Ақымақ қасқыр ертегісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 304
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21527


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драмма
Тақырыбы: Ақымақ қасқыр ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні тыңдата отырып мазмұнын түсіндіру. Ертегіні тыңдай білуге, өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Ертегідегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін сурет арқылы көрсете отырып, қасқырды-ақымақ, ал қой, ешкінің үй жануары екенін айтып дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы ойлау, зейінін дамыту. Театрға деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Құрал-жабдықтар: қуыршақ театр,ойыншықтар
Барысы:
Күтпеген сәт: Ертекші апай топқа кіріп келеді. Сәлеметсіздерме балалар!
Мен Ертекші апаймын.Балалар мен ертегі әлемінен сендерге қонаққа келіп тұрмын.
Балалар: Сәлеметсізбе!
Ертекші апай: Балалар сендер ертегі жақсы көресіңдерме?
Балалар: иә
Ертекші апай: қандай ертегілер білесіңдер?
Балалар: шалқан ертегісі, бауырсақ ертегісі, тырна мен түлкі, үш аю, Айлакер түлкі т.б.
Ертекші апай: жарайсыңдар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Балалар сендер «Ертегілер әлеміне»барғыларың келеме?
Балалар: Иә
Ертекші апай: Ендеше балалар Ертегілер әлеміне автобуспен барамыз.Автобусқа міну үшін бізге не керек?
Балалар: Билет керек.
Ертекші апай: Дұрыс айтасыңдар балалар билет қажет.Мен сендерге билеттерді таратып берейін, сендердің билеттеріңде сандар тұр,кімде қандай сан болса сол орындыққа барып отырады.
Ертекші апай: Мінекей біз Ертегілер әлемінің қақпасына келіп жеттік енді сол қақапамызға кіруміз үшін балалар мына жердегі тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма: Карточкаларды койылады сурет жасырылады сурет бойынша жануарларға сипаттама беру
2-тапсырма: саусақ жаттығулары
Қасқыр
Қасқыр қасқыр, қашып кет
Алты қырдан асып кет.
Ешкі жібін үзеді,
Қазір сені сүзеді
Қошақаным.
Қошақаным монтиған,
Топ-томпақ боп томпиған
Сені жақсы көремін
Жем, суыңды беремін.
3тапсырма: мына суреттер құрастырумыз керек, мұнда қай ертегінің кейіпкерлері шығады екен қәнекей тездетіп құрастырайық балалар.
Ертекші апай:Жарайсыңдар балалар! Бұл қай ертегі?
Балалар: ақымақ қасқыр ертегісі
Ертекші апай: дұрыс айтасыңдар балалар,Мен сендерге Ақымақ қасқыр ертегісін қазір қуыршақ театр арқылы көрсетемін сендер мұқият қарап тамашалаңыздар!
Ертегіні тамашалау...
Ертекші апай: Сұрақ жауап
Балалар сендерге ертегі ұнадыма?
Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Қасқырдың ісі дұрыс па?
Қәнекей ертегіні енді өздерің ойнап көріңдер.
Қимылдық ойын: «Қасқыр қақпан» ойыны.
Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын

Ойын барысы: балалар шеңберге тұрады. Бір бала қасқыр кейіпкерін сомдайды, біреуі қой болады. Балалар шеңберге тұрып мына тақпақты қайталайды.
Қане, қане, халайық.
Қасқыр қақпан құрайық.
Қане, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
- дегеннен кейін, балалар бір-бірінің қолдарын тез ұстап тұру қажет.
Енді балалар сендерді балабақшаларына апарып тастайын, автобусқа отырамыз.
Ертекші апаймен: Мінекей балалар балабақшамызға да келіп жеттік.
Қорытындылау
Балалар біз қайда бардық?
Қандай ертегіні көрдік?
Жарайсыңдар балалар сендер ақылды балалар екенсіңдер!
Менің де кететін уақытым болды.Сау болыңдар балалар!

№12 Бәйтерек бөбек- бақшасы.

БЕКІТЕМІН: ----------
«Бәйтерек » б/б меңгерушісі: Баракова Р.К.





Өткізген: Канжагулова А.А.










Сарыжар
Қараша 2016-2017

Сергіту сәті:
(Ешкі, қой, жылқы қосылып)
Қоймыз, жылқы, ешкіміз
ағайынбыз бәріміз,
Біз қасқырдан құтылып
жарасып тұр әніміз.
Көрермендер, балалар
қиындықтан қорықпаңдар
ойлап алып алдымен
шығу жолын табыңдар!

Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
«Қасқыр қақпан» ойыны.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қане, қане, халайық.
Қасқыр қақпан құрайық.
Қане, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр, - дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.
Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі - бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
ҰОІӘ: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Ақымақ қасқыр"
Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып мазмұнын түсіндіру. Ертегіні тыңдай білуге, өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Ертегідегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін сурет арқылы көрсете отырып, қасқырды-ақымақ, ал қой, ешкінің үй жануары екенін айтып дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы ойлау, зейінін дамыту. Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер, мультимедио тақтасы, үнтаспа.
Әдіс -тәсілдер: Д/ойын, топтастыру әдісі,венн диограммасы, жұмбақ, тірек сызба.
Оқу іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз. Балалар шеңбер бойымен тұрып барлығына жақсылықтар сыйлайды.
Ұйымдастырушы- ізденістік -Балалар қазір қандай мезгіл?
-Қыс деген атайдың неше ұлы бар?
(Тосын сәт: Топқа Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:- Балалар мен мынадай сандықша тауып алдым ішінде не бар екенің білмеймін. Ашайын десем ашылмайды.
-Дымбілмес алдымен барлығымен амандасайық.
-Амандасу... аааа ия Саламатсыздарма!
-Балалар сандықты ашу үшін біз қыс мезгілі туралы тақтақтар айтуымыз керек.
Тақпақтар:
Айым:
Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен
Қыс басынан сай жаққа.
Нұрайым:
Шана шаңғы тебетін
Сырғанақта ойнайтын
Аққала саған далада
Қыс мезгілі тамаша.
-Балалар сандықша ашылды, ішінде керемет суреттер мен тәттілер бар екен. Ендеше қандай суреттер бар екенің табу үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Жол бойында жортқан,
Сыбызғысын тартқан.(қасқыр)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар(қой)
-Балалар қасқыр туралы ертегі тыңдағыларын келеме?
-Ендеше мені мұқият тыңдандар.
"Ақымақ қасқыр" ертегісі айтылады.
Сұрақ-жауап арқылы талқыланады.
-Ертегі не туралы?
-Қасқыр нені жемек болды?
-Қой қасқырдан қалай құтылмақ болады?
-Қасқыр қой келмеген соң неге бас салады?
-Қасқырды кім қуады?
Ойын: "Үй жануары мен жабайы жануарды айыр"
Сергіту сәті:
"Көлбең, көлбең, көлеңке"
Ойын: "Ертегіні жалғастыр..."
Балалар тірек сызба арқылы ертегіні мазмұндап жалғастырып айтады.
Венн диограммасы:
Қасқыр мен қойдың айырмашылықтарын сараптайды.
-Қыс мезгілі.
-Үш ұлы бар. 1Желтоқса,2 Қаңтар,3Ақпан.

Балалар тақпақтар айтады.

Таңғалады.

Жұмбақтың шешімін табады.
-Иә.
Экранға назар аударады.
-Қасқыр, қой, ешкі тарулы.
-өрістін ішінен қозы алып келемін деп құтылады.

-қойшы.

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды айырады.
Сурет арқылы ертегіні жалғастырады.
-Қасқыр жыртқыш аң, ол үй жануарларын жеуге әуес. -Қой момын үй жануары. т,б.

Рефлексиялық- түзетушілік "Ақымақ қасқыр" ертегісін конус театыры арқылы айтып беру.
Балалар ертегіні конус театыры арқылы мазмұндап айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: Жабайы жануар мен үй жануарларының қылықтарын.
Меңгереді: Көркем әдеби тілде сөйлеуді. Тәрбие.орг сайтынан "Ақымақ қасқыр" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етілед Тәрбие.орг сайтынан Ақымақ қасқыр ертегісі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Канжагулова А.А.

Пікірлер: 0

avatar