Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Алтын күзбен кездесу»
  • 19.04.2016
  • 721 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18705

Мектеп алды даярлық тобына арналған
сценарий конспектісі
«Алтын күзбен кездесу»


(Балалар вальс музыкасымен жұптасып залға кіреді, вальске билеп болған соң, орындарына отырады).
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспаннан мөлдіретіп.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! Берекелі, ырысы мол алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім, сыйыңды
1 бала:
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
2 бала:
В детском садике сегодня
Шум и суета,
Все ребята нарядились,
Просто красота.
3 бала:
Час прощанья с летом,
Для всех нас настал,
Начинаем, начинаем...
Дети (хором): наш осенний бал.
4 бала:
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.
5 бала:
Дала сары киінді.
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Алтын күзді жыр төккен!
Алтын күзді нұр төккен!
Ән орындау: «Алтын күз»
(Балалар өз орындарына отырады).
Жүргізуші:
Қане, балалар, Алтын күзді шақырайық!
Балалар:
Алтын күзді шақырамыз!
(Музыка ойналып, Қоян кіреді)
Қоян(қолындағы жеделхатты көрсетіп):
Балаларға жеделхат, балаларға жеделхат!
(жеделхатты жүргізушіге беріп, өзі қашып кетеді).
Жүргізуші: (оқиды):
Жеделхат:
Балалар, сендерге келуге үлгірмей жатырмын. Маған қонаққа өздерің келіңдер, ал қоян жолды көрсетеді. Алтын күз.
Ал қоянымыз қайда? Кетіп қалыпты. Бір нәрседен қорыққан шығар. Онда біз өзіміз орманға барайық. Сары жапырақтарды жинап, ән айтып, би билеп жетейік.
Ән орындау: «Осень снова к нам пришла»
Би: «Жапырақтар биі»
Жүргізуші:
(безендірілген залды көрсетіп) міне, балалар, орманға да жетіп қалдық.
6 бала:
Я люблю гулять по лесу,
В лес хожу я каждый день.
Все в лесу мне интересно.
Каждый куст и каждый пень.
7 бала:
Может, встречу я лисенка,
Или маленьких бельчат?
Набреду на медвежонка
Или сереньких зайчат?
8 бала:
Может, я услышу пенье
Звонких радостных ручьев.
И совсем обыкновенных
Повстречаю воробьев.
(Өлең оқылып жатқанда Құртақан ағаштың түбінде ұйықтап жатады)
Жүргізуші:
Балалар, қараңдаршы, мынау ұйықтап жатқан кім?
Балалар:
Құртақан.
9 бала:
Құртақаным, тұра ғой,
Құртақаным, ұйықтама.
10 бала:
Оставьте пень, свой старый пень,
Вставайте, гном, сейчас уж день.
(Құртақан екінші жағына аунап түсіп, қорылдай бастайды).
Жүргізуші:
Құртақанның оянатын түрі жоқ,
Ұйқысы тым тәтті екен.
Ал, балалар, онда біз
Ән салып, тақпақтар айтайық.
Балалар ағылшын тіліндегі тақпақтарын оқиды.
Балалар ағылшын тілінде ән орындайды: «The rain»
Құртақан: (оянып кетіп, таңдана қарайды)
Ой, мынау не деген керемет,
Қандай керемет!
Балалар, орманға қалай жеттіңдер?
Мұнда неге келдіңдер?
Жүргізуші:
Бізді Алтын күз қонаққа шақырып еді, оны қалай табарымызды білмейміз. Бәлкім, сен жол көрсетіп жіберерсің.
Құртақан:
Әрине, көрсетем.
Тек әуелі, балалар,
Жұмбақ шешуін табыңдар.
Жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
Балалар:(бірге):
Иә.
Құртақан:
Алғашқы жұмбақ:
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым саққұлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ
Балалар:
Қоян.
Құртақан:
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы...
Балалар:
Арыстан.
Құртақан:

Келесі жұмбақ:
Кто позабыв тревоги,
Спит в своей берлоге.
Балалар:
Аю.
Құртақан:
Жарайсыңдар, балалар. Өте білімді екенсіңдер. Енді маған жапырақтан төсек салып беріңдер.
(Кілемде шашылып жатқан қызыл, сары жапырақтарды балалар жинайды, қыздар сары жапырақтарды, ұлдар қызыл жапырақтарды себеттерге салып жинайды. Музыка тоқтағанда кім көп жапырақ жинаса, сол жеңімпаз аталады. Ойын 2-3 рет қайталанады. Соңында Құртақан жапырақ толы себеттерді алады).
Құртақан:
Достарым, рахмет! (Бір орам кірпі-жіпті алады)
Міне, мынау, кірпішешен – жіп,
Сендерге жол көрсетеді.
Тек қана:
«Кірпішешен орам жіп,
Жол көрсетіп бер бізге,
Барамыз біз қонаққа,
Алтын күзге, сән күзге» - деп айту керек.
(жүргізушіге орам жіпті ұстатады да, өзі кетіп қалады).
Жүргізуші:
Рахмет, Құртақан.
Құртақан:
Сау болыңдар, балалар!
Балалар:
Сау болыңыз.
Жүргізуші:
Ал, енді, балалар, сөздерді қайталайық.
Балалар:(бірге)
«Кірпішешен орам жіп,
Жол көрсетіп бер бізге,
Барамыз біз қонаққа,
Алтын күзге, сән күзге»
(жіп домалайды)
Жүргізуші:
Қараңдаршы, балалар, күз жолдары көріне бастаған сияқты.
Би: «Күзгі жолдар»
(Би соңына таман Алтын күз кіреді).
Алтын күз:
Мен Алтын күзбін, жомарт күзбін!
Мол өнім мен береке ала келдім.
Балалар мен үлкендер! Күзгі орманға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Балалар, Алтын күзбен сәлемдесейік.
Сәлеметсіз бе, Алтын күз, жарқын күз! Біз саған әндеріміз бен билерімізді, жаттаған тақпақтарымызды ала келдік.
11 бала:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Ән орындау: «Күз жомарт».
12 бала:
Тілегім, аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз – ырыс, береке ала келді!
13 бала:
Келді, міне, алтын күз,
Сары шашты, жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз!
14 бала:
Закружится ветер под песню дождя,
Листочки нам под ноги бросит.
Такая красивая эта пора:
Пришла к нам опять Чудо-Осень!
Ойын: «Көңілді шарлар»
Күз:
Балалар, қазір мен сендермен «Көңілді шарлар» атты ойын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты бойынша мұнда екі бала шығады, бірі сары, екіншісі жасыл шалбар киеді. Екі команда құрылып, осы шалбарлардың ішіне шарлар жинау керек. Қай команда шарларын тезірек тауысса, сол команда жеңіске жетеді.
(Ойын ойналады, ойын соңында шалбар киген балаларды билету керек).
Хоровод: «Осенняя песенка»
Жүргізуші:
Құрметті, Алтын күз! Балалар сізге арнап жалпы би билегісі келіп тұр.
Флеш-моб: жалпы би.
Алтын күз:
Ойнадық, күлдік, ән айттық, биледік.
Біраз уақыт өтіп кетті.
Менің атқарар жұмыстарым әлі де көп.
Енді, балалар, менің алып келген ертегімді тамашалаңдар.
Амандықта, саулықта бір жылдан соң кездесейік!
Сау болыңдар!
(Күз қол бұлғап, балалармен қоштасып шығып кетеді)
Балалар:
Сау болыңыз, Алтын күз!
Жүргізуші:
Салқын сыз, дымқыл тұман соңынан ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат керген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн бар ма байлығын ол тегін берген.
Біз оны күтіп жүр-ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап.
Астық, жеміс, мақтасын, бар байлығын,
Алып қалдық еңбекпен айырбастап.
Енді Алтын күздің алып келген ертігісін тамашалайық. Тәрбие.орг сайтынан «Алтын күзбен кездесу» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Икрамова Акбота Зулхарнаевна

ОҚО Шымкент қаласы №19 "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасы Музыка жетекшісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: altynbekova-1975
Көрсетілім: 721 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar