Алтын балықтың саяхаты

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 242
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 12/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22796


Білім беру саласы:Вариативтік компонент
Бөлімі:Құм терапиясы
Тақырыбы: «Алтын балықтың саяхаты»
Мақсаты:ой-қиялды,шығармашылық элементтері бар репродуктивтік қиялды дамыту
білімділік:алтын балық жайлы кеңінен түсінік беру
дамытушылық:ойлау дербестігін дамыту
тәрбиелілік:Бір-бірін құрметтеуге үйрету
Көрнекіліктер:Құм тақтайшасы,балықтың суреті,тақтайшаға арналған кеіпкерлер
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Балалар менің қолымдағы не?
-Дұрыс айтасыңдар бұл смаиликтер.См
-Смаиликтер арқылы біз адамның көңіл-күйін біле аламыз
-Менің оң қолымдағы смаилик нені білдіреді?
-Ал сол қолымдағы ше?
-Жарайсыңдар сендер дұрыс айтыңдар!
Ендеше кәне барлығымыз өзіміздің көңіл-күйімізді таңдап алайық Балалар жауабы
Іздену-ұйымдастырушы -Балалар,біз құм терапиясы сабағында тек қана білімімізді дамытып қана қоймай сонымен қатар шығармашылық қабілеттерімізді де дамытамыз (әсем музыка әуенімен ойнап тұрады) Құм терапиясы сабағында бізге әрқашанда кім көмектеседі?
-Сәлеметсіз бе! Құм ханзадасы.Сіз неге көңілсіз отырсыз?
Мен жаңа бір керемет ертегі оқыған едім,сол ертегіден кейін менің көңіл-күйім түсіп кетті.
-Ол қандай ертегі?Біз сізге көмектесе аламыз ба?
-Қандай керемет ендеше мен сендерге осы ертегіні айтып берейін.
-Ертегілік құм елінде ғажайып алтын балық өмір сүреді.Барлық тұрғындар оны жақсы көреді,ол да оларды жақсы көрді,бірақ оның өзіне ұқсайтын құрбысы болмады. Күндер өте келе Алтын балықтың көңіл-күйі түсіп,бос уақытында не істерін білмей өзендегі балықтармен достасуға барады.Бірақ өзендегі барлық балықтар қызу жұмыс үстінде жүреді.Алтын балықта ішінен шіркін менде осылай бір нәрсемен шұғылдансам екен деп ойлайды.Балықтардың жанына жақындап
-мен сендерге көмекссем болады ма ?
Сонда балықтар жоқ Алтын балық сен бізге бөгет жасамай өзінің еліне орал дейді.
Алтын балықтың көңіл-күйі түсіп ренжіп қала береді.
-Шынымен де өте аянышты ертегі екен.Ал балалар біз осы ертегіні өзгертіп көрсек қалай болады екен?
(Триз технологиясы)
-Көрдіңдер ме,балалар Алтын балыққа көмек керек сендердің болғандарын қандай жақсы.Сендер Алтын балыққа өзі сияқты дос тауып беретіңдеріне сенемін.
Орталық бойынша жұмыс
1топ құммен жұмыс
2 топ сурет орталығы (дәстүрден тыс технологиясы) Балалар мұқият тыңдап отырады.
Балалардың жауабы

Барлық бала белсене балықтар жасайды.

Сергіту сәті

Түрлі-түсті балықтар суда жүзіп келеді
Қандай керемет әсем балықтар
Қолымызды көтеріп балық сияқты жүзейік
Балалар орталықтармен аусады. Балалар сергіту сәтін орындайды

Құм ханзадасы:Балалар,сендергекөп рахмет мен сендердің жасаған балықтарынды міндетті түрде Алтын балыққа жеткіземін.Сендер өте тапқыр,шебер балалар екеңсіңдер.
Сізге Құм ханзадасы көп рахмет сіздің ертегініз арқылы біздің балаларымыз балықтың мүсінін жсауды үйренді.Келесі кездескенше сауболыңыз!
Қорытынды
Дамыта оқыту технологиясы бойынша сабақты қорытындылау
-Балалар,бүгін біз сендермен қандай ертегімен таныстық ?
-Алтын балық қайда мекендейді?
-Алтын балық өзіне не іздеді?
-Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалардың жауабы Тәрбие.орг сайтынан Алтын балықтың саяхаты Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утеубаева Қарлығаш Қабиденовна

Павлодар облысы,Май ауданы,Көктөбе ауылы "Ақбота" бөбектер бақшасы Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Пікірлер: 0

avatar