"Алтын қақпа" интеллектуалдық ойыны

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 830
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18067


«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балалардың өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіре отырып, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінуін тиянақтау, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату, сурет бойынша сөйлем құрау алуға бағыттау;
Дамытушылық: Балалардың зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, танымын, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлықтарымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, конверттер, сандықша.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Әдіс – тәсілдері: Ойын түрінде өткізу.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге
Балалар, бүгін сабағымыз өте ерекше болайын деп тұр. Бүгін біз
«Алтын қақпа» атты ойын арқылы бәсекеге түсіп, білімімізді көрсетеміз. Алтын қақпаға жету үшін бірнеше сынақтардан өтесіңдер. Міне, алдарыңда тұрған Тас қақпа, күміс қақпадан сүрінбей өтсеңдер, алтын қақпаға тап боласыңдар. Алтын қақпада да сендерді таңғажайып сәт күтіп тұр. Балалар, біз екі топқа бөлініп отырмыз
Бірінші топ – «Білгірлер» тобы
Ұраны: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғаріп
Екінші топ – «Алғырлар» тобы.
Ұраны: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Балаларға ойын шартын түсіндіру:
Алдымен мына Тас қақпаның сыртында ілініп тұрған хатты таңдайсыңдар. Үш сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, әр қақпа кезегімен ашылып отырады.
1.Дыбыс пен әріптің айырмашылығын атаңдар
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
4.Буын дегеніміз не?
5.Сөз дегеніміз не? Сөз неден құралады?
6.Сөйлем неден құралады? Нені білдіреді?
Балалардың жауаптарынан кейін үнтаспадан күй ойналып,
Тас қақпа ашылады.
Балалар, қандай қақпаға тап болдық?
Балалар: Тас қақпаға
(балаларды мадақтау, тас қақпада жақсы қатысқан балаларды атап өту)
Келесі қақпамыз: Күміс қақпа
Күміс қақпа ашылу үшін тағы да 3 сұраққа жауап беруіміз керек.
1) ТАС ҚАҚПА
Құрметті «Алтын қақпа» ойыншылары!
1. Күн сәулелеріндегі буындардан сөз құраңдар. (са-ғат, са-на, са-бақ)

2. «Дыбыстарды ажырат» (құлпынайдың ішіндегі дыбыстарды да уысты, дауыссыз екенін ажыратып, себетке салу)

3. «Адасқан әріптер» ( әріптерден сөз құрау: жеміс, бала, жұлдыз сөздері)

Тас қақпаның тапсырмалары орындалғаннан кейін күй ойналып, қақпаның есігі ашылады.

2) КҮМІС ҚАҚПА

1) «Көктем» сөзіне дыбыстық талдау жасау. 1 топ
2) «Көктем » сөзіне сөйлем құрау. 2 топ
3) Ребус шешу (ананас, қауын)

Енді, балалар, Күміс қақпаның арғы жағында не бар екенін біз күш жинап
алайық. Орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.

СЕРГІТУ СӘТІ
Шаршадық ба, балалар?
Онда сергіп алайық,
Шаршамасын көзіміз,
Шаршамасын құлағымыз,
Шаршамасын қолымыз
Шаршамасын аяғымыз,
Көз көру үшін керек,
Құлақ есту үшін керек
Қолымызбен шапалақ соғамыз,
Аяғымызбен топырлап жүреміз.

4) АЛТЫН ҚАҚПА

1. Әліппе кітаптан мәтін оқыту (әр топтан)
2. «Жоғалған дыбыстар» (түсіп қалған әріптерді жазу)
3. Буындардан сөз құрау (шардың ішіндегі шашылған буындарды түстеріне қарай қосып, сөз шығару)
Алтын қақпаның есігі ашылады. Үнтаспадан күй ойналып сандық шығады .Балалар, алдымыздан не пайда болды?
Балалар: сандық!
Балалар бүгін біз сендермен «Алтын қақпа» ойынын ойнадық. Ойынға бәрің де белсенді қатыстыңдар. Дегенмен де, әр ойында жеңімпаз болады. Бүгінгі ойынның жеңімпазын білу үшін тақтадағы ұпайларымызды санап көрейік. Енді осы алтын сандығымызда бізді қандай сыйлық күтіп тұр екен. Сандықтың ішінде қандай құпия тұрғанын білу үшін тағыда жұмбақ шешейік.
Қалам туралы жұмбақ жасыру. Балаларға сандықтын ішіндегі қаламдарды сыйға тарту.

Сабақты қорыту. Мадақтау Тәрбие.орг сайтынан "Алтын қақпа" интеллектуалдық ойыны Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ибышева Гүлнар Ерікқызы

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №23 мектепке дейінгі гимназия Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar