«Аяулы-ана!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 309
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22687


«Балақай» КМҚК бөбекжайы

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Аяулы-ана!»

Тәрбиешілер: Исиркова Г.И.
Досмуратова Ж.У.

Приозерск қаласы
2017 жыл

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, ардақты әжелер, кең маралдай керілген қыздар, бүгін көктемнің алғашқы күні, сіздерді сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Әрқашан осы көктемнің күніндей жүздеріңізден күлкі кетпесін.
Бексұлтан: Құрметті әжелер, аналар, апалар, қыздар, сіздерді сегізінші наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Оғлан: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели! Поздравлаем вас весенным празником 8 мартом. Жилаю вам счастьям, здоровьям и успехов во всем.
Бақдаулет: Дия мамми, дия грейни, ай уант му би э хеппи, он зе эйт оф матч.
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі «Шағала» тобының «Аяулы ана» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариалай отырып, тәрбиеленушілерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
Би: Флешмоб
Жүргізуші: Мерекелеріңізбен дей отыра, ортаға «Шағала» тобының әнші қызы Жиенбай Айзерені қошеметпен ортаға шақырайық.
Ән: «Астана»
Жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі, сұлулықтың негізі айтар сөзіміз бар, анаға айтар лебізі деп, ортаға «Шағала» тобының ұлдарыныңы анаға деген жылы лебіздерімен ортаға шақырайық.
Тақпақтар:
Диас:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!
Оғлан:
Ақ мамықтай көңілі,
Жұмсақ мінез анашым.
Сені сыйлап өмірі
Құрметтейді балашың.
Бақдаулет:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқақсың, сен аспансың, биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Бексұлтан:
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балдыратып, тәніңді.
Мейірбек:
Бала, бала деп
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып құшағың,
Бақытты бол анашым.
Рамазан:
Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқаның тыңдаймыз.
Мақсат:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Жүргізуші: Ендеше, ортаға Анастасия мен Аружан келгісі келіп отыр, қанекей қыздар.
Анастасия: Аружан қарашы ұлдар маған сақина сыйлады.
Аружан: Қандай әдемі. Ұлдар сақина сыйлағанша, би сыйламайма?
Анастасия: Ұлдар биде сыйлайды.
Қыздар: Ендеше, ортаға ұлдарымыздың «Саксафон» биін қарсы алыңыздар.
Би: «Саксафон»
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздерме балалар.
Мен көңілді көктеммін, жылда келіп кетемін.
Суын ашып бұлақтың, түбіне тал егемін. – Құрметті ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, сұлу кішкентай аруларымыз, көктемнің шуақты күніндей мерекелеріңіз құтты болсын. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын. Сегізінші наурыз мерекесін тойлап жатсыздарма?
Жүргізуші: Иә, Көктем Аруы, біз көтеріңкі көңіл күймен мерекені тойлап жатырмыз. Топты қарасақ, тек қана ұлдар қалыпты. Мен бүгін әдеттегіндей ата-аналармен ойын ойнатудың орнына, балалармен би билетсекпе деп отырмыз. Балалар аналарымызбен би билеймізбе?
Балалар: Иә.
Би: «Аналар мен ұлдар»
Жүргізуші: Көктем Аруы біздің сізге, тақпақтарымыз, билеріміз бәрі бәрі дайын. Ортаға қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші: Көрдіңбе Көктем Ару, біздің қыздарымыз мың бұралған бишілер. Қыздарымыз билеп қана қоймай, тақпақтарыда бар.
Тақпақтар:
Анастасия:
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейрімді ғой керемет.
Аяжан:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтағам,
Айналайын ақ анам!
Т.Аружан:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым!
Айзере:
Мен үшін не керек - Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Шын сағынып қаласың.
Сезім:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол ақ мамам.
Балауса
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Барды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.
О.Аружан:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!
Адия:
Күн сәулелі анашым,
Рухыменен панасың.
Жадымда әркез қаласың,
Жүрегім боп соғасың.
Балнұр:
Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама
Ешкім де жетпейді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ата аналар біз қазақ тілінен ғана сабақ өтпейміз, біз ағылшын тілінен де сабақ өтеміз. Балаларымыздың ағылшын тілінен жаттаған әндерін қабылалыңыздар.
Ән: «I love my mommu»
Жүргізуші: Балалар сендерге қарасам, жүздеріңнен күлкі кеткендей көңілсіз отырсыңдаргой. Сол үшін ортаға Сайқымазақты шақырғым келіп отыр.
(Музыка ырғағымен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен көтеріңкі көңіл күймен жүретін Сайқымазақпын. Аяулы аналар мерекелеріңізбен. Аналарды білмеймін, балалардың көңіл күйлері жоқ сияқты. Балалар менімен ойын ойнағыларың келеме?
Ойын: «Дастарханды безендіру»
Жүргізуші: Көктем Аруы, Сайқымазақ біздің сіздерге арнап сұлу қыздарымыз ән айтсақпа деп отыр. Сұлу қыздарымыздың әнін тыңдап көтеріңкі көңілкүйде болыңыздар.
Ән: «Ерке қыз»
Көктем: Жарайсыңдар қыздар әндерің керемет, өздерің сондай өнерлі балалар екенсіңдер, сендерге сәттілік тілеймін. Алло, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Сау болыңдар! (Сайқымазақ пен көктем шығып кетеді)
Жүргізуші: Құрметі аналар бүгінгі мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отырып, балаларымыздың аналарына деген жылы лебіздерін ашық хат ретінде білдіргісі келіп отыр. Олай болса балаларымыздың сіздерге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті аналар балаларымыздың дайындаған сыйлықтарын қабыл алсаңыздар.
Ән: «Нұрын төккен маған»
Осымен құрметті аналар, әжелер! Біздің балаларымыздың дайындаған мерекелік шарамыз аяқталды! Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық. Тәрбие.орг сайтынан «Аяулы-ана!» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исиркова Г.И. Досмуратова Ж.У.

Пікірлер: 0

avatar