Ана өмір шуағы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 493
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22601


Қызылорда облысы
Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицей «Ботақан» шағын орталығы
Тәрбиеші: Слимова Жанаркул
Тақырыбы: "Ана - өмір шуағы!"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: плакаттар,бөлмені безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.
1-жүргізіші:
-Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, сымбатты да ару қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
2-жүргізуші:
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар.
- Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!
Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, деңдеріңізге саулық тілейміз.
Данияр:
Құрметті әжелер,аналар,апалар,ару қыздар сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт тілейміз мерекелеріңіз құтты болсын!
Ерсұлтан:
Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели поздравляем вас весенним праздником восьмого марта.Желаю вам здоровье, счастье и успехов во всем.
Айдос:
Май диә, диә мамми,
Ай лаф ю сау мач!
Ай уонт ю ту би хәппи
Он зе эйтс оф мач.
Флеш моб : Жігіттер
1-жүргізуші:
Ана десем,алғыс алам халқымнан
Ана десем,теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын- дей келе сөз кезегін балабақша әдіскері: Утеева Перизат Мнажадинқызын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана.
Ендеше аналарымызға арнаған «Аяулы анашым» әнін шырқайық.
Хор:“Аяулы анашым”
2-жүргізуші:
Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Анель:
1.Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Нұржайна:
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Айдос:
3.Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Сабыржан:
4.Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйетін,
Келші,келші,ақ мамам
Гүлден:
5.Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен,
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен!
1-жүргізуші:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
-Көктемде қандай құбылыстар болады? (күн жылынады қар еріп,жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді, ағаштар бүршік атады.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
Адамдарға қуаныш сыйлайтын ,сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
1-Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Біздің балалардың көктемге арнаған әдемі әні бар қабыл ал.
Хор: «Көктем»
Көктем: -Ой , жарайсыңдар әнді жақсы айтады екенсіңдер.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
1-Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Сау болыңдар.
Ортаға Сабыржан,Айдос шығады
Айдос:
-Көктем келді!
Сабыржан:
-Иә
Айдос:
-Күн болса зымырап бара жатыр.
Сабыржан:
-Иә
Айдос:
-Ал біздің қыздар болса, күннен күнге құлпырып бара жатыр.Эх!
Сабыржан:
-Күрсінбе сен Айдос,біз ол қыздармен әлі мектепте кездесеміз.
Екеуі бірге: Алдарыңызда қыздарымыздың орындауында «Қуыршақтар» биі.
1-Жүргізуші:
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды – дей келе кезекті тақпақтарға берелік.
Нұрай:
6.Анам менің «Айым» дейді,
Мен мұңайсам «Уайым» жейді.
Анам менің «Күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
А.Жанель:
7.Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Нұрали:
8.Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ақсұңқар:
9.Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің мамам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Сұлтанхан:
10.Мақтаным апа
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.
Ортаға Нұржайна, Гүлден шығады:
Нұржайна:
-Қарашы маған жігіттер сақина сыйлады
Гүлден:
-А қандай әдемі екен!
Нұржайна:
-Иә, әдемі
Гүлден:
-Ой, оданда гүл сыйламайды ма?!
Ендеше алдарыңызда «Гүл сыйлау» ойыны:
1-Жүргізуші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын?.
1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ!
2. Ал,тәңертең ерте тұрып, балабақшаға өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ал ендеше біз сіздерді сынап көрейік: ортаға екі бала анасымен шығады.
Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең балабақшаға және жұмысқа жиналады
Расындада біздің балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың барлығы тәртіпті, ақылды және аналарына көмектесіп балабақшаға келуге асығады екен рахмет сіздерге аналар!
2-Жүргізуші: Жарайсыңдар енді келесі әдемі ән сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Ән: «Анашым» орындайтын : Нұрқожа Гүлден
1-жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Ортада әдемі би қарсы алыңыздар!
Ортаға Данияр шығады
-Алло, әже, әже?! Мерекеңізбен құттықтаймын.Айтатын әнім беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін. Менің өзіңізге арнаған ақ тілегімді қабыл алыңыз.
Інжу:
11.Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені ,
Өте жақсы көреді.
Нұрислам:
12.Аналарды сүйеміз ,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Дарын:
13.Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Қ.Кәусар:
14.Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Әбурайхан:
15.Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
1-жүргізуші:Қариясы бар үйдің қазынасы бар демекші, ардақты да ақ жаулықты әжелерімізді құттықтай отырып, «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар!
Хор: «Ақ әжем»
2-жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық,
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық- дей келе ортада әсем ән «Анашым» орындайтын: Амангельдиева Нұржайна
1-жүргізуші:
Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі,
Үйдегі бар шаруаға
Үлгереді бір өзі ол кім екен балалар?! Ана
Біз үйде аналарымызға үй шаруасына көмектесеміз бе?
Ендеше біз аналарымыздың мерекесіне дастархан дайындауға көмектесейік?!
Ортаға екі топқа 4 баладан шығады
2-жүргізуші:
Ана-өмір шырағы
Ана -өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады –дей келе алдарыңызда
Хор: «Құттықтаймын мама»
1-жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ-дей келе балалардың аналарына арнаған тақпақтарын тыңдайық:
Ерсұлтан:
16.Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы,әнімде,
Арнадым саған бәрін де.
Кеңесбек Кәусар:
17.Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Әбубәкір:
18.Сенен өскен балалар.
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен.
Құрметті жан аналар!
Д.Жанель:
19.Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Медет:
20.Ана-біздің күніміз,
Ана-біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
2-жүргізуші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып- деп Әнші қызымыз Адильбаева Нұрайдың орындауында «Менің анам алтын» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де , өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!- дей келе балаларымыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Айару:
21.Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі ,
Мейрімді ғой керемет.
Нұразим:
22.Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен
Іңкәр:
23.Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым.
Азиз:
24.Аялаған,саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.
Мағжан:
25. Ана деген ақылшың,
Ана барда батырсың.
Қасыңда кім болсада,
Тек анаңа жақынсың.
Данияр:
26.Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
2-жүргізуші:
Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын деп ортаға ақ жаулықты әжелерімізді шақырсақ, өздеріңіздің ақ тілек лебіздеріңізді білдірсеңіздер!
1-жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан- деп балаларыңыз өз қолдарымен жасаған гүл толы себеттерін тарту етеді, қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Құрметтейік ,о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды –дей келе ардақты әжелерді, аяулы аналарды,ару қыздарымызды шын жүректен құттықтай отырып,Келесі көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше күн жақсы болсын!Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ана өмір шуағы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салимова Жанаркул

№266 мектеп-лицей «Ботақан» шағын орталығы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar