«Аю мен маса»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 286
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21594


Дайындаған: Жайлыбаева Эльвира Савитовна.
Тақырыбы: «Аю мен маса»
Мақсаты: Заттарды түстері бойынша ажырату, үлкен және кішкентай ұғымдарын бекіту, заттардың пішінін ажырату,жоғары төмен ұғымдарын бекіту.

Слайд қосылады. Ертегі Аю мен маса. Қоян сыбызғымен ойнап келе жатады, алдынан аю шығып, сыбызғысын тартып алады.Қоян артынан жүгіріп келеді.
Қоян: Аю берші менің сыбызғымды.
Аю: Сенікі болды енді менікі.Қоян жылап келе жатса, алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Қоян, қоян сен неге жылап келе жатсын?
Қоян: Аю мені ренжітті. Аю менің сыбызғымды тартып алып кетті.
Түлкі:-Қандай жаман аю екен. Жүр мен саған сыбызғынды аюдан алып берем.
Аюға келеді. Түлкі: эй аю сен неге өзінен кішкентайларды ренжітесің, аю сен неге қоянның сыбызғысын тартып аласын? Ұялсаң етті.
Аю:-Сендер менің тапсырмаларымды орындап берсендер, сыбызғыны қайтарып берем.
1-тапсырма: үшбұрыш, төртбұрыш пішіндерін айыру, түстерін ажырату.
2-тапсырма. Үлкен кішкентай заттарды айыру.
Түлкі: -Енді қайтарып бер.
Аю:- Қазір мен шамалы ойнай тұрайын деп кете береді.
Түлкі: -Бұлай етуге болама екен? Кінәлі өзің өзің шеш,мен саған енді көмектесе алмаймын.
Қоян жылап келе жатады. Алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Неге сонша айқайлайсың?
Қоян: Аю мені ренжітті. Аю менің сыбызғымды тартып алып кетті.
Қасқыр. –Жүр мен аюмен сөйлесейін.
Қоян: Түлкі де онымен сөйлесті, аю оны тындамады.
Қасқыр: Біз аю екеуміз баяғыдан доспыз.
Аюға келеді. Аю салем.
Қасқыр: аю саған не болды сен неге қоянды ренжеттің? Бер сыбызғысын.
Аю:-Сендер менің тапсырмаларымды орындап берсендер, сыбызғыны қайтарып берем.

1 тапсырма : үлкен кішкентай заттарды ажырату.
2 тапсырма пішінін түсін айту
Қасқыр: -Енді қайтарып бер.
Аю:- Қазір мен шамалы ойнай тұрайын деп кете береді.
Қасқыр: -Бұлай етуге болама екен? Кінәлі өзің өзің шеш,мен саған енді көмектесе алмаймын.
.Қоян айтады. Балалар мен шаршап кеттім . Демалып, денемізді сергітіп алайық. Балалар келіседі.
Йога.
Қоян жылап келе жатады
Алдынан маса ұшып келеді.
Қоян: Сен кімсің ?
Маса: Мен масамын.
Қоян: Саған не керек?
Маса: Саған көмектесейін деп едім
Қоян: Сен бе көмектесейін деп едің. Сен тіптен көмектесе алмайсын. Себебі сен кішкентайсын, ал ол үлкен.
Маса: Кішкентай болсам да мен батылмын. Кәне айт кім сені ренжетті.
Қоян: Аю менің сыбызғымды тартып алды.
Маса: Эййй аю қоянның сыбызғысын қайтар әйтпесе өз обалын өзіне
Аю: Сен менің тапсырмамды орында.
- Мына заттар қайсысы жоғарыда қайсысы төменде екенін ажыратып беріңдер
Маса: -Енді қайтарып бер.
Аю:- Қазір мен шамалы ойнай тұрайын деп кете береді.
Ертегі қосып, аю мен маса .Маса: Сыбызғыны қайтар. Аю: қазір мен саған.
Маса Сыбызғыны қайтар
Аю: жоқ
Маса : Онда өзің біл
Аю: Қоян кешір менікі дұрыс болмады
Қоян:Мүмкін емес, бұл распа. Алақай. Рахмет.
Маса: Көрдің бе аю өте мейірімді екен. Ал сен айтын кішкентайсын шаман келмейді деп.
Қоян: Кішкентай болып аюды қалай көндірдің?
Маса:Мәселе сендіре білуде
Аю: Енді масаның достарын ренжетпеймін.
Бәрі дос болып көңілді би билейді. Тәрбие.орг сайтынан «Аю мен маса» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жайлыбаева Эльвира Савитовна

Пікірлер: 0

avatar