аналар асыл жандар

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 327
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20492


Аналар- асыл
қазынам.
Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға әдемі киімдерін киген балалар музыка ырғағымен бірінің артынан бірі кіреді. Екі жаққа бөлініп тұрады.

Мақсаты: Балаларға 8-ші наурыз халықаралық екенін ұғындыра отырып,аналарын ренжітпеуге,қолғанат болуға,әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Құттықтау сөз:
Қымбатты әжелер, аналар,сүйкімді қыздар,апайлар, Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге «Балбөбек» тобының апайлары және бүлдіршіндері атынан мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға қуаныш, табыс тілейміз.
Өздеріңізге арналған «Балбөбек» тобының « Аналар асыл қазынам» ертеңгілігіне хош келдіңіздер!

Тәрбиеші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Шын жүрек ақ көңілмен,
Алғашқы көктемі күлімдеген
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күнімен.

Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі 1- ші наурыз- алғыс айту,
8-ші наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз .
Мерекелеріңіз құтты болсын.

Сіздерге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,
Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз
.
-Балалар бүгін қандай мереке?
-Аналарымыздың мерекесі.-Жарайсыңдар, қыздар мен аналарға байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?-Баланың білегі ауырса,ананың жүрегі ауырады.
-Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
-Қыз қызғалдақ,ұл құлыншақ.
-Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
-Жарайсыңдар балалар.

Бала-бала,бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Айналасына ас қойып
Қолын қатты тигізбей
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім ?
-Балалар: Ана,ана,ана!
Жарайсыңдар.
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз, мейраммен,
Құрметті аналар мен апайлар!

Енді балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.

Шыңғыс: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ақниет: Мені жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Ақұштап: Сіздерден өскен балалар
Сіздерден өскен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар

Көркем: Анам мені айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді.

Балауса: Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Нұржан: Менің әжем мейірман
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.

Әсел: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.

Жәния: Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді.

Ардақ: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым

Әби: Әже деген көпшығар
Әжемдей бірақ жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Айым: Сенен өскен балалар
Батырлар мен аналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

Осы кезде есік қағылады. (көк көйлек киген ару көктем кіріп келеді.)

Көктем: Мен көңілді көктеммін.
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Гүл боп қырда егілемін.
Дән боп жерде себілемін
Шуағын төгіп әлемге
Табиғаттың тіршілігін сыйлаймын.

Тәрбиеші: Амансыңба ару көктем
Ұлан байтақ жерімізге хош келдің
Шуағыңды шаттандырып
Нұрыңды мол төге бер.

Көктем: Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойынның аты«Кім тез гүл тереді».

Тәрбиеші: Әлемде өзгермейтін үш- ақ зат бар.
Ол ананың сүті,күннің нұры, сәбидің күлкісі.Анамен баланың
арасында көзге көрінбейтін теңгесі жоқ тылсым сырлы жіп жалғап тұр.
Сол жіп арқылы баланың көңіліндегі сыры,ана жүрегіне жетеді.
Осынау ана деген үш әріпті сөзде, қаншама ұлы сезім жатыр.Тәрбиешілерімізбен балаларымыз дайындаған «Ең қымбат сыйлық» атты көрінісімізді көріңіздер.

Тәрбиеші: Балалар ойланып отырады. Бүгін аналарымыздың меркесі, қандай сыйлық сыйласақ екен.Кімнен ақыл сұраймыз.(Осы кезде қоян келеді)
Ақ қоян сен неге жүгіріп жүрсің?
Қоян: Мен қасқырдан қашып келемін. Бұл қай жер?

Тәрбиеші: Бұл мектептегі, шағын орталық.

Аналарымызға нені сыйларымызды білмейміз?
Қоян: Мен сәбізді жақсы көремін, Аналар нені жақсы көретінін менде білмеймін.Мен кеттім қасқыр келіп қалар.
Аю: Ух ,шаршадым, аздап демалып алайыншы.
Тәрбиеші: Қайдан келесіз?Біз аналарымызға қандай сыйлық сыйларымызды білмей жатырмыз.
Аю: Мен Машаны іздеп жүрмін.Әркімнің жақсы көретін заты немесе асы болады.Мысалы: мен балды жақсы көремін.Аналардың не жақсы көретінін білмеймін мен асығыспын. Сау болыңдар.
Осы кезде (көңілсіз ана келеді) Сіз кім боласыз келіңіз.
Ана: Мен баламнан адасып қалдым, мұнда келмеді ме?
Тәрбиеші: Жоқ келмеді.Анаға ең қымбат сыйлық не екенін айтыңызшы.Сол (кезде баланың даусы естіледі)
Ана: Мынау менің баламның даусы ғой. Қайдан шығып жатыр. Балама барайын.Қорқып қалған шығар.
Балалар аналарға сендерден артық сыйлық жоқ, сендер бақытты болып жүрсеңдер аналарыңның айтқанын істесеңдер, ең үлкен қымбат сыйлық осы.
Ең үлкен сыйлық сендерсіңдер балаларым,әрқашан бақытты болыңдар.Ана баласымен бақытты,баланың әр қимылы қуаныш.

Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы ананың көз нұры мейірімі тастай мұзды да жібітеді.
Қымбатты аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ән: Әке-ана.

Би: Вальс.Ең соңғы қоңырау.

Ән: Топ-топ балақан.

Би: Көңілді күн.

«Балбөбек» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Аналар балқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға!
Ботам деуден талмаған,
Айналайын ақ анам
Ұзақ өмір сүргейсің,
Тілерім сол Алладан.

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Назерке: Мен гүлдірді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Жүргізуші: Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.

Хор: «Құттықтаймын мама қуанышыңмен!»

Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Ортаға келеді әне толқып тасып
Аруларды сыйлаған апаларым.
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Би: «Гүлдер» Әсемай, Ақжүніс, Қарақат, Іңкар Қ.
Енді кезекті тағы да тақпақтарға берейік. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дегендей армызда әжелерімізде отыр екен, осы әжелерімізге арнап тақпақтар айтайық.

Мадияр: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Өлең айтып береді,
Керек болса бәріңе.

Рамазан: Әже деген- берекесі әр үйдің,
Әже деген- қамқоршысы сәбидің.
Әже деген- алыптардың анасы
Әже деген- қонағы ғой пәнидің.

Т.Іңкар Мен ауылға барамын,
Әжем тілін алмаған
Қонаққа ол кеткенде
Үйді бағып қаламын.

Қ.Іңкар: Әжелерді сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Қарақат: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен, кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Исатай: Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.

Мақсат: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.

Сержан: Аналармен, әжелерді
Мерекемен құттықтаймыз.
Оларға арнап ән салып
Көңілді биді билейміз.

Хор: Ән «Әже»
Жүргізуші:
Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген
Ұлы-Ана ұзақ өмір сүріңіз.

Тағы да тақпақтарды аналарымызға арнаймыз.

Данияр: Мерекеде балалар,
Тақпақты да оқиды
Көңілді әнмен би билеп,
Ойын ойнап көреді.

Әділжан: Ерте тұрып мамам
Мектебіне кетеді
Балаларды оқытып
Кешке шаршап жетеді.

Мереке: Аялаға, анамыз,
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.

Сәкен: Жылағанда жұбатқан,
Барын берген балаға
Мұңайғанда қуантқан,
Жан жете ме анаға.

Бексұлтан: Мейірімді аналар,
Балалар келіп бата алар
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.

Аяулым: Менің мамам мұғалім,
Айтқан сөзді ұғамын
Тыңдап жүрсем ақылын,
Азамат боп шығамын.

Мейрамбек: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам
Қасыңда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Замира: Ана біздің гүліміз,
Ананың біз гүліміз
Балаңды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән «Анашым». Орындаушылар:Қарақат, Іңкар Қ.

Ата-аналарға арналған әзіл-жұмбақтар:
1. Тәтті бірақ жей алмайсың?
2. Суды сүзгімен тасуға бола ма?
3. Теңізден қандай тасты таба алмайсың?
4. Қатты жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашта қонады?
5. Ең жіңішке мықты жіп қандай жіп?
6. Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді?
7. Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың?

Ата-аналардан өлең, би, тақпақ сұрау..
Олар көктемгі сән үлгісімен біздерді қуанқалы тұр.
Ару қыздар-Ай көріп, қылығы- Күн,
Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін
Сезбейсіңдер- керемет, қыз тағдырдың сұлулығын.

Күн шекті ұлығылым.
Бүгін сендер құлпұрған құндыз бәрің
Серпіп алға жалғайтын тік тағдырдың
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры деп аруларымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында.
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріміздің қадамыңызға. –
деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тағы да мейрамдарың құтты б Тәрбие.орг сайтынан аналар асыл жандар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досмырзаева Ақмарал Қиясханқызы

ОҚО Ордабасы ауданы Көкарал жалпы орта мектеп жанынан ашылған "Балбөбек " шағын орталығы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar