Алтын күз

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 427
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22715


Жүргізуші: Ел байлығын арттырған, Берекелі де, берекелі алтын күз мерекесі құтты болсын! Сары алтындай сары күз, Себетке толы жемісін Қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» ертеңгілігімізді бастаймыз. Олай болса «Ақкөгершін» тобын қарсы алайық. Көркем: Қарашы күз келді,күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді Құс біткен керуен тізеді Қара бұлт қабағын түйеді. Аружан:Ән салыңдар, күліңдер, Жайнап гүлдей жүріңдер. Күздің тойын тойлайық, Би билейік ойнайық. Әлішер: Қуаныштың ағайын, Қоңырауын қағайын. Қуандырып біздерді, Өлкемізге күз келді. Бекзат.М. Қуандырып біздерді, Кел жемісті «Алтын күз» Өлкемізге күз келді, Кемелденсін халқымыз. Айсәуле: Көбейді құт береке, Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз. Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Міне күз мезгілі де келіп, жетті. Күз мезгілінде күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Бірақ балалар сендер еш мұңаймаңдар. Күзде көптеген жақсылықтар да бар. Оның молшылығыда бар. Кәне балалар барлығымыз орнымыздан тұрып «Жау –жау, жаңбыр» әнін орындайық. Ән: «Жау-жау, жаңбыр» Хор. Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар . Тапталады табанға Сыбдыр-сыбдыр жапырақ Өрттей сары бояуға Малынғандай атырап. Балалар бізге бүгін қонаққа сонау алыстан Күз ханшайымы келе жатыр.Кәне қарсы алайық. Күз ханшайымы кіреді: (Күз ханшайымның сөзі) Биі: «Кап-кап» Әлихан. А. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген Мейіржан: Көктемде егін егетін Күзде жиып беретін Біздің дала бай дала Астық толы айнала Нұрсәт: Күзім-ау,күзім-ау Мінезің бұзық –ау. Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық –ау. Назерке: Құстар қайтты ән салып Бұлт шарлады аспанды. Қыс келеді жар салып Күзгі суық басталды. Өркен: Алақай,алақай, Шаттанды балақай. Күз ханшайымы: -Балалар мен орманнан жалғыз келген жоқпын . Менің сендерге баратынымды қасқыр естіп қойып олда келді. Қасқыр кіреді: Би билейді. Сәлеметсіздерме балалар !Сендерде тамаша кеш болып жатқанын естіп менің де келгім келді. Бірақ мен құр келген жоқпын. Сендерге ойын ала келдім. Ойын: «Кім жылдам» Жүргізуші: Рахмет, қасқыр. Қасқыр қоштасады. -Балалар қасқыр орманнан саңырау құлақтар әкеліпті. Би: «Саңырау құлақтар биі:» Жүргізуші: Гүлім, гүлім өсе бер, Әдемі бол , асу бол, Күндей жайнап кете бер Қызыл,жасыл гүлдердей Ендеше балалар ортаға сәнқой қыздарымызды шақырайық. Ата-аналармен ойын Сұрақ-жауап арқылы ойын ойнатылады. «Сән үлгісі» Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге жемістерімді де ала келдім. Кәне ортаға шақырайық. Санжар: Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып Тұрған ол мен қызанақ Күнге қарап ұялып. Бекзат: Пісіп тұрған алмамын Тамсандырар бал дәмім Жерге сілкіп түсірме Ісіп кетер маңдайым Кәусар: Өсіретін бойымды Дамытатын ойыңды Қоянға да азықпыз Сәбіздерміз жазықсыз. Айқын: Асханадан шықпаймын Атым пияз бұқпаймын Көзден жасты шыарам Тұмаудан бірақ сақтаймын Нұрай: Мен жүзіммін,жүзіммін Моншақ болып тізілдім. Би : «Достық» Хор Жүргізуші: Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз келіпті. Құран жапырақ толыпты Ел егінін орыпты. Міне балалар осындай «Алтын күзде» әнде шырқадық, би де биледік, кәне орнымыздан тұрып тамаша ән шырқайық. Ән: «Күзге сәлем» Хор. Күз ханшайымы: Балалар менің де кететін уақытым да болды. Сендер өнерлі екенсіңдер рахмет сендерге балалар. Мен тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр соларға барайын. Сау болыңдар балалар. Жүргізуші: Сау бол Алтын күз ханшайымы. Осымен бүгінгі «Ақ көгершін» тобының ертеңгілігі аяқталды. Сау болыңыздар. [size=6] Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ермағанбетова Марта Сүндетбаевна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, "Балауса" бөбекжай балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar