"АЛТЫН БАЛЫҚ" ашық сабағы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 341
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22819


Алтын балық Қалмагамбетова Ләззат Рахатовна, МКҚК «Жансая» балабақшасының тәрбиешісі Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Экология негіздері. Тақырыбы: Алтын балық. Мақсаты: .Аквариумдағы тіршілік ететін алтын балық туралы түсіндіру. Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабылеттерін дамыту.Жанды табиғат мүшелеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: алтын балығы бар аквариум, үлестірмелі материалдар. Сөздік жұмыстар: қабыршақ. Билингвальды компонент: балық-рыба, су-вода. «Мұхит дыбысы» үнтаспадан тыңдатылады. Ү.О.І.Ә түсіндіріледі. Жұмбақ шешу. Сусыз өмір сүре алмайды, Аяғы жоқ жүре алмайды. (балық- рыба) 1.Білімді өзектендіру. Балық қай жерлерде тіршілік етеді? ( өзен,көл мұхит) Балықтардың денесі немен қапталады?( қабыршақ) «қабыршақ» сөзін бірнеше рет қайталайды. 2.Аквариуммен таныстыру және бақылату. Аквариум –су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Сергіту сәті. Саусаққа арналған «Балық» жаттығуы. Балық жүзді сүнгіді, Таза суды бүлдірді. Бір көрінді, жоқ болды, Әдемілеп секірді. 3. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Алтын балық» ертегісіндегі кейіпкерлерді құрастыру. 4. Жеке жұмыс: Шығармашылық, Құм терапиясы. Сергіту сәті: Теңіздегі алыптар, Ауыздарын ашады. Кіп-кішкене балықтар, Жылдам жүзіп қашады. 5. Қорытынды сұрақтар. Сұрақ – жауап арқылы Ұ.О. І. Ә-де алған білімдерді қорытындыланады. Тәрбие.орг сайтынан "АЛТЫН БАЛЫҚ" ашық сабағы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалмағамбетова Лаззат Рахатовна

Ақтөбе обл.,Мұғалжар ауд.,Қандыағаш қ., МКҚК "Жансая" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar