Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ақсу-Жабағылы қорығы
  • 31.03.2016
  • 381 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18297

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (18.5Kb)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІНЕ ҚҰРАЛҒАН
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСУ САБАҒЫ
(«Қызғалдақтар» Ересек тобы)
Жарасбаева Толқын Мұқанқызы
№ 2 балдырған балабақшасының тәрбиешісі.

Сабақ тақырыбы: Ақсу-Жабағлы қорығы
Сабақ мақсаты: балалардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Сондай- ақ балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім берудің негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Сабаққаи керекті құрал- жабдықтар:Әр түрлі жабайы жануарлар (қуыршақтар),
Шыршалар,құстар,гүлдер,қозқұйрықтар, атрибурттар, табиғи материалдар,пластелиндер,тақтайшалар,сүрткіштер,әртүрлі бояулар,ақ қағаздар, қылқаламдар, сахналауға бүлдірген және Қоян бала
Әдістемелік тәсілдер; Хабарлама,
Информациялық, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрақ- жауап, ойын пайдаланылады.
Сабақ балалардың:Ән әуенімен топқа кіріп,қонақтармен сәлемдесуінен басталады.
Тәрбиеші:Балалар ,біздің еліміз қалай аталатынын білесіңдер ме?
- Егеменді Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: - Кім Қазақстан туралы тақпақ айтады?
1- Бала
Қазақстан жеңісті ала гүлдер,
Қазақстан жеңісті, тасқынды лала гүлдер,
Қазақстан әлемді елеңдетіп,
Байқоңырдан зулаған қоробьдер.
2-бала
Халықтың жетілгені,
Қуырштың білінбейді кетілгені
Үй тігіп ,ірге қалап бекінгені.
3-бала
Алын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші:-балалар ,бүгін біз Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз.балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
_ Көктем мезгілі
Тәрбиеші:Көктем мезгілінде неше ай бар?
Үш ай.Наурыз,Сәуір,Мамыр айлары.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа райы қандай?
Күн жылы,арықтарда су көбейеді,жаңбыр жие жауады,шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді,аюлар ұйқыларынан оянады.
Тәрбиеші: -Дұрыс .Ал ,көктем туралы кім тақпақ айтады?
1-Бала
Қар еріді күн шықты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем секілді.
2-бала
Белгісіндей көктемнің
Наурыз - басы болыпты.
Аман аты, қалыпты,
Сүйікті аты көктемнің
Тәрбиеші:балалар ,тағы бір айтып кететін жай,қорыққа бару үшін біраз нәрселерді еске түсірейік.
1-Бала: Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған.
2-бала: Ал ,қарлығаш, аққусияқты құстарды қасиетті санап, жақсылықтың жаршысы,бақыттың бастамасы,игіліктің иесі деп ұғып,ұясын бұздырмай,қорғаған,ал балапандарын алуға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
3-бала: « Гүлді үзбе», «Құмырсқаның илеуін бұзба» деген сөздер біздің санамызға сіңіп, адамгершілік сезімізді оятады.
4-бала: Қорқыт ата өсиет етіп қалдырған « қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын,қанаттарың қырқылмасын»- деген ұғымдарды,туған жер ьабиғатын аялай біл деен аталы сөздеп қабылдаймыз.
5-бала: Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде елі мекендеген жерінен босып,қаша жөнелген кезде Төле би үйін жықпай, жұртта отырып қалғанда қалмақтың әскер басы көріп, оның себебін сұрайды.Сонда данышпан шаңырағында қарлығаштың ұя салғанын, соның қызылшаққа балапандары қырылып қалмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады.Мұны естіген әскер басы ақсақалдың адам баласы сүйсінер қасиетіне риза болып,оның өзіне де қарлығаш балапандарына да тимепті деген аңыз бар.Сондықтан да Төле би атаны халық қастерлеп, « Қарлығаш әулие» «Қарлығаш би» деп құрметтеген.
Тәрбиеші: Дұрыс ақ екен . Осы табиғаттағы өлі және тірі табиғатты кім атап береді екен?
1 –бала: Тірі табиғат:Адам,жануарлар, жәндіктер, микробтар, құстар.
2-бала: Өлі табиғат: Күн,ауа,су,тас.
Тәрбиеші:-Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?
1 –бала:
Табиғатты сүю парыз,
Сүю үшін қорғау парыз.
Табиғатсыз күнің жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2-бала:
Табиғаттың бауырысың, досысың,
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуінің араңдағым байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.
Сахналау қойлымы көрсетіледі.
Құстарды атқалы бүлдірген жүгіріп жүреді.
Бала:- Тоқта, бүлдірген, құстарды атпа.сенің мұның жарамайды.Құстарды атуға болмайды,жануарларды өлдіруге болмайды.Гүл үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге білмейсің?
Бүлдірген: - Кешіріңдер, балалар, енді мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтірмеймін.
Тәрбинші:-Жарайды,бүлдірген , енді бұл әдетіңнен тиыл, сен біздің балалармен бірге саяхатымызды жалғастыр.
Бүлдіргіш:- Жақсы.Мен де балалардан жақсы әдеттерді үйренейін.
Тәрбиеші: -балалар, қарандаршы,мына жақта орындықтар, үстелдер тұр.Кәнеки, көрелік. Бұл аңдар мектебі екен. Қарандар табиғи материалдар да бар көріеді.Содан біз қазір осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар,құстар көрдік, солардың мүсіндерін жасайды.
Мақал- мәтелдер айтылады
Табиғат- төл анамыз
Тынысымыз- ауамыз

Орман – ел дәулеті, жер сәулеті

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Ағаш ексең аялап,басыңда болар сая бақ.

Сахналау қойлымы көрсетіледі. Қоян бала жылап жүгіріп келеді
Қоян: -Балалар ,мен жолдан адасып қалдым. Көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: -Тоқта ,Қоян бала,сенің атаң мен әжең қайда тұрушы еді?
Қоян: Жайлауда.бірақ мен жолды ұмытап қалыппын.
Тәрбиеші:Ешнәрсе етпес, біздің балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есіңе түсер.
Балалар жабылып сурет салады.
Қоян:-Рахмет, балалар .Көп көп рахмет.
Мен сендерге ризамын.
« Сиқырлы қорап» ойыны ойнайды.Балалар өзін өзі бағалайды .
Тәрбиеші: Балаларды мадақтап, ризашылығын білдіреді.
Балалар қоянмен қосылып ,әжемен ата ауылына жүріп кетеді.
Сау болыңыздар қонақтар. Тәрбие.орг сайтынан Ақсу-Жабағылы қорығы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жарасбаева Толқын Муккановна

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, КМҚК №2 "Балдырған" бөбектер бақшасы ересек тобы тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 381 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar