Алтын күз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 428
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23671


"Шығармашылық" білім саласы бойынша өткізілген ашық оқу қызметінің технологиялық картасы


Тастанбекова Балакыз Амановна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы алған білімдерін бекіту, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, бүлдіршіндердің бейімін дамыту.
Көрнекілігі:Ағаш, жемістер
Тәрбиеші: Күз мерекесіне арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Шаттық шеңбері: Қараңдарша, балалар
Қуандырып біздерді
Мерекелі Күз келді.
Күз мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?
Балалардың жауабы.
Жаңбырдың дауысы шығады.
Тәрбиеші: Бұл ненің дауысы?
Балалар: Жел мен жаңбырдың дауысы.
Тәрбиеші: Қазір күз мезгілі.Сондықтан ауа-райы өзгеріске түседі. Күзде жел тұрып, жаңбыр көбірек жауады. Күз мезгілінде әр түрлі жеміс-жидектер , көкөністер піседі. Адамдар жылы киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күздің жақсы жақтары, күзде жеміс-жидек, көкөкніс жейміз. Ал, енді , балалар, алма ағашына,күнге жер анаға рахмет айтайықшы.
Балалар бастарын изейді.

Тәрбиеші: Балалардың күзге арнаған тақпақтары бар:
Күзім-ау күзім-ау Күннің нұры көшкендей
Мінезің бұзық –ау Алма ағаштың басында
Жаңбырың сіркіреп Қызыл қарбыз өскендей.
Келгенің қызық-ау.
Апорт деген алма бар Қараңдаршы балалар
Алматы оның отаны Қуандырып біздерді
Ондай алма қайда бар Мерекелі күз келді.
Жерді жарған атағы.
Есік қағылады.
Ғажайып сәт: Хат тасушы кіреді.

Хат тасушы: Мен сендерге Мақта қыздың атасы мен әжесінен гүл және хат әкелдім.
«Саламатыздар ма , балалар. Мынау өзіміз еккен гүл,сендерге беріп жібердік. Тәртіпті, ақылды болып өсіңдер. Ата –ана ларыңның үлкен азаматы болып өсіңдер.
С м: Мақта қыздың атасы мен әжесі.
Тәрбиеші: Балалар, енді біз Мақта қыздың әжесі мен атасына сурет салып беріп жіберейік.
Балалар: Алманың, алмұрттың , жүзімнің әр түрлі жемістердің суретін бояйды.

Тәрбиеші: Ал, енді, балалар сурет салып шаршадық. Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:Барлығы «Топ-топ» биін билейді.
Хат тасушы: балалар, сендердің қандай өнерлерің бар.
Балалар «Бөбектер» биін және «Үйректер» биін билейді.

Ойын. «Кім көп жеміс тереді»

Тәрбиеші: Осымен балалар «Алтын күз» тақырыбына арналған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Тәрбие.орг сайтынан Алтын күз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тастанбекова Балакыз Амановна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar