8-наурыз ертеңгілік кеші

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 140
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23279


8-наурыз ертеңгілік кеші
(ортаңғы топ)
Жүргізуші: Армысың әжелерім,аналарым.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Бұл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар,ақжаулықты әжелер,асыл да аяулы аналар,бала бақша қызметкерлері сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тақпақтар: Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқорысың сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу шашамыз
Ән: "Ақ мамам"
Музыка ойналады.
Музыка залына Ханзада кіреді,қасында көмекшісі бар.
Жүргізуші: Қош келдіңіз ұлы Ханзада
Ханзада: Хош көрдік,біз осында сұлу ару қыздардың мерекесі өтіп жатыр деп ханшайымдардың мерекесіне келдік,дұрыспа?
Жүргізуші: Олай болса міне,төрлетіңіз ғажап сіз бізге мынадай әдемі мерекеге келгеніңіз дұрыс болды.
Ханзада көмекшісіне қарап: "Оқы менің жарлығымды,бар халық естісін!"
Көмекшісі хатты оқиды: "Мен ұлы дала патшасының шөбересі атым-Ескендір ханзадасымын! Осы кеште әдемі, мінезі салмақты, ару ханшайымымен танысқым келеді.Менің көңілімді көтеріп,маған ұнаса сол ханшайымға үйленемін,өзіме жар етіп аламын!"
Жүргізуші: Әрине келгеніңізге қуаныштымыз, қанекей, отырыңыз,көңіліңізді бір көтерейік.
Ханзада отырады.
Жүргізуші: Балалар сендер саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Олай болса мына кілемшеге отырыңдар.Балалар кілемшеге отырып,саяхатқа барады.Көздерін жөмады.
Музыка ойналады.
Жүргізуші: Міне ғажап,біз шығыс еліне тап болдық.Қане балалар қарап тамашалайық.
Музыкамен ортаға Шахерезада шығады.
Жүргізуші: Сен кімсің,әдемі ару қайдан келдің?
Шахерезада: Сәлеметсіздерме? Мен Израихмидің қызы,тахир сарайынан,осында Ханзаданың жарлығын есітіп, соған сәлем берейін деп,жәнеде мына ақ жаулықты аналарды бүгінгі мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші:Ал сен қандай сыймен келдің,балаларды таң қалдыратын өнеріңді көрсет.
Шахерезада: "Ортаға келіңдер,менің ханшайымдарым"- деп өзінің ханшайымдарын шақырады.
Жүргізуші: Бәрекелді қандай би рахмет
Ханзада: Керемет би тамаша.
Ән орындайды.
Жүргізуші: Олай болса,балалар саяхатымызды жалғастырайық, мына кілемшеге отырыңдар.Балалар кілемшеге отырып,саяхатқа барады.Көздерін жұмады.
Музыка ойналады.
Жүргізуші: Міне ғажап,біз орыс еліне тап болдық.Қане балалар қарап тамашалайық.
Музыка дыбысы естіледі: Жүргізуші:Балалар қараңдаршы бізге ноутбуктан орыс елінен хат келіпті,ашып оқимыз.Анастасия ханшайымы жіберіпті.
«Сәлеметсіздерме? Мен орыс ханшайымы боламын- Анастасия аруы.Осындай мерекеге ұлы шахзадамыз келіпті мен шексіз ризамын.Аналарды,әжелерді ару қыздарымызды шын жүректен құттықтаймын!Орыс халқы мен қазақ халқының достығы әрқашанда мәңгі болсын!Сіздерге арнап орыс ойыны "Ќұймаќ"ойынын арнап сыйға тарту етемін.»
Балалар ортаға ойын ойнауға шығады.
Атрибуттар: екі таба,сурет құймақ пісіруге,екі тарелка
Ханзада: "Рахмет өте керемет ойын болды"
Жүргізуші: Ханзада біздің балалар аналарын қатты жақсы көреді.Сондықтан қазір сізге тақпақтарын айтып берсін.
Менің мамам мұғалім
Менің әжем шын ғалым
Одан шыққан кәріде
Озып шыққан бәрінде
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ән қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақын маған
Ол жанымда жүрсе күнде
Батырларша батылданам-ол менің алтын анам.
Бала,бала бала деп
Түнде шошып оянѓан
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Өзенді көлді шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан
Жүргізуші: Балалар саяхатымызды жалғастырайық.
Олар кілемшеге отырып,көздерін жұмады.
Жүргізуші: Ой алақай бізде жетіп алдық.Көздеріңді ашыңдар. Жан-жақтарыңа қараңдар біздер көршілес өзбек еліне келіп қаппыз.Олай болса тамашалайық.
Сырттан музыка үнімен ортаға өзбек ханшайымы шығады.
Жүргізуші: Сәлем бердік өзбек ханшайымына.
Ханшайым: Сәлем берейін халқыма, сонау бауырлас өзбек елінен дұғай сәлем.өзіме келсек- Гулчетай аруы боламын.Махмуд бабайдың немересімін.Осында шахзада келіпті.Қыздардың мерекесіне құттықтап деп естідім қателескен жоқпын ба?
Жүргізуші: Қош келдің біздің ортаға Гулчетай.Қандай өнерің бар бізге тарту ететін.
Гулчетай: Мен біріншіден барлық аналарды әжелерді қыздарды мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймын!Ал өзіме келсек өзбек халық биін тарту етемін қабыл алыңдар.
Өзбек биі
Жүргізуші: Рахмет биіңе көңілді көтеріп тастадың.
Ханзада: Жақсы билейді екенсіз,сәлем айтып барыңыз бауырлас өзбек халқыма.
Гулчетай: Сау болыңыз Ханзадам кездескенше.
Ән: Көктем әні
Жүргізуші: Балалар қане саяхатымызды жалғастырайық.
олар кілемшеге отырып,көздерін жұмады.
Жүргізуші: Балалар қараңдар біз үнді халықтары тұратын Дели қаласына тап болдық.
Әр жақтан музыка ойналып ортаѓа үнді ханшайымы кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе кім боласыз?
Үнді ханшайымы: "Сәлем бердім үнді халықтарының атынан-Рашии аруы боламын.Өзім сондай биязы,керемет тамақты дайындаймын.
Жүргізуші: Рашии ханшайым сіз мына мерекеге келгенің жақсы болды.Біздің балалардың мерекеге арналған тақпақтары бар,тыңдаңыз.
Сыйлаймын мен әнімді
Саған арнап жаттаған
Мейрамымен бүгінгі
Құттықтаймын анашым
Көгімде күн болып
Жұлдыздай жанасың
Аман бол әрдайым
Аяулы анашым
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналарды қуантып
Аман есен жүріңіз
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр тәсілді
Мөлдір аспан ашылып
Күн пердесі сөгілді
Үнді биі.
Ханзада: Керемет пай-пай қандай би десеңші.Рахмет саған Рашии ханым.
Рашии: Қадірлі аналар,ардақты әжелер,ару қыздар сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын.
Жүргізуші: Рахмет саған Рашии әдемі биіңе,мың бұралған беліңе,бізден сәлем айта бар үнді еліне.
Рашии: Сау болыңдар,рахмет.
Жүргізуші:Балалар Біз соңғы саяхатымызды жалғастырайық.
Балалар кілемшеге отырып,көздерін жұмады.
Жүргізуші: Балалар көздеріңді ашыңдар,біз келдік.
Айналаға қараңдар,қазақ жерінің кең байтақ еліне тап болдық.Мен Бәйтеректі көріп тұрмын.Қандай керемет,ару қала Астана.
Музыка ойналып: ортаға қазақ аруы шығады.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, ару қай жақтан келесіз?Кім боласыз?
Ару қыз: Сәлеметсіздерме халайық.Мен ару қала Астанадан келемін. Айкөркем ару мен боламын.Сіздерді бүгінгі 8-наурыз әйел-қыздар мерекелерімен құттықтаймын,әрқашанда сұлу болып жүре беріңіздер!
Мың бұралып билеген
Қыздарды кім сүймеген
Күміс көмей қыздарға
Кімдер басын имеген. Қазақ биін тарту етемін
Жүргізуші: Балалардың әжелерімізге де арнаған тақпақтарын біледі.Тыңдаңыздар.
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын әнім,беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын
Өскенде ал мен енді
Айналайын әжемді
Сыйлық әкеп әжеме
Таң қалдырам бар енді
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де арадақтап
Әдеппен бас иеміз
Ән: "Әже"
Ханзада: Мереке көңілді өтті.Қандай керемет,тамаша.Барлық аналарды, әжелерді,ару қыздарды шын жүректен құттықтаймын.Баршаңызға аспанымыз ашық,заманымыз тыныш,әрқашанда тыныштық тілеймін!Барлық ару ханшайымдар ұнады.Бірақ ішінен таңдау өзіме келсе мен Айкөркем ханшайымын өзіме жар етіп аламын.Рұқсат болса,әрине.
Жүргізуші: Аналар,қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгімізді аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға.
Ән: Төреғали Төрәлі "Мен қазақ қызға үйленемін"
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Тәрбие.орг сайтынан 8-наурыз ертеңгілік кеші Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Метерова Акгул Амандыковна

МКҚК №10 "Волшебный замок"балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar