АҚҚАЛА

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 440
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22713


Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу іс-әрекеті: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
Білімділігі: қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,жапсырудың домалақтау әдісімен таныстыру.
Дамытушылығы:әңгімелеу арқылы баланың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:қыс бейнесінің суреттері,аққала.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,ой қозғау,сұрақ-жауап,ғажайып сәт,жұмбақ,өлең оқу,жапсыру,бағалау.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық
Қозғаушы

Іздену
Ұйымдастыру

Рефлексия Сәлемдесу
«Сәлем сөздің патшасы» амандасу адамгершіліктің бастауы.

Ой қозғау.
-Қәзір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдар?
-Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қыста қандай ойындар ойналады?
-Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ғажайып сәт
Балалардың назарын әдемі қорапшаға аударамын.Қораптың ішін ашып хат барын хабарлаймын.Хатты сендерге ақшақар жіберіпті.Ақшақардың көптеген тапсырмалары бар екен.
1-тапсырма;Суретпен жұмыс.
-Қыста күн суық ызғарлы болады.Қар жауады.
Қардан балалар әдемі аққала соғып ойнайды.Аязды күнде біздің терезелерге аяз оюлар салады,оны қырау дейді.Қыс мезгілі өте қызықты,көңілді.Қыста ауа таза болады.
Сергіту сәті
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды,қар жауды.
Көңілді балалар
Қызығып секірді.

2-тапсырма; Жүмбақ жасыру.
-Қыста ғана болады,үстасаң қолың тонады.

-Қолы жоқ сурет салады,тілі жоқ тістеп алады.

-Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.

3-тапсырма.»Аққаланы жапсыру»
Жүмыс барысы;
*Аққаланың суретін көрсете отырып таныстыру.
*Аққаланы жапсыру үшін,қағазды үш бөлікке бөліп алады.
*Бөліктерді үлкенінен бастап,бірінің үстіне бірін қояды.
*Екі қолын жапсырады.
*Мұрнын сары түсті қағаздан жапсырады.
*Бас киімін төртбүрышты етіп жапсырады.
«Аққала» өлеңін оқу.
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мүрны сәбіз үп-ушкір.
Көзі көмір қап-қара.

-Аққала неше бөліктен түрады?
-Сендер аққаланы неден жасадыңдар?
-Оның бөліктерінің пішіні қандай?
-Аққаланың түсі қандай?
-Ақшақардың тапсырмалары ұнады ма?
Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгіңгі күн міне,
Қуанышқа толсын!

Сұрақтарға толық жауап берді.

Таң қалды.

Сурет бойынша әңгіме құрды.

(алақандарын ашу)
(қолдарын төмен сермеу)(қол шапалақтау)

Қар

Аяз

Аққала

Үлгі бойынша жапсырды

Өлеңді бірге қосылып айтты.

Күтілетін нәтиже;
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік алды.
Түсінеді: Бөліктерді біріктіру арқылы аққала жасап үйренді. Тәрбие.орг сайтынан АҚҚАЛА Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермағанбетова Марта Сүндетбаевна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, "Балауса" бөбекжай балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar