Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Алтын күз
  • 07.09.2016
  • 643 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19463

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.5Kb)

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Балбөбек»балабақшасының, «Балапан» тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық! Күзгі тойды жүп жазбай, Бірге қарсы алайық! Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім? Балалар: Ол күз. Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық. Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді. Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Күз: Береке бақ дарыған, жомарт көңіл жарқын жаз. Сары алтынға малынған, Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба? Балалар: Жоқ. Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап Шақырады жарқын жүз Сайрандаған күліп-ойнап, Келді міне Алтын күз! Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі Шықса жасыл Түссе –сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ. Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар! Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Ән «Күз жомарт» Аділхан Күзім-ау, күзім-ау! Мінезің бұзық-ау Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау! Інжу Қарашы күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді Құс біткен керуен түзеді, Көңілсіз неліктен күз енді? Дінмұхамед Қара бұлт қабағын түйеді, Бұталар боз қырау киеді Осы ма, осы ма күз деген Бақшаға баратың бізбенен Еркенұр Сары теңге жапырақ, Бояған ба көл бетін? Тоңазыпты топырақ, Ызғарлы екен жел де тым. Игнат Кездескен сон күзімен, Бұтағынан үзілген. Ай жапырақ-сары алтын, Айналаның бәрі алтын Жүргізуші: «Қолшатыр» биі ( Айгерім, Айлана, Роза) Кәусар Гүл жайнаған даланың, Жапырағы солыпты. Таңырқадым, қарадым, Танымастай болыпты. Нүркен Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Назым О, алақай, тамаша, Шашу шашады жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап! Кәусар Астық жеміс жиылды, Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс, Алдық өнім сыйыңды. Дамира Көбейді құт-береке Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз. Азамат Өнім үйіп тастадық, Оқуды да бастадық. Берекелі алтын күз, Ашық болсын аспаның. Нұрайым Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырап Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ирина Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз. Алинұр Жүзім, алма жинаймыз, Алтын мақта тереміз. Үлкендерді сыйлаймыз, Көмектесе береміз Ержігіт Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дариядай шалқар күз. Ерасыл Ұшты талдан жапырақ Сары көбелек секілді Аспанда жай шатырлап Тамшы жерге секірді Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында «Балапан» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды. Ойын «Кім жылдам» Би: «Жапырақтар» Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады) Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың. Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім . Өрік Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін. Алма Мен алмамын, алмамын Тандайда қалар бәр дәмім. Шие: Шиемін мен, шиемін Басымды мен иемін Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу. Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны 1.Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе Аузынан кетпес бал дәмі Онын аты (шабдалы) 2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін аиырып, Танисын ба? (шиені ) 3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері-бақша-бақ Күрен қызыл шіркін-ай Оның аты…(танқұрай ) Жүргізуші: Алтын күз, біздің балаларымыздың күз мерекесіне дайындаған күзгі сән үлгілерін тамашалаңыз. Күзгі сән үлгілері: «Күз ырғағы» өленің тамашаланыздар Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды Берекелі бақ-дәулет, Арта түссін тойланып. Сау болындар, балалар, Келгенше жыл айналып Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші. Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулжан Жумагулова Базарбаевна

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылы "Балбөбек" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 643 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar