Ақ қоян

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 180
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23336


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Ән -күй
Тақырыбы: «Ақ қоян»
Мақсаты: ән тыңдауға баулу әуен ырғағымен қимыл қозғалыс жасау дағдыларын қалыптастыру көңіл күй сезімін ояту
Қолданылатын көрнекі құралдар: орманды бейнелейтін декорациялар қоян ойыншықтары қоян атрибуттары бала санына қарай
Ұйымдастыру кезеңі Ән-күй жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру –іздестіру

Рефлекциялық түзетушілік Балаларды орманға серуенге шақырады.
.«Марш» ( Е Андосов) ойналады
«Біз көңілді баламыз,
Орманға бірге барамыз»-
кәне қол ұстасып жүрейік. Міне орманға келдік. Балалар, қараңдаршы мында отырған не білесіңдер ме?Бұл ақ қоян екен.
«Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізге мен тоямын.
Қыста жейтін азықты,
Күзде жинап қоямын»,-. «Қояндар»( Ломова) би Қоянмен бірге билейік. Ойыншық түлкіні алып
«Жүрген жері күлкі,
Бізге келді түлкі»
Түлкінің даусын салып:
«Кел ақ қоян,тойлайық,
Балалармен ойнайық»
«Қояндар мен қу түлкі».Рахмет балалар. Секіріп, тез жүгіреді екнсіңдер. Сау болыңдар. Мен тағы келемін қонаққа Сендер маған ұнадыңдар. Балалар қол ұстасып жүреді.
Қызығып қарайды.
«Қоян» деп жауап беруге тырысады.

Жеңіл секіріп,қоянның қимылдарын көрсетуге тырысады.

Әнді тыңдайды. Қоянның құлағын, қолымен көрсетеді.

Түлкіге қарап қызығушылық танытады.
Ойнайды.

Қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуен ырғағымен секіру,жеңіл жүгіру, би қимылдарын қайталап көрсете білуі керек.
Игереді:қоян, түлкі кейіпкерлерін біледі, іс әрекеттерін көрсете алады.
Меңгереді:қосаяқтап секіреді, әуенге ілесе жүгіреді,аяқтарын топылдатады .
Тексерген әдіскер: Каримова М С Тәрбие.орг сайтынан Ақ қоян Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абаева Меруерт

ШҚО Көкпекті ауданы Көкжайық аулы Бөбек лүпілі балабақшасы Саз жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar