Аққала

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 722
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 14/Фев/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23655


[/c]Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Кулжабаева Бибинур Сериковна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№3 "Динара" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Ермексазды алақанға салып айналдырып, әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау және оларды өзара біріктіруді үйрету; аққала жасауда әр түрлі материалдарды қолдана білуге баулу, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балалардың тілін дамыту және сөздік қорын дамыту.
Керекті құралдар: қыс көрінісі, үлестірмелі материалдар, ақ түсті ермексаз, мүсіндеуге арналған таяқша, ермексаз кесетін құрал, сулық, Аққала (қуыршақ).
Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег.
Ұйымдастыруыш-қозғаушы қызмет:
Ойын жағдаят
- Балалар, менің жұмбағымның жауабын табыңдар
Мені ешкім өсірген жоқ,
Қыста ғана боламын
Көздерім қара көмірден
Мұрным менің сәбізден
Суықпын, аппақпын
Мен, кім екенмін?
-Аққала
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет:
- Неге оны осылай атаймыз?
Себебі ол қардан жасалады.
- Оны қалай жасайды.
Дидактикалық ойын: «Аққала» құрастыр
Балалар қатырмақағаздан қиылған түрлі дөңгелектерден үстел бетінде аққала құрастырады.
- Менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық.
- Балалар, сезесіңдер ме, топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді, тықырлап біреу келе жатқан сияқты. Бізге кім келді екен?
Ғажайып сәт. Топқа аққала кіреді
Сөздік жұмыс:жапалақтап
Сергіту сәті:
- Балалар, біздің Аққала көңілсіз сияқты
Аққала:
- Сендерге жасқсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріне кетіп қалады. Содан кейін менің көңіл күйім құлазиды. Мына фотосуретте де мен жалғызбын.
Тәрбиеші:
- Біз балалармен саған көмектесейік,көп дос тауып берейік
Аққала: Әрине, маған дос керек.
Жұмыстың орныдалу ретімен танысады:
- Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жапалақтап, саусақпен тегістейміз. Аққала бөлшектерін қолымыздағы үйдің ауласына жапсырамыз. Содан соң жұмыртқа қабығын ұсақ бөлшектерге бөлшектейміз. Осы бөлшектерді Аққаланың бөлшектеріне жапсырып шығамыз. Ұсақ бөлшектерін толықтырамыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег
Рефлексиялық-түзетуші қызмет:
Тәрбиеші және Аққала балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еңбектенгендері үшін балаларға рахметін айтады.
Аққала:
- Балалар, сендерге үлкен рақмет
Маған енді қорқынышты емес,қызықсыз да болмайды. Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін.
Балалармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүрлі материалдарды пайдаланып, Аққаланы мүсіндейді
Түсінеді: табиғатты аялау қажеттігін;қыс мезгілі туралы;
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды. Тәрбие.орг сайтынан Аққала Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулжабаева Бибинур Сериковна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №3 "Динара" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar