Аққала

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1461
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19316


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Білім көздері: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Аққаланың суретін көрсете отырып,аққаланың дене бөліктерін, әр түрлі көлемдегі домалақтар жасау арқылы,ермексазбен қалай мүсіндеу керектігін үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұқыптылықпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, ойын.
Көрнекіліктер: Слайд, интерактивті тақта, аққаланың суреті
Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз,тақтайша.

Жүрісі:
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Астын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн,достар.
Сәлематсыздар ма,апайлар.

Жұмбақ жасыру
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Слайдпен қыс мезгілінің көрінісін көрсету.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атаңдар?
-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері болады?
-Қысқы ойындарды ата?

Жұмбақ жасыру
Шелек қалпақ басында ,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Аққала» екенін хабарлап, аққала туралы әңгімелесу.
Дұрыс жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?
Балаларға сұрақтар қойып сұрау.
-Аққала қандай пішіндерге ұқсайды?
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Аққаланың түсі қандай екен?
-Аққаланы неден жасаймыз?
-Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?
Балалар бүгін біздер ермексаздан аққаланың мүсіндейміз. Ол үшін ермексазды алақан арасына салып жұмсартып, ақ түсті ермексазды пайдаланып, аққаланың дене бөліктерін, қолын, басын шелектен, қара түсті пайдаланып көзін, қызғылт түспен мұрнын мүсіндейміз.

Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр»
Ойынның шарты: қиып дайындалған, аққаланың дене бөліктерін ретімен орналастыру керек.
Сұрақтарға жауап алу.
- Балалар қыс, аққала туралы кім тақпақ біледі?
- Ермексаздан ненің бейнесін мүсіндедік?
- Аққала неше бөліктен тұрады?
Оқу іс-әрекет соңында балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, қуанышты хабарлама тарату.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: әр түрлі түсті ермексазды пайдаланып, аққаланы мүсіндей біледі.
Игереді: қыс мезгілі, аққала туралы тақпақ айтып, жұмбақты шеше біледі.
Меңгереді: ойын барысында ойынды қызығушылықпен ойап, меңгере біледі. Тәрбие.орг сайтынан Аққала Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сүндетова Күнзира Рахымқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектеп Шағын орталық тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar