Анамыздың шашақты орамалы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 328
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 12/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22588


Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Анамыздың шашақты орамалы.
Мақсаты: Балаларға «Ана», «Орамал» туралы түсінік беру арқылы
Тақырыпты түсіндіру балаларды үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетуге,ананы құрметтеп сыйлауға тәрбиелеу. Орамалды жапсыруда ұқыпты таза жұмыс жасауға үйрету.Саусақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Өз ойларын жеткізе білу. Балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер қолданылатын: суреттер, үлестірілмелі құралдар,үнтаспа.
Оқу қызмет барысы:
Әуенмен балалар кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң бақшамыз.
Жарайсыңдар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай айы?
-Жарайсыңдар балалар,ендеше жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын өткен сабағымыздың тақырыбы қандай болатын.
Балалар төрт мезгілге байланысты адамдар қалың, жұқа киім киеді.
Қазір қыс мезгілі болғандықтан қалай киінеміз.
Дұрыс айтасыңдар, қалың киінеміз,қолымызға қолғап,басымызға бас киім киеміз.
Өткен такырыбымызды есімізге тусіріп алайық. «Мамандықтармен таныстық.» Ал,мамандықтарды еске түсірейікші.
- Балалар қандай мамандықтарды білесіңдер?
-Шаштараз, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, құрылысшы және т б.
-Жарайсыңдар балалар ендеше жаңа оқу қызметімізді бастаймыз. Оқу қызметімізде жаңа тақырып «Анамыздың шашақты орамалы» деп аталады.
Тақтада әртүрлі орамалдардың суреті ілініп тұрады.
Аналарымыз әрдайым орамалмен жүрген,Орамал тағу тазалықтың белгісі.Орамал әр түрлі болады,үлкен ,кіші ,шашақты ,шашақсыз болады.Мынау кімнің суреті. (Әженің суретін көрсету) Бұл Әже мен баланың суреті.
Ендеше «Киімдерін ажырат» дидактикалық ойынын ойнайық.
Жарайсыңдар.
-Ал енді айтайық әжеміз қандай?
-Сұлу
-мейірімді,
-нәзік,

Анамыз бізге не береді?
-Бізге қамқор болады.
-Сүт береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық,бірақ күн емес
Өзі нәзік ,гүл емес
Және сүйкімді,қоян емес,
Сүт береді,сиыр емес.
Бұл кім екен балалар? Әже әже....
Жарайсыңдар балалар.
Ендеше,балалар,бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.
Сергіту сәті.
Нұрын төккен маған,
Шуағымсың сен.
Айналайын мама,
Қуанышың мен
Қуанышыңмен.
Шаттандырған мені,
Жұбанышым сен.
Құттықтаймын сені,
Туған күніңмен.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля.
Жарайсыңдар балалар. Ғажайып сәт.
Балтабектің ажесі көңілсіз кіреді.
Сәлеметсізбе, әже сіз неге көңілсізсіз, Балтабек анасымен бірге Алматыға кетті.Мен оны сағынып жүрмін.Оны сағынып,тобына келдім. Тәрбиеші:-Сіз мұңаймаңыз сіздің көңіліңізді көтерейік.
Аже ендеше сіге арнап тақпақ айқылары келіп отыр.Кім әже туралы тақпақ біледі екен.
Ендеше балалар біз былай жасайық,Балтабектің Ажесіне біздің қолымыздан барлығы келетінін және ақылды,білімді екенімізді дәлелдейік.біз сыйлықты сатып алмаймыз.Өз қолымызбен жасаймыз.келістік пе балалар.
Әдемілеп Ажеге арнап орамалды жапсырып,сыйға тартайық.
Балалар әженің орамалын жапсырады.
Қортындылау.
-Балалар бүгін біз қандай тақырыпта әңгіме қозғадық.
-Балалар бізге қонаққа кім келді.
-Балалар үлкендерге әжелерге нестеуміз қажет.
-балтабектің ажесіне арнап ненің суретін жапсырдық.
-Әжеміздің шашақты орамалын жапсырдық. Тәрбие.орг сайтынан Анамыздың шашақты орамалы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспангалиева Маншук Кайргазиевна

Пікірлер: 0

avatar