Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Айналайын, Анашым!"
  • 31.10.2016
  • 99 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19838

"Айналайын, Анашым!" атты 8 Наурыз-Аналар мерекесіне анралған ертеңгіліктің сценарий"

Тәрбиеші:- Сегізінші Наурыз келді
Жанға ләззат ап келді
Қуанышты күндермен
Құттықтаймыз сіздерді
Аналарға мың алғыс!
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар!
Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Әсемай
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін біз бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың!
Нұртас
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын!
Әсемай: Білесің бе, Нұртас! Ана-деген керемет асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып, шырын беретін!
Нұртас: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып беретін. Ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін, жылы-жылы сөздер айтады.
Әсемай: Ән демекші, бүгінгі мерекемізді әнмен бастасақ, өалай қарайсың.
Нұртас: Әрине, дұрыс айтасың! Сүйкімді аналарымызға «Анашым», әнін арнайық.

1. Ән «Анашым» (Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді аналарымызға жырдан шашу шашайық!
Тақпақтар: Ердаулет , Ұлдана, Нұрасыл
Ердаулет
Гүл-гүл жайнап әріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
Ұлдана
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз
Нұрасыл.
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді кезекті тобымыздың мың бұралған бишілеріне берейік.

Би: «Андижанский» ұлдар тобы.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Кезекті және балаларымыздың аналарын мадақтайтын тақпақтарына береміз.
Тақпақтар: Айбек, Диана, Дәулет.
Айбек
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Жырдың сұлу шоқ гүлін

Диана
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Өлең айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

Даулет
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз, құрметті де, ардақты әжелерімізді де ерекше атап құттықтаймыз «Қариясы бар үйдің- қазынасы бар»- деп халқымыз сыйлап құрметтеген әжелерімізге арнап жырдан шашу шашайық. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тақпақтар: Айда, Ақерке, Меруерт.
Айда
Мейірімді, сымбатты
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер! Ол-АНА
Ақерке
Менің әжем, гүл әжем
Шуағы мол, нұр әжем
Анам үшін, мен үшін
Нағыз Ана тілі әжем

Меруерт
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ал енді өздеріңізге арналған «Әжетайым-әжешім» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Әжетайым-әжешім»
Тәрбиеші: Балалар Қараңдаршы бізге қонаққа Көктем келіпті (көңілді муз. ойналады) Көктем ортада билеп балаларды мерекесімен құттықтайды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Көктем!
Көктем: -Сәлеметсізбе! Мен сіздерді Көктем мерекесімен құттықтаймын!
Тәрбиеші:-Мерекелі Көктем айы біздің балабақшаға қош келдің! Сен неге мұңайып тұрсың!
Көктем:- мен өз бақытымды іздеп келген жанмын.
Тәрбиеші:- Эхэ, э,э,э бақыт іздеп жүрмін дейсің бе!
Көктем:- Ия бақыт іздеп
Тәрбиеші:- Көктем сен бақыт дегенді өалай түсінесің!
Көктем:- Мен бақыт дегенді, қуанышты өмір, мерекелік көңіл, ән мен би деп түсінемін!
Тәрбиеші:- Ән мен би дедің бе, Ендеше сенің тілегіңді орындамасақ болмайды. Қабыл алыңыздар кезекті биге береміз.
Би : «Құстар биі»
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар қыздар! Талаптарыңа нұр жаусын!
Көрдіңіздер ме, көктем бақыт дегенді осылай түсінеді екен, ал біз ата-анамыз қасымызда аман болып, күліп жүруін еш қашан ауырмауын қалар едік.
«Көрініс»-« Үш қыз.»
Тәрбиеші:- Әрине біз де өмірлеріңіздің бал арасындай тату-тәтті өтуін тілейміз.
Ойын «Тостағанға ұн ішінен кәмпит алып, баласын тауып, жегізу»
Тәрбиеші: -Жарайсыздар, көп рахмет сіздерге!

Тақпақтар: Юлиана, Тайыр, Мерей.

Ф.Юля
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Тайыр.
Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп мені
«Құлыншаңым», «Күнім» дейтін
Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісіңді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Мерей
Қуанышта болайық,
Жақсылықты тойлайық
Аналармен қуанып
Асыр салып ойнайық
Тәрб:-
Әсем әнім, сырнайды
Әлем сүйіп тыңдайды
Тамылжытып ән салмай
Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі бір әсем әнге берсек.
Ән: «Анашым» (біздерде ананы сүйеміз).

Тәрб:- Жарайсыңдар балалар!
Өлең сөздің-патшасы, сөз сарасы
Қиынынанн қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп- тегіс жұмыр болсын айналасы- деп Абай атамыз айтып өткендей кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.
Қабыл алыңыздар!
Тақпақтар. Ерасыл, Тілеуберді, Мұхамеджан
Ерасыл
Бізді өсірген апатай
Еңбегің де зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
Тілеуберді
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Құрметтейміз ананы
Құттықтаймыз бүгін біз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Мұхаммеджан
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

Тәрб:- Жарайсыңдар балалар!

Біз әдепті баламыз
Оттай болып жанамыз
Тақпақтарды жақсы айтып ,
Би де билеп аламыз
Би: Вальс (групповой би)

Тәрб: Жарайсыңдар балалар кешіміз ары өарай жалғасады, кезекті және балаларымыздыі тақпақтарына береміз
Тақпақтар: Бибарыс, Анелья, Нұрмұхаммед, Димаш
Бибарыс
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Өлең айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Анелья
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана, сені құттықтап
Әндетеміз біріміз
Нұрмұхаммед
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған
Менсіз тамақ татпаған,
Айналайын, ақ маман!
Димаш
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күнмен
Құттықтаймын анашым
8-наурызбен

Тәрб:Жарайсыңдар балалар!
Ал Көктем, көңіл-күйің көтеріліп жүзің нұрлана түскенге ұқсайды ғой.
Көктем:- Ия дұрыс айтасың. Мен өыымен өз кезегімді күттім. Енді әр күн сайын бүкіл дүние жүзіне мейірімділік пен сұлулықты әдемілікті сыйлаймын. Әр күндеріңіз қуанышқа тола берсін.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрб:- рахмет саған көктем. Ал балалар көктемді біз әнімізбен шығарып салайық.
Ән: «Мереке Көктем»- (Құлпырып қырмен сай сала).

Тәрб:- Балалар бізге есік қағып келген кім екен! Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма!
Балалар:- Ия
Тәрб: -Бұл кім өзі!
Балалар- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.
Тәрб:- Қызыл

Тәрб:- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.
Тәрб:- Қызыл телпек сен мұнда нағып жүрсің!

Қызыл телпек:- ой мен әжемді мерекесімен құттықтауға бар жатыр едім, бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді, мен одан қорқып қаашып кеттім.Ол мені жеп қояйын деді ғой.
И,И,И, деп жылайды.

Тәрб:- Қызыл телпек қарағым, сен мұңайма жылама, бізде бүгін үлкен той. Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой, қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой.
Қызыл телпек: -Айналаға қарап, ұялып тәрбиешінің артына барып тығылады.
Тәрб:- Қызыл телпек, сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің!
Қызыл телпек:- Мен әжеме арнап тақпақ айтпақшы едім.
Тәрб: Ол қандай тақпақ!
Қызыл телпек:- «Менің әжем» деген тақпақ
Тәрб:- Жарайсың Қызыл телпек!
Қызыл телпек сен бізге қосылып біздің балалармен бірге ән салсаңшы!
Қызыл телпек:- Жарайды.
Тәрб:- Ал ендеше әнге кезек береміз.
Ән «Ана мерекесі» (күлімдеген көзі, күннің нұрындай).
Тәрб: Жарайсыңдар балалар!
Қызыл телпек, сен әлі де қорқып отырсың ба!
Қызыл телпек: Ия
Тәрб: Неге!
Қызыл телпек:- Әне анау қасқыр маған қарап тұр ғой, қазір ол маған келеді. Себеттегі әжеме алып бара жатқан тоқаштарды жеп қоятын болды ғой.
Тәрб: -Ой айналайын қорқағым-ау, біз мұнда неге тұрмыз, біз саған көмектесеміз. Балаллар қызыл телпекке көмектесеміз бе!
Балалар:- Ия
Тәрб:- Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады. Балалар бірақ абайлаңдар. Өздеріңе зиян жетіп жүрмесін.
Би:- Гамгаммстар биі
Ойын ойналады:
Шарты:
Тәрб: -балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме!
Балалар:- Ия
Тәрбиеші:- Ендеше бізге бүгін ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті.
Залға бір-біріне ренжіскен ұрысып кемпір мен шал кіріп келеді.
Кемпір:- Осы сен қашан өзің біліп айтқызбай жұм істейді екенсің!
Бүгін менің мейрамым маған сый жасамайсыңба!
Шал: -Кемпір, кемпір сен мені ұрыспашы. Ай ұмытшақ басым ай.
Бүгін сенің мейрамың екен ғой.
Кемпір:- Менің мейрамым осылай өтеді (кір жуғышты тақылдатып кір жуа бастайды.)
Көп сөзді доғар да, көлге барып балық аулап әкел, үйде тамақ жоқ.
Шал:- Айтқаның болсын кемпір.
Тәрб:- балалар біз сендермен ертегілер еліне еніп кеттік-ау деймін!
Олай болса осы ертегіні тамашалайық.
Арада музыка ойналады.
Шал: - көлге барып, ауды үш рет лақтырып балық ұстай алмай, көңілсіз болып қалады. Төртінші рет лақтырған кезде, алтын балық түседі.
Алтын балық:- Шал, шал, мені жіберші, мен сенің барлық тілегіңді орындаймын.
Шал:- Жарайды, мен сені жіберемін, сен өте әдемі балық екенсің.
Шал кемпірінің қасына басы салбырап келеді.(Қолында ештеңесі жоқ)
Кемпір:- Не болды тағы түк жоқ па!
Шал:- Ия, бірақ бір балық ұстаған едім ол адамға ұқсап сөйлеп мені жіберші деп жалынған соң оны жібере салдым. Ол маған бар тілегіңді орындаймын деді.
Кемпір:- Эй сен не дедің!
Шал:- Ештеңе керек емес деп жібердім.
Кемпір:- Ой Ақымақ, бар балығыңа барып айт ештеңе керек емес дегенің не! Менің сыйлығым ше!
Шал:- Жарайды айтқаның болсын. (Шал көлге барып балықты шақырады).
Шал:- Алтын балық. Алтын балық
Алтын балық:- Не болды шал!
Шал:- Алтын балық бүгін кемпірімнің мерекесі еді, кемпірім көңіл көтергісі келіп отыр!
Алтын балық:- Жарайды сен кемпіріңе бара бер! Біз қазір кемпіріңе арнап би билеп береміз.
Би: Кавбойлар биі.
Кемпір:- Эй шал, әлгі балығыңа барып айтшы, мені немере қызым Қызыл телпек келіп құттықтауын қалаймын.
Шал:- жарайды.(шал және көлге барып алтын балықты шақырады).
Алтын балық:- келеді. Шал сен мені шақырдың ба!
Шал:- Ия шақырдым менің кемпірім өзінің немере қызы Қызыл телпектің құттықтап келуін қалайды.
Алтын балық:- Жарайды тілегің орындалады дегені болсын.
Шал мен кемпір:- (екеуі столда отырады ар жақтан әже, ата деген қыздың дауысы естілді).
Қызыл телпек:- Әже, әже, ата.
Әже:- Ой айналайын, Қызыл телпек қызым-ау мен сені сағынып кеттім-ғой, кәне бетіңнен сүіейінші, сені қатты құшақтайыншы ой алтыным, жарқыным Аспандағы жарық жұлдызым. Ботақаным, балапаным сол.
Тәрб:- Ой бәрекелді анамен бал табысты деген осы екен ғой. Қандай қызықты бақытты сәт десеңші.
Қызыл телпек:- Әжесін меререкесімен құттықтап әжесіне арналған сый сияпатын беріп тақпақ айтып береді, әжесін құшақтап бетінен сүйеді.
Тәрб: -Жарайсың Қызыл телпек, Өркенің өссін! Бақытты бол!
Залға Әсемай мен Нұртас шығады.
Әсемай:- Ана менен баланы айырмасын, Бірі ән де, бірі оның қайырмасы.
Нұртас:- Болғанда әке дәулет, ана-бақыт тағдыр бізді олардан айырмасын!
Тәрб:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды.
Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып кешімізді Көктем әнімен аяқтаймыз.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз- деп балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған гүлдерін қабыл алыңыздар!
Қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан "Айналайын, Анашым!" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусакулова Райма Мадибековна

ОҚО Шымкент қаласы №6 "Сандуғаш" бөбекжай-балабақшасының әдіскері

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 99 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar