Аңдарға көмектесейік

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 626
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 15/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19348


Тақырыбы: «Аңдарға көмектесейік».
Мақсаты : Балалардың аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу. Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау. Табиғатты сүюге, қорғауға, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Аңдар туралы өлең, жұмбақ, ертегілер оқу арқылы баланың сөздік қорын дамытуға көңіл бөлінеді. Балалардың реттік санауын, қанша болса сонша, бірдей, тең ұғымдарын, геометриялық пішіндер, олардың көлемдік айырмашылықтары мен түстері туралы білімдерін бекіту.
Көрнекіліктер: Слайдтар, қоян, түлкі, қасқыр, үлестірмелі материалдар./бейне ролик./
Сөздік жұмыс: қасқыр, қоян,түлкі.
Билингвалды компанент: Қоян –заяц – have, түлкі – лиса - fox, қасқыр – волк - wolf, көмек-помощь - help.
Шаттық шеңбері:
Армысың ,қайырымды Аспан -ата!
Армысың ,мейірімді Жер -ана
Армысң,шұғылалы Алтын күн!
Армысың достарым!
Армысың қонақтарым!
Ұйымдастырушылық-Ізденістік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде күн қандай болады?
- Жапырақтың түсін қандай болады?
- Күзде не жауады?

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қыста ақ,
Жазда сұр.
Бұл қай аң?

Арыстанды да алдаған,
Тауықтарды да жалмаған.
Қудың қуы, суайт,
Білесіңдер ме, ол қандай аң?

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
- Балалар біздерге кімдер келді?
- Қасқыр, түлкі, қоян сендер не істеп жүрсіңдер. Біздің сендерге қандай көмегіміз керек, көңілдерің неге түсіп кеткен?
Ендеше менің қолымдағы қорапшадан фишкаларды таңдап алып, аңдармен бірге пішіндер бойынша үстелдерімізге барып отырайық.
- Балалар біздер орманға қайта алмай отырмыз, егер сендер тапсырмаларымызды орындасаңдар, біз орманға қайта аламыз. Сендер бізге көмектесесіңдер ме?
Түлкінің тапсырмасы:
«Сәбіздерді сана»
-Балалар , үстел үстіндегі тәрелкелерде сан таңбалары бар.
Қазір сендер сәбіздерді санап сан таңбаларын тауып көрсетесіңдер. Қоянның қанша сәбізі бар, қане, санап беріңдер.
-Сәбіздің санын қай санмен белгілейміз?
- Үш сәбіздің біреуін қоянға берсек, сонда бізде неше сәбіз қалды?
- Пішіні қандай?
-Жарайсыңдар , сендер сәбіздерді дұрыс санадыңдар.
Қоянның тапсырмасы:
Балалар менің сендерге берер тапсырмам бар. Осы тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
Барлығыңыз маған қараңыздар.
- Мынау не?
- Оның қазір түсі қандай болады?
- Ал қыста түсі қандай болады?
- Ол немен қоректенеді?
Балалар сендер аң туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Онда кім қандай тақпақ біледі, айта қойыңдаршы.
Кәусар: (Түлкі)
Түлкі деген қу екен,
Жүрген жері шу екен.
Айлакер бұл аң,
Артында көп ылаң.
Айлин (Қасқыр)
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым
Аш болсам ұлимын,
Ауылды торимын.
Ерасыл:(Қоян)
Ақ қоян- ау, ақ қоян
Үркек қоян сақ қоян,
Қаша берсең орманға,
«Қорқағым» — деп ат қоям.
Осы аңдардың қимылдарын салып беріңдерші.
Жарайды, енді сендер қандай ертегілер білесіңдер.
- Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар.
- Ендеше бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қасқырдың тапсырмасы:
- Балалар, мынау не, ненің суреті. Мен ештеңегеде түсінбедім. Мұнда не бейнеленген. Осы суреттерді бояуға маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар, сендер не боядыңдар, қане айтып беріңдерші.
Сонымен барлығымызда тапсырмаларымызды орындап болсақ, бәріміз ортаға аңдармен бірге шеңберге тұрайық.
Блингвалдық компонент:
Қоян –заяц – have, түлкі – лиса - fox, қасқыр – волк - wolf, көмек-помощь - help.
Енді барлығымыз көзімізді жұмайық. Аңдардың қайда мекендейтінін елестетейікші.
Жарайды көздеріңді ашыңдар. Міне, қызық аңдар орманға кетіп қалыпты.
- Бүгін біздерге қонаққа қандай аңдар келді?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жапырақтың түсі қандай?
- Қоянның түсі қыста қандай болады?
- Бізде неше сәбіз болды?
- Аңдар қайда мекендейді?
- Балалар, бүгін сендер жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды да орындадыңдар.
Рефлексивті – түзетушілік
- Жарайсыңдар, балалар. Сендер аңдардың тапсырмасын жақсы орындадыңдар.
- Міне, енді оларда өз ормандарына кетті.
Күтілетін нәтиже: Нені білді : Жыл мезгілінде құбылыстарды біледі, аңдардың қимыл – қозғалысын.
Игерді: Пішіндері мен айырмашылықтарын, тең ұғымдарын, түстерін, реттік санауды
Істей алады: Балалар слайдпен жұмыс жасай алады. Тәрбие.орг сайтынан Аңдарға көмектесейік Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зиеденова Асылзада Сейфуллиевна

БҚО, Орал қаласы № 39 "Салтанат" бөбекжайы МКҚК

Пікірлер: 0

avatar