"АЛТЫН САҚА" ертегісі

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 848
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23059


Алтын сақа
Ертегі сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын , қол өнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, ұлттық киімдер, қамша, сақа.
Сабақтың өту барысы: «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған өнерімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Шал, қолында қамша, қой жайып жүреді.
-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидан қақтым, ешкі бақтым – еңіреп бақтым деген осы екен ғой.
( Уh, шаршадым деп, малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды қылқындырады.)
-Уh, бәлем, ұсталдың ба?
Шал:
-Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.
-Мыстан:
-Сен маған не бересің?
Шал:
-Бір қора қой беремін.
Мыстан:
-Жоқ мен оған риза емеспін.
Шал:
-Барлық байлығымды берейін.
Мыстан:
-Жоқ , оған да риза емеспін.
Шал:
-Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін.
Мыстан:
-Онда , келісемін оны қайтып бересің?
Шал:
-Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам сақасын іздеп келгенде ұстап ал.
Шал:
-Онда міне, алтын сақа, деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан кемпір алтын сақаның қасында отырады. Бала келеді.
Бала:
-Апа, апа, анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші?
Мыстан:
-Ой балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал

Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді.
Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады.
Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады.
Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді.
Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: - Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді.
Сонда жалмауыз кемпір: - Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді.
Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды.
Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға: - Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді.
Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді.
Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады.
«Осындай пәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу тұр», - дейді қарлыгаш баланың төбеттеріне.
Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды.
Баланың төбеттері, жалмауыз кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды. Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау құтылып келгеніне әке-шешесіне қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады. Тәрбие.орг сайтынан "АЛТЫН САҚА" ертегісі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалмағамбетова Лаззат Рахатовна

Ақтөбе обл.,Мұғалжар ауд.,Қандыағаш қ., МКҚК "Жансая" балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar