«Ана-өмір шуағы!» ертеңгілігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 613
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18441


«Ана-өмір шуағы!» ертеңгілігі

Жүргізуші: Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
-деп біз бүгінгі аяулы жандар, ардақты қыздар, ақ жаулықты апаларға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз!
-Ұлдар, бүгін біз үлкен мерекені тойлайық деп отырмыз!Ол қандай мереке?
Ұлдар: Аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесін.
Жүргізуші: Дұрыс, тағы да кімдердің мерекесі екен? Залда кімдер жоқ?
Ұлдар: Қыздардың
Жүргізуші: Әрине, дұрыс айтасыңдар.Ал біздің қыздарымыз қайда екен?Қане шапалақтап қошеметпен қыздарымызды ортаға шақырайық!
Музыка ырғағымен залға қыздар кіреді. Ұлдар қолдарын шапалақтайды.
Рахман: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз!
Жүргізуші: Бала, бала, бала деп
Түн ұйқысын төрт бөлген

Ардақты, айдай сұлу аналарымызға арнап ән шырқап берейік, балалар?!
Хор: «Ақ мамам»
А.Аяулым
Жүре берсем қасыңда
Әйбат-анам, ай-анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Дияр
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де!
Е.Аяулым
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Аят
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші Наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұдызың!
Ақниет
Ана деген-ақылшың,
Анаң барда –батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Нұржігіт
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Гүлсила
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Тәрбиелі анамды
Үнемі айтып мақтанам.
Нұрасыл
Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін.
Ару
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай
Құлпыра өсіп дем алам
Еркелеткен сөзіңмен.
Назым
Алақаны ақ самал
Мәпилеген жан анам.
Көкке күнім батса да
Өзің күнсің балаңа.
Би: Қыздарымыздың «Үнді биі»
Залға Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекпін,
Орманға қазір барамын,
Гүлдерді теріп аламын
Қызыл телпек шеңбер бойымен жүріп, гүл таба алмай жүреді.
Қызыл телпек: Гүлдер көрінбейді,
Анам енді не дейді?
Жүргізуші: Қызыл телпек бүгін 8-Наурыз мерекесін тамашалауға қал.Қандай өнерің бар?
Қызыл телпек: Билегенді ұнатамын.
Би: Қыздардың орындауында «Аралар» биі
Жүргізуші:Ал енді, біздің топтағы ең кішкентай балақандардың аналарына арнаған тақпақтарын тамашала
Санжар
Менің мамам-мұғалім
Менің әжем-шын ғалым.
Одан жас та, кәрі де
Оқып шыққан бәрі де.
Гауһар
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ақ мамам
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Нұрислам
Ана біздің-күніміз,
Ана біздің-гүліміз
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз.
М.Мансур
Ана біздің-күніміз,
Біз ананың гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрбол
Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз.
Анамызды, әжемізді тойымен
Құттықтаймыз бәріміз!

Залға әуенмен Ару-көктем келеді.
(Құшағында бір құшақ гүлі бар, басына гүлден тәж тағынып вальс ырғағымен Көктем келеді.)
Көктем: Сәлеметсізбе балалар!Мен көңілді көктеммін! Маған жаңа мында не болып жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті.Ал мына залдағы көңіл-күй қандай тамаша!
Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге және аналарына арнап өлеңдерін оқып береді.
Нұрасыл:
Келсе көктем сырнайлы,
Бұлақ күліп тыңдайды.
Шуақ төгіп күміс күн
Бұлбұл бақта жырлайды.
Ерхан:
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

Көктем: Қандай тамаша өлеңдер?Ал бүгін қандай мереке?
Балалар: Аналарымыздың мерекесі
Рахман
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Диана
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Нұрсұлтан
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен
Айналайын анам,
Қуанышыңмен!
Асем
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасын.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым!
Сандина
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсаң шаттанған.
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам!
Бексұлтан
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Бибіхан
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мереке
Еркеназ
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Мына құшағым толы гүлдерді Қызыл телпекке ала келдім.Анасына апарып берсінБалалар гүлдермен ойындар ойнайық. «Гүл жинау» Қызыл телпектің карзинасына жинап берейік.
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші: Рахмет саған Ару-көктем.Енді біздің Қызыл телпектің анасына, әжесіне апаратын сыйлығы бар.
Көктем: Жүздерің балбұл жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңдер.
Жүргізуші: Ал біздің ұл балалар қыздарға, аналарымызға және әжелерімізге арнап би дайындап келіпті:
Би: «Көңілді би» (фартук, орамалмен)
Жүргізуші:Бүгінгі мейрамға біздің сүйікті әжелерімізде келді.Сондықтан біз құрметті әжелер сіздерді құттықтаймыз!
Алдияр
Менің әжем әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Салтанат
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
Омар
Менің әжем-жыр әжем
Шуағы мол-нұр әжем.
Әрқашанда күлімдеп
Аман-есен жүр әжем.
С.Мансур
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Махаббат
Әжем менің жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Әрқашанда қуанып
Аман- есен жүр әжем.
Ерхан
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанады балаша,
Әжем менің тамаша!
Хор: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Әжелерді ойын ойнауға шақырамыз.
Ойын: «Өз немереңді тап» (әжелермен)
Жүргізуші: Ал қанекей халайық,
Мұнда бәрің қарайық!
Ортамызға көрші ауылдың түрік қыздары келіп қалыпты.Қонақтарды құттықтап би билеп қуантқалы келіп тұр екен.Қарсы алайық!
Би: Ұлдардың орындауында «Түрік»биі
Ойын: «Кірді кептіреміз» (балалар мен аналар)
Жүргізуші: Біздің аналарымыз, әжелеріміз, қыздарымыз қандай?
Жарайсыңдар, олай болса , аналарымызға, әжелерімізге, қыздарымызға жүрегімізден шыққан жылы тілектерімізді айтайықшы. Біз оларды қалай жақсы көреміз?Үйде анамызға, әжемізге көмектесіп, сыйлаймыз ба? (балалардың жауабы)
Біздің балалардың дайындаған сыйы
Балалардың барлығы:
Ана- біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші жасымыз, кәріміз де.
Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде
-деп, ақын ағаларымыз жырлағандай, ардақты аналар,аяулы ұстаздар, гүлдей нәзік қыздар әрқашанда сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер!
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыста табыс тілейміз.Балаларыңыздың шын жүректен жасаған кішкентай сыйлығымыз бар соны сіздерге ұсынамыз.
Балалар сыйлықтарын таратады. Тәрбие.орг сайтынан «Ана-өмір шуағы!» ертеңгілігі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Унаймағамбетова Айсауле Болатқызы

Пікірлер: 0

avatar