«Алтын жүрек анамыз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 243
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22688


Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайы» КМҚК

Дайындаған: Ортаңғы «Шағала» тобының тәрбиешісі: Исиркова Г.И.


Приозерск қаласы
2017ж

Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»
Мақсаты:
Білімділік: Ана жайлы тамаша өлеңдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейіріміне, махаббатына деген сезімді білу.
Дамытушылық: Балаларға өлеңді тыңдап, өз түсінігімен айта білуге баулу, есте сақтау ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Аналарды ренжітпеуге, оларды әрдайым сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақалдар, суреттер.

Жүргізіші:
Армысыздар құрметті тәрбиешіліер, балалар. Қазақ, әйел затын ерекше қадірлеген.Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, анашым
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін
Анам ылғи қамқор болып жүреді
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.- дегендей
Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоқ. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән. Жердің өзіне де Жер — Ана деп теңеу айтып жүреміз. Ана — перзент тәрбиешісі, ана-қызметкер.
Олай болса «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
«Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері: Құралбай Айдана, Қадыр Олжас. «Шағала» тобының тәрбиеленушілері: Олжабай Оғлан, Сағадин Балауса.
«Балдырған» тобының тәрбиеленушілері: Урисбай Мадина, Макенова Аделья.
«Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері: Дүйсенбек Дулат, Сүйіндік Мадина

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейік:
«Балақай» бөбекжайының диреторы: Узалина Г.Т.
«Балақай» бөбекжайының әдіскері: Тоқталған Б.
«Балапан» тобының тәрбиешісі: Шалтиева Ж.К.

Аяулы Ана
Күнім де ана, ай да ана,
Жетеді саған қай дана?
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием сен ғана.
Айбының биік,
Айдының тұнық. Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің, - дей келе бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына жол берейік.
«Қарлыған» тобының тәрбиеленушілері:
Айдана: Ана әнмен тербетеді
Күйге бөлеп жаныңды
Көңіліңді сергітеді
Балбыртып тәніңді.
Олжас: Сен ұйықтасаң әнге балқып,
Анаң жаны жайланар
Аспандағы айда қалқып,
Ақ бетіңнен аймалар.
Нұртас
Біздер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәрінеде ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Арсен
Алма баққа барамыз,
Алманы жұлып аламыз,
Үйге қарай жүгіріп,
Анамызға сыйлаймыз.
«Шағала» тобының тәрбиеленушілері:
Оғлан: Ақ мамақтай көңілі
Жұмсақ мінез анашым.
Сені сыйлап өмірі
Құрметтейді балашың.
Балауса: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой кремет.
«Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері:
Дулат
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балдыратып тәніңді.
Мадина
Сен ұйықтасаң әнге балқып,
Анаң жаны жайланар
Аспандағы айда қалқып,
Ақ бетіңнен аймалар.

«Балдырған» тобының тәрбиеленушілері:

Мадина
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз
Аделья
Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Балалар аналарымызға деген шексіз махаббатарыңды өлең шумақтарын өте тамаша сендерге көптен көп рақмет, олай болса әділ қазы алқалары дайын болам дегенше, балаларымыздың әндеріне кезек берейік.

Ән: «Балдәурен»
Мадақтау.

Жүргізуші: «Алтын журек- анамыз» атты манерлеп оқу сайысын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы ащыда болса шындық ата-ана мен бала арасындағы қарымқатынасты бейне баян арқылы көруге шақырамыз.

Күн сәулелі анашым,
Рухыменен панасың
Жадымда әркез қаласың,
Жүрегім боп соғасың
Күн мейірімі төгілген
Ана ғана ғаламда
Жақсы ананың шуағы
Мәңгі қалар санамда, деп бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!








. Тәрбие.орг сайтынан «Алтын жүрек анамыз» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исиркова Г.И.

Пікірлер: 0

avatar