабақ
Мнемокесте арқылы жаңа сабақпен 3 санымен таныстыру.

-Балалар суретке қарайықшы суретте 3 бірдей таяқша,"Үш торай","Үш аю", сағат тілі 3 көрсетіп тұр,үш бұрыш және де үш түрлі түсті көрсеткен.
-Осы суреттегі заттар қандай санды білдіріп тұр?
-Өте жақсы балалар олай болса орнымыздан тұрып сергіп алайық.

ІV.Сергіту сәті.
"Аяқпенен топ-топ-топ"

-Балалар бүгінгі өтетін санымыз 3 саны екен.
Балалар 3 саны ІІІ бірліктен құралады.
3 саны 2 санынан кейін тұрады.
Суретке қарайық 3 саны өмірде кездесетін қандай заттарға ұқсайды екен?

V."Санамақ"ойыны
Кел,санайық,санайық
Санайық та табайық.
Ойын аты санамақ
Жаңылмай біз санайық
1,2,3; 3,2,1

Олай болса балалар өткен 2 санымызға 3 санын қосып тура және кері санайық.

VI."Адасқан сандар"ойыны
Балалар адасқан сандар ойынын ойнайық.

Ойынның шарты:сандарды ретімен орналастыру.

VII.Үлестірмелі суретпен жұмыс
1)3 санын ауада жаздыру
2)3 санын қағазға бастырып жаздыру
3)Сандардың ішінен 3 санын тауып бояу.

VIII."Сәйкесін тап" ойыны
Үлестірмелі қағаздағы суреттерді цифрмен сәйкестендіру.

IX."Кім жүйрік"ойыны
Жұмбақ шешу.
1.Үш көзінде жалын от,
Ал,бірақта жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жабылар.
2.Үш тілі бар тақылдап
Жаңылмайтын ақылды-ақ.
3. Үш дөңгелек,бір орынды,құлақты
Балдырғандар көп мінеді бұл атты.

-Ал енді балалар 3 санына байланысты ауызша есептер шығарайық.
1.Бес саусақтың екеуін,
Досы сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
2. Көлде 2 балапан жүзіп жүр.
Оған тағы бір балапан
келіп қосылды?
Көлде барлығы неше балапан болды?
3. 2 еді түймедақ,
1 еді қызғалдақ.
Қанша болды көріп ал?
Санадағы,теріп ал.
X.Салыстыру
Балалар тақтаға ілінген суреттерді салыстырайық.

XІ.Қорытынды
1. Қандай санмен таныстық?
2. 3 саны неше бірліктен тұрады?
3. 3 саны неге ұқсайды?
4. 3 санының алдында қандай сан тұрады?


Балалар үш тілде шаттық шеңберін орындайды.

Балалар бәрі өлеңді қайталап,қосылып айтады.

Күз мезгілі екенін айтады.

Күз мезгілінің салқын болатынын,адамдар жылы киінетінін,құстардың жылы жаққа ұшатыны туралы айтады.
Қыркүйек,қазан,қараша

Балалар 3 саны екенін табады.

Сергітуді балалар орындарынан тұрып қимылмен орындайды.

3 санының ІІІ бірліктен тұратыны айтады,
Қандай заттарға ұқсайтыны айтады.

Балалар тура және кері санайды.

Ойын ойнайды.

3 санын жазып,бояу

Бағдаршам

Сағат

3 аяқты велосипед

3 саусақ

3 балапан

3 гүл

Салыстыру жұмысын жүргізеді

Бүгінгі оқу іс-әрекетінен не білгендерін айтады.


Рефлексиялық - түзетушілік Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. - Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер. Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 3 цифрын білу;
игереді: сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды;
меңгереді: теңдік,теңсіздік орнатуды меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан "3 саны мен цифры" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алиева Айгерим Сагытжановна

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы № 9 орта мектебі Шағын орталық тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar